214
Бірыңғай әрекетте адам күйіне орай факторлар әсер етіп, қимыл-әрекет орындалады.
Түшкіру әрекеті – адами құбылыс. Айқаулау сыртқы орта әсер еткен жағдайда орын алады.
Қайталанатын әрекеттер: сатып алу (кітап, тамақ, киім т. б. заттар); қайнату (шәй қайнату,
тосап қайнату), беру (сыйлық беру, уәде беру), орнату (бағдарлама орнату, жаңа үйдің
блоктарын орнату), сүрту (қол сүрту, шаң сүрту, дастарқан сүрту).
Қайталанатын әрекетте адам қанағаттандыру сезімін тудыру, белгілі бір іс-әрекетті
орындауды мақсат тұтып жасайды.
2) ұзақтық дәрежесі бойынша әрекет.
Ұзақ мерзімді әрекет:өмір сүру, күту, ұйықтау, армандау, серуендеу, сөйлесу.
Қысқа мерзімді әрекет: жарқылдау,
3) қарқындылық дәрежесіне сәйкес, әрекет қалыпты болуы мүмкін.
Қарқынды әрекеттер: жүгіру, тамақтану, биікке көтерілу, жүзу, сүйсіну, айқайлау;
ұйықтау, жылау;
Сарқылған әрекет (қарқыны аз): аңсау, шаршау, тербелу, толқу.
Аспектуалдық мағыналар сөйлеушінің іс-әрекеттің уақыт бойынша ағымы мен таралуы
тұрғысынан, бірақ сөйлеу сәтін ескермей, әрекетке берген бағасын көрсетеді.
Етістік – іс-әрекетке итермелеуші сөз табы. Сөз экологиясын зерттеу барысында тілдегі
етістіктердің азайғанын айтуға болады.
Етістіктерді қимыл етістіктері, күйді бідіретін етістіктер деп шартты түрде екі топқа
жіктейміз. Күй етістіктері қимыл етістіктеріне қарағанда аз. Ол жағдаятқа тәуелді. Біз күйге
қарағанда әрекет етуді басқы назарда ұстаймыз.
Қимыл етістіктері: серуендеу, тамақ пісіру, керілу, созылу, жүгіру, секіру, оқыту.
Күй етістіктері: жылау, күлу, күйзелу, ыстықтау, тоңу, қорқу, шыдау, төзу, жақсы көру.
Күй етістіктері сыртқы ортаның әсерінен туындайды.
Адам – қоғам өкілі. Оның іс-әрекеті осы қоғамға қатысты жасалады. Әлеуметтік
лингвистика тұрғысынан алып қарағанда осы адам іс-әрекетінің қоғаммен байланысын
анықтай отыра анализ жасаймыз. Адамның күнделікті жұмыс істеуі, жұмысқа баруы, қайтуы,
сабақ оқуы, жазуы, сөйлеуі осы секілді қимыл процестері қайталану сипатын алады.
Когнитивті лингвистикада аспектуалдықтың танымдық негіздерін сараптаймыз.
Танымдық негіздерге сәйкес тұрақты тіркестердің жасалуында өзіндік ерекшелік бар.
-Ат ізін салмау – хабарласпау
-Ат ізін суытпау – жиі келіп тұру.
Қазақ халқы жылқыны қасиет тұтуыңа байланысты, шаруашылығы осы жылқы малымен
қатысты болғандықтан «ат» сөзін қатыстырып тіркестер құраған.
«Ат ізін салмау» – келмей кету, сол үйге бармай қалу, хабарсыз қалу мәнін айқындайды.
Қайталанып келетін әрекет қайталанбайтын процеске ауысады. «Ат ізін суытпау» тұрақты
тіркесі «ат ізін салмау» тіркесіне қарама-қарсы мағынада жұмсалады. Бұл қимыл-әрекеттің
үзіліссіздігін көрсетеді.
-өліп ұйықтау. Бұл тіркесті басқа тілге аударсақ, мағынасы өзгеріске түседі. Бұл күйдің
ұзаққа созылуын танытады.
«Ұйқы – кіші өлім» ретінде ислам дінінде айтылған. Осыған қарай, «өліп ұйықтау» тіркесі
адамның ештеңені сезбей, қатты ұйықтау процесіне байланысты жасалған.
Қазақ танымының қайнар көзі ауызша әдебиетінен аңғарылады.
Сонда сұлу Қыз Құртқа
Достарыңызбен бөлісу: