Таратушы бөлімі
Аксон – дендриттермен жиналған және нейронда өңделген ақпаратты
өткізуге бейімделген цитоплазманың өсіндісі. Аксонның сырты миелинді
қабықпен қапталған, оның тармақталған ұштарында митохондрий және
секреторлық құрылым болады.
Нейрондар қызметі:
1) жүйкелік серпіндерді (импульстерді) тарату;
2) ақпаратты қабылдау, сақтау және өткізу (беру);
3) қоздырушы және тежеуші сигналдарды жинақтау қабілеті (үйлестіру)
Нейрондар түрлері:
1) орналасуы бойынша:
а) орталықтық (бас миы мен жұлын);
б) шеткергі ( милық түйіндер, бас жүйкелері)
2) атқаратын қызметіне байланысты:
а) афференттік (сезгіш) – қабылдағышта туған қозуды орталыққа жеткізеді;
б) қондырғы (аралық) – сезімтал нейрондардан шыққан ақпаратты
(серпіністерді) қозғалтқыш нейрондарға жеткізеді;
в) эфференттік (қозғалтқыш) – жүйке серпіністерін орталықтан шеткі
ағзаларға апарады. Жұлынның алдыңғы ашасында қозғалтқыш, ал бүйір
ашасында сөліністік (секреторлық) нейрондар орналасады.
3) әсер етуіне байланысты:
а) қоздырушы;
б) тежеуші.
4) медиаторлар табиғатына және биохимиялық ерекшеліктеріне байланысты:
а) холинергиялық;
б) адренергиялық;
в) гистаминергиялық;
г) дофаминергиялық және т.б.
5) нейрон қабылдайтын тітіркендірудің сапасына байланысты:
а) мономодальді (жеке);
б) полимодальді (көп).
Достарыңызбен бөлісу: