Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет119/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   184
ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІНІҢ СТАТИСТИКАСЫ


8.1 Халықтың тұрмыс деңгейі туралы түсінік жəне оның статистикалық көрсеткіштері
Халықтың тұрмыс деңгейі статистикалық зерттеудің негізгі объектісі болып саналады. Себебі, тұрмыс деңгейі əлеуметтік- экономикалық статистиканың керекті көрсеткіші ретінде адам- дардың тауарлар мен қызметтерге деген əртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру дəрежесін сипаттайтын көрсеткіштері болып та- былады.

«Тұрмыс деңгейі» деген өте күрделі жəне бұл туралы ға- лым-экономистер арасында көптеген пікір-талас туғызуда, яғни белгілі бір мəнді анықтамаға келе алмауы. Дегенмен, табиғи түр- де тұрмыс деңгейі дегеніміз халықтың тұрмыстық əл-ауқатын, адамдардың материалдық, мəдени, əлеуметтік игіліктердің жəне қызметтерін нақты қажеттіліктері бойынша қанағаттандыру мүм- кіндіктерін қамтамасыз ететін əлеуметтік-экономикалық жағ- дайларды айтады».

Тұрмыс деңгейі ұғымының негізгі жүйесіне тұтыну саласын- да пайда болатын жəне іске асырылатын əртүрлі адами қажетті- ліктер жатады. Мұнда бір ғана қорытындылаушы көрсеткішін қолдануға болмайды жəне онда көп жақты сипаттамалаудың кеңістікте кездесетіндігі айқындайды. Демек, тұрмыс деңгейін өлшеу серпінінде көптеген көрсеткіштердің қолданылуын қа- жет етеді жəне қазіргі уақытта əлеуметтік-экономикалық көрсет- кіштерді жинау үшін төменде берілген бірнеше негізгі блоктарға бөлінеді:

  • халықтың табыстар көрсеткіштері;

  • халықтың шығыстары жəне материалдық, тұрмыстық тұ- тынуы мен қызметтер көрсету көрсеткіштері;

  • халықтың ақшалай салымдары;

  • халықтың жинақталған мүліктері мен тұрғын үймен қам- тамасыздандыру көрсеткіштері;

  • халықтың кедейлік көрсеткіштері;

  • халықтың тұрмыс деңгейін бағалау көрсеткіштері.

Тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің жалпы жүйесінде халықтың табыстары ерекше орын алады жəне сол арқылы халықаралық салыстырудың, экономикамыздың дамуын, үй шаруашылығының жағдайын жалпы сипаттау үшін қолданылады. Ол үшін тұрмыс деңгейінің интегралды көрсеткіштері пайдаланылады жəне олар- ды бірнеше топқа бөлуге болады, яғни макроэкономикалық, де- мографиялық, халықтың экономикалық белсенділігі, халықтың зейнетақымен қамсыздандырылуы жəне əлеуметтік төлемдері, денсаулық сақтау жəне білім беру жағдайы жəне тағы басқалай көрсеткіштер енгізілген. Осыған орай төменде əрбір топтың нені зерттейтіндігін қысқаша қарастырамыз:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет