261
дискурсы ұсынылады. Сонымен қатар, профессор Тер-Минасованың «Война и мир языков и
культур» кітабында келтірілген ғылыми деректер (мәліметтер) қарым-қатынастың 7%-ы тілдік
құралдардан, 38%-ы сөздің фонетикалық рәсімделуінен, 55%-ы тілдік емес құралдардан
жинақталатынын дәлелдейді.
Сонымен сөзбен тек қарым-қатынастың 7%-ы ғана жүзеге асырылады, ал 93%-ы біздің
мәліметті қалай жеткізуімізде жатыр. Қарым-қатынастың бейвербал түрінің ерекшелігі оқу
әдебиеттерінде ешқандай сипатқа ие болмаған [3, 286].
Тіл үйренушілердің назарын коммуникация барысында сөздердің қолданысына ерекше
мән беруін үйрету қажет. Себебі түрлі мәдениет өкілдерінің сөйлеу нормалары мен этикеті
бір-біріне ұқсамайды. Мысалы, бір нәрсеге келіспеушілікті, үзілді-кесілді қарсы болуды орыс
ұлты өкілдері «Нет, я не согласен» деп берсе, ағылшындар «Yes, that’s rather an attractive idea,
but…. .» деп білдіреді, ал қазақтар «келіспеймін, келісе алмаймын» деп жеткізеді.
Сондай-ақ грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастырылған тіркес «What do you want?»
ағылшындар үшін жағымды реңкте айтылмайды, оның орнына «What would you like?» немесе
«Can I help you?» тіркестерін қолданған жөн.
Оқытудың тағы бір аспектісі сөйлеу әрекетінің мазмұнын құрайтын тематика.
Британдықтар тематикасында ауа-райы мен денсаулық жөнінде әңгімелесу үнемі өзекті.
Десекте, тәжірибе көрсетіп отырғандай мектепте де, жоғары оқу орнында да қарым-
қатынастың басты формасы «Шетел тілі» сабағы аясында ғана оқытылады, тілден тыс
мазмұнға жеткілікті көңіл бөлінбейді.
Шет тілін оқытуда лингвомәдени тәсілді тиімді жүзеге асыру үшін сөйлеу бірліктерін
енгізуде, оны сөйлеу жағдаятпен ажырамас бірлікте болатын вербалды қарым-қатынас,
бейвербал қарым-қатынас, узус-пен бір жиынтықта қатар қолдану керек.
Мысалы: Кездескенде айтылатын «How are you?» – I’m fine, thanks. And how are you? – Very
well, thank you» – фразасын үйреткенде оқытушы оқушының назарын:
– фонетикалық рәсімделуіне, фраза әуеніне;
– лексикалық рәсімделу ерекшелігіне (жауапта «fine» сөзін қайталауға болмайтынын);
– өз көңіл-күйін білдіруде шағым айтпайтын британдық коммуникацияның ерекшелігіне;
– сөйлесіп тұрғанда арақашықтықты сақтау керек екендігіне аудару керек.
Бұл мақсатқа жету үшін оқу үдерісін мәдениетаралық қарым-қатынас ортасын құратын
аутентті материалдар негізінде әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.
Оқушыларды шынайы ағылшын тілді ортаға тарту жолдарының бірі ағылшын тілді елдердің
сөз қолдану ерекшелігін мүмкіндік туғызатын ағылшын-ағылшын сөздігі материалдарын
пайдалану болып табылады: «ethos»-fundamental principles, «to be ahead of» -to be better than,
«hothousing» -to intensely educate young children(as a plant in a hothouse gets intense heat), «to
lessen – to diminish», «to tap-to hit the finger», «well of – rich», «toddler» – a child aged
approximately 18 months-3 years)[4, 162].
Мультимедия технологиясын қолдану сөйлеу жағдаяттарын модельдеу, шынайы қарым-
қатынасты ұйымдастыру, вербал және бейвербал қарым-қатынас түрлерінің ұлттық
ерекшеліктерін визуалды демонстрация арқылы елтану білімін оқу үдерісімен интеграциялау
мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Интернет қолжетімділігі аутентті мәтіндік, дыбыстық
ақпаратпен бейнеақпаратты қолдануға мүмкіндік береді. Өзін қоршаған әлем мен адамды
білуге және түсінуге жол ашатын e’mail жобалар бар [5, 512].
Интерактивті қарым-қатынас жүйесінде электронды поштамен жеке хат алмасу,
адресатпен шынайы диалог жүргізуге, өз ойыңды дәл, анық жеткізуге, алған ақпаратты
қабылдауға және бастапқы мәліметті түзету мақсатында қосымша ақпарат сұрауға керемет
мүмкіндік береді.
Осылайша, шет тілін оқытудағы лингвомәдени контекст ана тілі мен үйретілетін тілдегі
сөйлеу бірліктері мен таңбаларының вербал және бейвербал рәсімделуін айырып көрсетуге
мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: