Сонымен, белгілі бір тіндерге табалдырықты тітіркендіру күшімен әсер
еткенде, жасуша мембранасының (сыртқы және ішкі беттеріне қарай)
иондарға (Na+, K+, Ca
2+
, CI
-
және т.б.) өткізгіштігі өзгеру нәтижесінде пайда
болатын және сөнбей таралатын қозуды –
әрекет потенциалы деп атайды.
ӘП ролі: жүйке жасушулары арасында, жүйке орталықтарында және
жүмысшы мүшелер арасында жүйкелік сигналдарды беруді (өткізуді)
қамтамасыз ету; бұлшыұқеттердегі электромеханикалық ілескен удерісті
қамтамасыз ету. ӘП пішіні - суретте көрсетілген.
ӘП –ның параметрлері әр түрлі болады: -80 -130 мВ; жүйке
талшығындағы ӘП ұзақтығы 1 – 2 мс, қаңқа еті талшықтарында -10 мс дейін,
ал жүрек етінде – шамамен 300 мс болады. ӘП-ның амплитудасы
тітіркендіру күшіне тәулсіз, ол әрдайым белгілі жасуша үшін нақты бір
жағдайда ең жоғары (максималды) деңгейде болады: ӘП «түгел және түк
емес» заңына тәуелді, ал күш заңына тәуелсіз болады. Егер тітіркендіру күші
аз болса, ӘП-ы пайда болмайды, ал тітіркендіру күші табалдырықты немесе
одан жоғары болғанда, ӘП-ы жоғары (максималды) шамаға жетеді.
ӘП-ның құрамбөліктері немесе кезеңдері:
1) жергілікті жауап (потенциал);
2) жоғары вольтті шыңдық (спайк) потенциал: а) деполяризация;
б) реполяризация;
3) іздік потенциалдар: а) теріс іздік потенциал; б) оң іздік потенциал.
Достарыңызбен бөлісу: