Республики казахстан



Pdf көрінісі
бет22/38
Дата06.03.2017
өлшемі3,87 Mb.
#7742
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38

 
Ихласова Ж.М. − аға оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
E-mail: Ihlasova_zhanar@mail.ru 
Джангазиева Б.Ж. − аға оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
E-mail: b4658866@yandex.ru 
 
ОҚУШЫЛАРДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ 
МӘДЕНИЕТТІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ 
 
Аннотация.  Мақалада  оқушыларды  экологиялық  сауаттылыққа  және 
мәдениеттілікке 
тәрбиелеудің 
педагогикалық 
негіздері 
туралы 
айтылған. 
Экологиялық  мәдениет,  экологиялық  білім  беру  және  экологиялық  көзқарасты 
қалыптастыру принциптері берілген.  Оқушыларды экологиялық сауаттылыққа және 
мәдениеттілікке  тәрбиелеу  бағытындағы  эксперименттік-бақылау  жұмысының 
нәтижесі көрсетілген. 
Кілт  сөздер:  экологиялық  мәдениет,  экологиялық  білім,  экологиялық  мінез-
құлық,  экологиялық  тәрбие,  экологиялық  сана,  экологиялық  сенім,  экологиялық 
қарым-қатынас, экологиялық іс-әрекет. 
 
Табиғат  әлемі  адамдардың  тіршілік  ету  ортасы.  Ал,  адамдар  табиғатсыз  өмір 
сүре алмайды. Соңғы кезде жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың 
құрамының  өзгеруі  жайлы  жиі  айтылып  жүр.  Өндіріс  орындарынан  шығатын 
қалдықтар, улы газдар сүзгіден дұрыс өткізілместен ауаға таралып, нәтижесінде өкпе, 
жүрек, қатерлі ісік т.б. аурулар санының артуына әкеледі. 
Қоғамның  қазіргі  талабы-әрбір  адамның  экологиялық  сауатты,  мәдениетті 
болуы.  Осы  тұста  білім  саласының  барлық  буынына  экологиялық  мазмұнның  өз 
деңгейінде  берілуі  қажет.  Қажеттілік  оқушылардың  экологиялық  сауатты  болу 
мәселесін  шешуді  төменнен  жоғарыға  қарай  жүргізілуін  және  оқу-тәрбие  процесі 
барысында барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдаланумен байланысты. Сонда бесіктен 
бастап,  ата-анаға  дейін  экологиялық  тәрбие,  мәдениет  дағдысын  қалыптастыру 
қажеттілігі туындайды.
 
Бүгінде  жалпы  орта  білім  беретін  мектептерге  арналып  шығарылып  жатқан 
жаңа  оқулықтарда  экологиялық  түсініктер  кеңінен  берілген.  Кез–келген  пәнді 
оқытуда,  ондағы  тақырып  материалдарының  мәтінінің  мазмұнын  баяндағанда, 
түсіндіргенде  оған  табиғатты  қорғау  және  көркейту  шараларын  үйретуді  көздейтін, 
табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын, яғни оқушыға экологиялық білім 
бере  отырып,  экологиялық  мәдениетін  орнықтырудың  мүмкіндіктерін  арттыратын 
педагогикалық  іс-әрекеттер  қажет.  Осы  қажеттілік  қанағаттандырылса  ғана  тұлғада 
экологиялық  сауаттылықты  қалыптастыру  үрдісінің  алғашқы  сатысы  жүзеге 
асырылады. Мектеп қабырғасында жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің мақсаты 
–  экологиялық  білім  мен  білікті  қалыптастыру  ғана  емес,  тұлғаның  дүниетанымын 
дамытып жан-жақты экологиялық сауатты, мәдениетті етіп тәрбиелеу. 
Адам  мен  табиғаттың  өзара  қарым-қатынасының  адамгершілік  аспектісін 
ашуда,  ақыл-ой  мен  сезімін  тәрбиелеуде,  сананы  қалыптастыруда  адамның 
экологиялық  мәдениетті,  сауатты  болуы  тиіс.  "Мәдениет  экологиясы"  терминін  ең 
алғаш рет академик Д.С. Лихачев 1980 жылы ұсынды [1, 22 б.].
 
Экологиялық  мәдениет  -  әлеуметтік  табиғи  түзілім,  оның  құрылымы  бір-
бірімен  өзара  тығыз  байланысты  бөліктерден  тұрады:  экологиялық  білім, 
экологиялық  мінез-құлық,  экологиялық  тәрбие,  экологиялық  сана,  экологиялық 
сенім,  экологиялық  мәдениет,  экологиялық  қарым-қатынас,  экологиялық  іс-әрекет  
[1, 27 б.].
 
Оқу-тәрбие  процесінде  оқушыларды 
экологиялық  сауаттылыққа  және 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
172 
мәдениеттілікке  тәрбиелеу  педагогика  ғылымының  басты  бағыты.  Бүгінгі  таңда 
оқушылардың  экологиялық  мәдениеттілікке  тәрбиелеу  мемлекеттік  деңгейге 
көтерудің  қажеттілігі  туындап  отыр.  Экологиялық  білім  бере  отырып,  оқушыларды 
экологиялық  сауаттылыққа  және  мәдениеттілікке  тәрбиелеу  дегеніміз  -  адамзат 
қауымының,  қоғамның,  табиғаттың  және  қоршаған  ортаның  үйлесімділігін  оны 
тиімді пайдаланудың жолдарын халыққа ұғындыру. 
Табиғатқа  деген  сүйіспеншілік  және  оны  көзінің  қарашығындай  сақтап  келуі 
жайында қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық дана ұғымдар, мақал-мәтелдер, нақыл 
сөз,  аңыз  әңгімелер  кеңінен  таралған.  Сондықтан  әрбір  ұстаз,  тәрбиеші  оқу-тәрбие 
процесінде,  өзінің  күнделікті  жұмысында  педогогиканың  бұл  бағыттарына  көңіл 
бөліп, тиімді пайдалана білуі тиіс. 
Оқу-тәрбие  процесінде  оқушылардың  экологиялық  сауаттылығы  мен 
мәдениеттілігін  тәрбиелеуде  қоршаған  ортаның  әлеуеті  зор  екенін,  оның  жеке 
тұлғаны  барлық  жағынан  дамытуға,  денсаулығын  нығайтуға,  ақыл-ойын, 
адамгершілігін,  еңбек  сүйгіштігін,  әсемдікті  сезінуін  жетілдіруге  ықпал  ететінін 
жақсы  білеміз.  Біздер  табиғатпен  үйлесімдікте  өмір  сүруміз  керек.  Аталған 
проблеманың  өзектілігі  әлі  де  болса  ғылыми-теориялық  және  әдістемелік  жағынан 
толық қарастырылмауы, зерттеу жұмыстарының аздығы [2, 4 б.]. 
Сондықтанда  жалпы  орта  білім  беретін  мектеп  оқушыларын  экологиялық 
сауаттылыққа және мәдениеттілікке тәрбиелеу бүгінгі күн талабына сай өзекті мәселе 
болып отыр. 
Зерттеу  жұмысының  мақсаты:  оқушылардың  экологиялық  көзқарасын, 
санасын  және  табиғи  ресурстарды  тиімді  пайдалану  барысында  табиғатты  қорғай 
алатын,  аялай  білетін,  адамгершілігі  мол,  ізгілікті,  экологиялық  сауатты  және 
мәдениетті  ұрпақтың  дамуын  қамтамасыз  етіп,  жеке  тұлғаның  экологиялық 
сауаттылығын анықтау. 
Осы бағытта орындалатын негізгі міндеттер: 
1.  Жалпы  орта  білім  беретін  мектеп  оқушыларын  экологиялық  сауаттылыққа 
және мәдениеттілікке тәрбиелеудің теориялық негізін қалыптастыру. 
2.  Оқушылардың  экололгиялық  сауаттылығы  мен  мәдениеттілік  деңгейін 
анықтау. 
3.  Оқушыларды  экологиялық  сауаттылыққа  және  мәдениеттілікке  тәрбиелеу 
бағытындағы эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру. 
4.  Биология  сабағында  оқушылардың  экологиялық  сауаттылығы  мен 
мәдениеттілігін арттыру жолдарын анықтау. 
5.  Сыныптан  тыс  жұмыстарда  оқушылардың  экологиялық  сауаттылығы  мен 
мәдениеттілігін арттыру жолдарын ұсыну. 
Жүргізілген зерттеу әдістері:  
- экологиялық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық тұрғыдан талдау жасау; 
-  оқушылардың  экологиялық  білімін  анықтайтын  сауалнамалар,  тест 
тапсырмаларын дайындау; 
- экологиялық мазмұндағы тапсырмалар жүйесін жасау; 
-  тәжірибелік-эксперимент  жұмысын  ұйымдастыру  және  нәтижесін  бағалау, 
қорытындылау. 
Оқушыларды  экологиялық  сауаттылыққа  және  мәдениеттілікке  тәрбиелеуде 
мектептік  биология  пәнінің  зор  мүмкіндігі  бар,  себебі  ол  ғаламшардағы  сирек 
тіршілік  құбылыстарының  заңдылықтарын  түсіндіріп  қана  қоймай  табиғатты 
қорғауға шақырады. Қазіргі кезде қалыптасқан мектептегі және мектептен тыс білім 
беру  жүйесінде  экологиялық  мәдениетті  дамыту  бағытында  жасалынуы  керек 
шаралар аз қамтылған 
 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
173 
Экологиялық мәдениетті жүзеге асыруда білім беру аспектілерімен қатар оның 
негізгі  дидактикалық  ұстанымында  білу  қажет.  Олардың  негізіне  оқушылардың 
экологиялық көзқарасын қалыптастыру принциптері жатады [3, 56 б.].
 
Ғылымилық  принципі  -  негізінен,  оқушыларға  білім  беруде  фактілер, 
құбылыстар  мен  процестер,  адамның  табиғатқа  әсері,  табиғат  қорғау  жұмыстары 
және  экологиялық  апаттылық  жағдайлардың  нәтижелері  ғылыми  тұрғыда 
дәлелденген материалдар негізінде берілуі және пайдалануы тиіс. 
Байланыстылық принципі – негізінен табиғатты тірі және өлі табиғат пен орта 
(топырақ,  ауа,  су,  өсімдіктер  мен  жануарлар)  арасында  тығыз  байланыстың  бар 
екенін ұғындыру.  
Қызығушылық принципі – оқушылардың бойында еліміздің қайталанбас сұлу 
табиғатына  деген  қызығушылық  сезімін  оятып,  туған  өлкесін  оның  табиғи 
байлықтарын суюге, аялауға тәрбиелеу керек. 
Үздіксіздік  принципі  –  оқушылардың  білім  қорын  балабақшадағы  сәбилік 
кезінен  бастап,  бастауыш  сынып,  одан  жоғары  сыныптарға  көтерілу  деңгейлеріне 
үйлестіре отырып дамыту қажет. 
Интеграциялау  принципі  –  экологиялық  білім  беруде  жаратылыстану  пәндері 
(география, биология, физика, математика, т.б.) мен гуманитарлық пәндер (әдебиет, 
тарих,  қоғамтану,  т.б.)  арқылы  оқушыларға  берілетін  білім  негіздерін  жеке  адам 
деңгейінен қоғамдық деңгейге көтеру. 
Көрнекілік  принципі  –  оқушыларға  экологиялық  білім  беруде  оқу  процесінде 
көрнекі  құралдар,  диафильмдер,  киносюжеттер,  кеппешөптер,  коллекциялар, 
бейнекөріністер, биоиндикаторлар пайдалану. 
Қабылдаушылық  принципі  –  нтегізінен  мұғалімнің  экология  ғылымының 
мазмұнын  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  қарай  жоспарлауы,  экологиялық 
терминдердің түсініктілігін, ұғымдар мен заңдарды қабылдау мүмкіндіктерін ескере 
отырып  анық әрі түсінікті тілмен беру. 
Өлкелік  принципі  –  экологиялық  білім  беруде  тұрмыстық  салт-дәстүрлерді, 
қала  немесе  ауылдық  жерлерде  тұру  жағдайларын  ескеру  қажет.  Мүмкіндігінше 
жергілікті,  аймақтық  мәселелерді  көтеру  оған  оқушылардың  араласуын,  туған 
өлкесіне деген патриоттық сезімін ояту керек. 
Оқушыларды  экологиялық  сауаттылыққа  және  мәдениеттілікке  тәрбиелеуде 
биология  пәнінен  экологиялық  мазмұнындағы  сабақтар  және  сыныптан  тыс 
жұмыстар жүргізілді. 
Педагогикалық  экспериментті  жүргізу  үшін  мектепті  таңдау  кезінде  мынадай 
критериялар ұстанымға алынады: 
-  бақылау  және  эксперименттік  сыныптардағы  оқушылардың  білім  деңгейінің 
бірдейлігі; 
- мұғалімнің педагогикалық шеберлігі; 
- мектептің материалдық базасының жеткілікті болуы; 
-  бақылаушы  және  эксперименттік  сыныптарда  сабақ  беру  мүмкіндігінше  бір 
мұғалімге берілуі [4, 54 б.].
 
Эксперименттік  зерттеу  бойынша  оқушылардың  экологиялық  сауаттылығы 
және мәдениеттілігі үш деңгейде сарапталды.
 
Жоғары деңгей: биология пәні бойынша теориялық білімдерді жетік, білімдері 
оқу  бағдарламаларына  сай,  экология  бойынша  білімі  жүйелі,  теориялық  деңгейдегі 
экологиялық  білімдерге  және  оларды  игерудегі  шығармашылық  іс-әрекетке  деген 
қызығушылық көрінеді, туған жерінің сұлулығына тамсануы, табиғаттан эстетикалық 
ләззат алу, сезіну, аялай білу қасиеті бар, қоршаған ортаны қорғау саласында ізденіс 
жұмыстарына дағдыланған. 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
174 
Орташа деңгей: биология пәні бойынша білімдері оқу бағдарламаларына толық 
сәйкеспеген,  экологиялық  білімдері  үстірт,  жергілікті  туған  жер  табиғатының 
сұлулығына  деген  қызығушылығы  орташа;  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы 
ізденіс жұмыстарын орындау бойынша дағдыларды толық игермеген. 
Төменгі  деңгей:  биология  пәні  бойынша  білімдері  қанағаттанарлықсыз, 
экология  туралы  түсінік  қалыптаспаған,  туған  жерінің  табиғатына  тамсанбайды, 
сезінбейді, аяламайды; қоршаған ортаны қорғау саласында белсенділік танытпайды, 
экологиялық іс әрекетке өзінің қатысуын міндетті деп санамайды [5, 62 б.]. 
Оқушылардың  экологиялық  сауаттылық  және  мәдениеттілік  деңгейі,  оларды 
қажетті  жерде  пайдалана  білу  дағдыларын  анықтау,  экспериментті  бастамастан 
бұрын  экологиялық  мазмұндағы  тест  тапсырмасы  арқылы  тексерілді.  Тест 
тапсырмасы нәтижесінің көрсеткіші оқушылардың экологиялық білімі жүйеленбеген, 
биологиялық  заңдылықтар  мен  құбылыстардың  мәнін  жеткілікті  дәрежеде 
түсінбейтіні,  тест  сұрақтарының  жауабын  ойланбай  таңдай  салу  жағдайлары 
анықталды. 
Оқушыларды  экологиялық  сауаттылыққа  және  мәдениеттілікке  тәрбиелеу 
бағытында 
және 
жоғарыдағы 
кемшіліктерді 
жоюға 
бағытталған  оқыту 
экспериментіне  тақырыптар,  экологиялық  мазмұнда  сабақ  конспектісінің 
жоспарлары дайындалып өткізілді. 
Бастапқы  жүргізілген  жұмыс  нәтижелерін  эксперименттік  және  бақылау 
топтары бойынша салыстырылып, диаграмма (1-сурет) құрылды. 
 
 
1-сурет. Диагностика нәтижесі 
Екі  топ  бойынша  бастапқы  көрсеткіште  (1-сурет)  көп  өзгеріс  болған  жоқ. 
Оқушылардың  экологиялық  мәдениеті  төмен,  биология  пәні  бойынша  білімдері 
қанағаттанарлықсыз,  экология  туралы  түсінік  толық  қалыптаспаған,  туған  жерінің 
табиғатына тамсанбайды, сезінбейді, аяламайды, қоршаған ортаны қорғау саласында 
белсенділік  танытпайды,  экологиялық  іс  әрекетке  өзінің  қатысуын  міндетті  деп 
санамайтыны байқалды. 
Көрсетілген 
сыныптардағы 
айқындау 
эксперименттің 
нәтижелері 
экспериментальдық  оқытуға  дейін,  бақылау  және  эксперименттік  сыныптардағы 
оқушылардың  білім  деңгейі  бір-бірімен  шамалас  екенін  көруге  болады,  яғни 
үлгірімдердің орташаланған айырымы өте бір елеулі емес. 
Сыныптан  тыс  жұмыстар  өз  өлкесінің  экологиялық  жағдайы,  қоршаған  орта, 
дүние  туралы  ғылыми  білім  мен  тұжырымдамаларды,  құбылыстарды  сипаттады. 
Сыныптан  тыс  жұмыстар  оқушылардың  жан-жақты  ойлауы  мен  іскерлігін  арттыру 
бағытында  жүргізілетін  педагогикалық  білім,  оқушылардың  экологиялық 
сауаттылығы мен мәдениеттілігін қалыптастыруда басты орын алатын жұмыстардың 
рөлінің  артуына  бірнеше  жағдайлар  әсер  етеді.  Сыныптан  тыс  жұмыстарда 
оқушылардың экологиялық сауаттылығын анықтау мақсатында, сауалнама (1-кесте) 
жүргізілді [6, 63 б.].
ааапп 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
175 
1-кесте  
Сауалнама сұрақтары мен нәтижесі (% есебімен) 
 
Сауалнама сұрақтары 
Жауаптар (бала саны 26) 
ия 
жоқ 
басқа да 
жауап 
1.Табиғат, табиғатты  аялау, қорғау қажет деп 
ойлайсың ба? 
2,6 
36,5 
60,9 
2.Табиғат, табиғат көріністері туралы  кітаптарды 
оқыдың ба? 
24,8 
17,2 
58 
3. Жануарларды, өсімдіктерді күтіп баптауға 
жауапкершілікті болған кездерің болды ма? 
16,9 
36,1 
47 
4.Натуралистік – экологиялық үйірмеге қатыстың ба? 
3,1 
71,6 
25,3 
5.Табиғат суреттерін тамашалайсың ба? 
48,8 
2,7 
48,5 
6. «Бір тал шыбық сындырсаң, он тал егуің керек» деп 
ойлайсың ба? 
14,4 
12,6 
73 
7.Табиғатқа зиян келтірген кезің болды ма? 
3,9 
35,2 
60,9 
8.Үй хайуанаттарын (мысық, лақ, қозы, тауық, қаз, 
үйрек т.б.) жәбірлеген, қорлаған кездерің болды ма? 
5,2 
51,8 
43 
9.Адамдардың табиғат көздерін ластаған сәттерде 
қарсы болған кездерің болды ма? 
7,5 
38,2 
53,7 
 
Жүргізілген  сауалнама  (1-кесте)  нәтижесінен  мынадай  қорытынды  шығаруға 
болады. Оқушылар сауалнаманың 4-ші, 7-ші, 8-ші, 9-шы бөлімдері бойынша берілген 
жауаптары  үлкен  алаңдатушылық  тудырады.  Мәселен  оқушылардың  3,1%-ы  ғана 
натуралистік-экологиялық  үйірмеге  қатынасқан,  ал  «Бір  тал  шыбық  сындырсаң,  он 
тал егуің  керек деп ойлайсың ба?»-деген сұраққа 12,6%-ы жоқ деп жауап  берсе, үй 
хайуанаттарын  5,2%-ы  жәбірлеу,  қорлау  сияқты  жазықты  іс-әрекеттер  жасаған. 
Талдау материалдарын сараптау негізінде сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың 
экологиялық мәдениеттілік деңгейлерін дамыту керектігі анықталды. 
Соңғы жүргізілген жұмыс нәтижелерін эксперименттік және бақылау топтары 
бойынша салыстырылып, диаграмма (2-сурет) құрылды. 
 
 
2-сурет. Диагностика нәтижесі 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
176 
Көрсеткіш 
бойынша 
(2-сурет) 
бақылау 
тобымен 
салыстырғанда 
эксперименттік  топта  жоғары  көрсеткіш  байқалды.  Себебі,  эксперименттік  топта 
сабақ  мазмұны  қосымша  экологиялық  материалдармен  толықтырылды  және 
экологиялық  бағытта  жүргізілген  сыныптан  тыс  жұмыстар  нәтижесінде 
оқушылардың экологиялық сауаттылығының көтерілуі байқалды. 
Жалпы  орта  білім  беретін  мектептердегі  оқушыларды  экологиялық 
сауаттылыққа және мәдениеттілікке тәрбиелеуде мына бағыттарды ұсынамыз: 
1. 
Биологияны 
оқыту 
барысында 
әрбір 
тақырыпты 
экологиялық  
материалдармен толықтыру керек. 
2.  Жаңа  материалды  өту  барысында  экологиялық  мазмұнды  мысалдар, 
тәжірибелер және тест сұрақтары кең көлемде кешенді түрде қолданылуы тиіс. 
3. Экологиялық мазмұндағы сыныптан тыс жұмыстарды тұрақты түрде өткізу 
керек. 
4.  Орта  мектепте  экологиядан  жүйелі  білім  беретін  арнайы  экология  пәні 
енгізілу тиіс. 
5. Теледидар, радио, газет-журналдар арқылы экологиялық насихат жұмыстары 
жүргізілсе. 
Әдебиеттер: 
1. Ақбасов А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология: Жоғары оқу орындарына арналған оқу 
құралы. – Алма-Ата, 2003. – 437 б. 
2.  Балтабаева  А.  Экологиялық  білім  мен  тәрбиенің  тиімді  жолдары  // 
Қазақстан мектебі. – 2006. – №3. – Б. 3-8.
 
3. Сарыбеков Н.С. Жалпы білім беретін орта мектепте оқушыларды табиғат 
қорғауға тәрбиелеудің педагогикалық негіздері.  – Алма-Ата, 1993. – 230 б. 
4. Беркімбаев К. Экологиялық білім берудің негізі // Қазақстан мектебі, 2006. – 
№7. – Б. 53-55. 
5. Павлов А.Н. Основы экологической культуры.  – СПб, 2007. – 311 с. 
6.  Қадырбаева  Д.С.  Болашақ  мұғалімге  экологиялық  білім  беруде  халық 
педагогикасының ролі // Қазақстан жоғары мектебі, 2007. – №2. – Б. 61-63.  
*** 
Ихласова Ж.М., Джангазиева Б.Ж. 
Воспитания экологической грамотности и культуры учеников 
В  статье  рассматриваются    основные  пути  и  принципы  формирования 
экологической  грамотности  и  экологической  культуры  учеников.  Представлены 
результаты  проведенной  контрольно-экспериментальной  работы  в  области  
формирования экологической грамотности и культуры обучающихся. 
Ключевые  слова:  экологическая  культура,  экологическое  поведение, 
экологическое 
воспитания, 
экологическое 
взаимоотношение, 
экологическая 
деятельность. 
*** 
Ikhlasova Zh.M., Jangaziyeva B.J. 
Parenting environmental awareness and culture of students 
The article discusses the basic principles of the way and the formation of ecological 
culture  of  pupils.  The  results  of  the  control  present  -  experimental  work  in  the  field  of 
culture generate environmental awareness training. 
Keywords:  ecological  culture,  environmental  behavior,  environmental  education, 
ecological relationships, environmental activities. 
*** 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
177 
ӘОЖ 159.92:378.015 
Кенжебаева Қ.С. – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда  
мемлекеттік университетінің докторанты  
Е-mail: kundiz_27_87@mail.ru     
 
БОЛАШАҚ  ПЕДАГОГТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ИНТЕЛЛЕКТІСІН 
ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ 
 
Аннотация.  Мақалада  болашақ  педагогтардың  әлеуметтік  интеллектісін 
зерттеудің  және  дамытудың  алғышарттары, жағдайы,  қайшылықтары  мен  өзектілігі 
қарастырылады. 
Кілт сөздер: педагог, студент, қарым-қатынас, педагогикалық қарым-қатынас, 
әлеуметтік интеллект. 
  
Жаһандық  әлеуметтік-экономикалық,  саяси  және  мәдени  үрдістер  Ұлы  Дала 
кеңістігіне  де  дүбірлі  өзгерістер  алып  келді.  Бұл  өзгерістер  қоғамның  динамикалық 
сипатта дамуына себепкер болуда.  
Отандық  білім  беру  жүйесі  де  өз  іс-әрекетінің  мақсаттары  мен  нәтижелері 
туралы  көптеген  түйткілді  сұрақтарды  көтеріп,  іргелі  шешімдер  қабылдауда.  Білім 
беру  жүйесіне  жаңа  технологиялар  енгізіліп,  саяси  және  мемлекеттік  доктриналар 
өзгеруде; ақпарат ауқымы кеңейіп, жастардың ғылыми білімге сұраныстары артуда.  
 
Қоғам  дамуының  қазіргі  кезеңінде  Қазақстан  Республикасында  білім  берудің 
2011-2020  жылдардағы  Мемлекеттік  бағдарламасына  сәйкес    білім  берудің  барлық 
сатыларында  модернизациялау  үрдісі  жалғасын  табуда  [1].  Сонымен  бірге  Елбасы 
Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның  ХХІ ғасырдағы дамуы білім беру деңгейін арттырумен 
байланысты  болатынын,  білімнің  экономикалық  ресурс,  өндіріс  факторы  ретінде 
қарастырылатынын ескерткен еді [2].   
Сондықтан  қоғамның  қазіргі  даму  жағдайында  білім  беру  жүйесіне,  маман 
дайындау  сапасына  және  көбінесе  жоғары  оқу  орнында  іргетасы  қаланатын  кәсіби 
маңызды қасиеттердің қалыптасу деңгейіне жоғары талаптар қойылады.  
Осыған байланысты педагогтың кәсіби деңгейін арттыру өзекті мәселе болып 
табылады. Педагог енді тек білім беруші ғана емес, ол өз шәкірттерінің әлеуметтік-
тұлғалық саладағы жетістіктеріне де әсері болады. Ол үшін педагогтың өзі кәсіби іс-
әрекетте  де,  әлеуметтік  өмірде  де  табысты,  бәскекеге  қабілетті,  зиялы  тұлға  болуы 
қажет.  
Бұл  жағдай  осынау  өзгермелі  заманда  өзінің  өмірлік  және  кәсіби 
траекториясын  таба  алатын;  үзік,  сыңаржақ  білуден  терең  білімге  көтеріле  алатын; 
өзінің  интеллектуал  және  адами  жақтарын  дамытып,  таныта  алатын  педагогты 
дайындауды керек етеді.  
Бірақ көпшілік қазіргі кезде педагогтардың кәсіби дайындығына көңілдері тола 
бермейді. Көптеген педагогтардың жұмыс өтілінің аздығы, кәсіби қажуы, білім беру 
сатыларындағы  мамандардың  тұрақтана  қоймауы,  экономикалық-қаржылық, 
әлеуеметтік  мәселелерді  шеше  алмауы,  педагогикалық  іс-әрекетті  жатсынуы,  жеке 
басының  тұлғалық  дамуындағы  кемшіліктер,  білімдерінің  жеткіліксіздігі,  қағаз 
жұмысының шексіздігі, жоғары жақтан тексерудің көптігі, т.с.с.  келеңсіз жағдайлар 
аз  айтылып,  аз  жазылып  жүрген  жоқ.  Екінші  жағынан,  педагогқа  орасан  талаптар 
қойылып,  одан  тұлғалық  және  кәсіби  кемелділікті  ұстаз  ретінде  мектеп 
табалдырығын  аттаған  сәттен  талап  етіледі.  Сондықтан,  қазіргі  кезде  кәсіби  іс-
әрекетті  жоғары  деңгейде  жүзеге  асыра  алатын  педагогты  жоғары  оқу  орнында 
дайындау аса приоритетті бағыт болып табылады.  
 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
178 
Қазақстанда соңғы жылдары педагогика салаларындағы кәсіпқой маманға және 
жастарға  қатысты  көкейтесті  психологиялық,  педагогикалық  мәселелерді  шешуге 
қатысты 
ерекше 
қажеттілік 
байқалады. 
Осыған 
байланысты 
еліміздегі 
университеттерде педагогтарды кәсіби дайындауға баса көңіл аударылып келеді.  
Педагогтың  кәсіби  іс-әрекеттегі  табыстылығы  туралы  көзқарастар  қаншама 
көп  болса  да,  оның  ең  басты  критерийі  ретінде  ғалымдар  педагог  тұлғасын  атайды 
(Ю.В.  Варданян,  В.М.  Басова,  С.М.  Жақыпов,  И.А.  Зимняя,    В.Г.  Зазыкин,  В.Н. 
Карандашев,  Ғ.М.  Кертаева,  Н.В.  Кузьмина,  А.К.  Маркова,  А.В.  Мудрик,  Ж.Ы. 
Намазбаева, Х.Т. Шерьязданова, т.б.). Әрі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және 
саяси  жағдайлардың  қарқынды  өзгерістері  болашақ  студенттердің  педагог 
қызметінде  маңызы  жоғары  болатын  тұлғалық  қасиеттерін  дамытуды  көкейтесті 
етеді.  
Өйткені  педагогтың  қызметінде  небір  кәсіби  қиындықтарға  төтеп  бере  алуы; 
перцепциялық  қабілеттер  танытуы;  басқа  адамның  жеке  даралығы  мен  қайталанбас 
бірегейлігін  түсінуі;  басқа  адамға  эмпатия  танытуы;  өзінің  өмоциясын  рефлексиялап, 
реттеуі;  өзінің  ықпал  ету  ерекшеліктерін  білуі  керек  болады.  Педагог  кемел  тұлға 
ретінде  басқаларды  дұрыс  түсініп,  бойында  коммуникациялық  икемділіктер  мен 
дағдылардың жоғары деңгейде қалыптасуы, әлеуметтік рөлдер мен қарым-қатынастың 
түрлі тәсілдерін танып,  қолдана алуы тиіс.  Педагогтың  іс-әрекетіндегі тиімділік оның 
басқалармен бірлесе жұмыс істей алуымен, өзгелерді тыңдап, сезімін көрсете алуымен, 
қиын жағдайларда нәтижелі мінез-құлық танытуымен байланысты.  
Қарым-қатынас 
педагогикалық 
іс-әрекетті 
тұтасымен, 
оның 
әрбір 
микроэлементтеріне дейін қамтиды. Педагог үшін қарым-қатынас іс-әрекеттің басты 
формасы болып табылады.  
Психология,  педагогика  ғылымдарында  мұғалімнің  қарым-қатынас  жасауына 
аса  мән  беріліп,  көптеген  зерттеулер  жүргізілген  (А.А.  Бодалев,  А.Р.  Ерментаева, 
З.Исаева,  В.А.  Кан-Калик,  Н.В.  Клюева,  Г.А.  Ковалев,  Я.Л.  Коломинский, 
А.А.Леонтьев,  Л.М.  Митина,  Х.Т.  Шерьязданова,  Н.Қ.  Тоқсанбаева,  және  т.б.). 
Педагог  пен  оқушы  арасындағы  өзара  әрекеттесу  үрдісінің  маңызына  байланысты 
«педагогикалық  қарым-қатынас»  (А.А.  Леонтьев,  В.А.  Кан-Калик),  «кәсіби 
педагогикалық  қарым-қатынас»  (А.А.  Бодалев,  Х.Т.  Шерьязданова)  ұғымдары 
ғылымға енгізіледі.  
Педагогикалық қарым-қатынас адамдардың қарым-қатынасының жалпыланған 
және білім беруге байланысты өзгешеленген дербес бір түрі ретінде қарастырылады. 
Педагогикалық  қарым-қатынастың  тиімділігі,  оның  механизмдері,  стильдері 
С.М.Жақыпов,  И.А.Зимняя,  С.  Елеусізова,  В.А.  Кан-Калик,  Я.Л.  Коломинский, 
С.В.Кондратьева, Н.В. Кузьмина, А.А. Леонтьев, А.А. Реан, Х.Т. Шерьязданова, және 
т.б. еңбектерінде сипатталады. Педагогикалық қарым-қатынас оқу-тәрбие үрдісіндегі 
коммуникациялық,  интеракциялық  және  перцепциялық  қызметтерді  атқарып, 
«педагог-оқушы»,  «педагог-ата/ана»,  «оқушы-оқушы»,  «оқушы-ата/ана»  және 
«педагог-педагог» одақтарындағы табыстылықты тікелей де, жанама да анықтайды.  
Әрине  тұлғаның  кәсіби  жағынан  қарым-қатынаста  табысты  болуы  көптеген 
факторларға – оның біліміне, икемділіктері мен дағдыларына, қуаттылығы мен ақыл-
парасатына  байланысты.  Солардың  арасында  педагогтың  қарым-қатынасты 
ұйымдастырып,  жүзеге  асыруы  оның  ақыл-парасатын,  зерде-зияттылығын  – 
интеллектісін  көрсетеді    деп  санаймыз.  Педагогикалық  қарым-қатьшастьщ 
педагогикальщ  үдеріс  логикасына  орай  даму  динамикасы  болады.  Сол  динамикаға 
байланысты оньщ кезеңдері анықталады. 
Педагогикалық  қарым-ңатынастың  бірінші  кезеңі  – модельдеу.  Ол  педагогикальщ  міндеттерге, 
педагогтың даралығына, ұжым мен оның жеке мүшелерінің ерекшеліктеріне сай оқушылар мен педагог 
арасындағы әрекеттестіктің коммуникативті  кұрылымын  өзіндік  жоспарлауды  жүзеге  асыруға 
тікелей байланысты. 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
179 
Модельдеу кезеңінде педагог өзара эрекеттестікті күні бұрын жоспарлап алуга 
мүмкіндік  алады.  Осы  кезеңде  педагогикалық  міндеттердің  коммуникативті 
міндеттерге  айналуы  іске  асады.  Сонымен  қатар,  бұл  кезең  эрекеттестіктің 
педагогикальщ аспектілерін анықтайды, педагогқа өзінің  эмоцияльщ көңіл-күйі мен 
коммуникативті іс-эрекетін белгілеуге көмектеседі. 
В.А.  Кан-Калик  коммуникативті  дайындьщты  педагогикальщ  қарым-
қатынастың  маңызды  элементі  деп  есептей  отырып,  оны  жүзеге  асырудың 
технологиясьш ұсынады. Ол төмендегі нұсқаулармен көрсетіледі: 

 
оқу-тәрбие  процесі  жүргізілуге  тиіс  нақты  сынып  немесе  сыньштьщ 
ұжымдарды елестетіңіз; 

 
өз  жадыңызда  осы  сынып  немесе  ұжыммен  болған  қарым-қатьшасты  еске 
түсіріңіз,  қарым-қатьшастьщ  жағымды  жағын  дамытуга  жэне  жағымсыз  жақтарын 
болдьфмауға (олар сізге кедергі келтіреді) тырысьщыз; 

 
осы  сынып  немесе  ұжыммен  қарым-қатынастың  қандай  типін  қолдануға 
болатындығын еске түсіріңіз, бүгінгі сабаққа (тәрбие жұмысына) ол тип сәйкес келуі 
мүмкін бе, соны ойластырыңыз; 

 
сынып  Сізді  жэне  Сіздің  материалыңызды  қалай  қабылдайтьшдығьш 
елестетуге тырысьвдыз; 

 
өзіңіз  ұстанататын  қарым-қатынас  стилін  сынып  ұжымымен,  бүгінгі  оқу-
тәрбие  жұмысьшың  міндеттерімен  (білім  берушілік,  дамытушылық,  тәрбиелілік) 
сэйкестендіріңіз, олардьщ бірлігін қамтамасыз етуге тырысыңыз; 

 
өткізілетін  сабақ  немесе  тэрбие  жұмысьшың  конспектісімен  жұмыс  жасай 
отырьш,  сондай-ақ,  оның  фрагменттерін,  бөлімдерін  жоспарлай  отырьш,  оларды 
жүзеге асырудың жалпы психологиялық атмосферасын елестетіңіз; 

 
сьшьштағы  жеке  оқушылармен  болған  қарым-қатынасты  еске  түсіріңіз, 
оқушыларға деген стереотипті қарым-қатьшасты қальштастырудан аулақ болыңыз; 

 
оқу-тәрбие  үдерісінде  болатын  қарым-қатынас  атмосферасын  алдьш-ала 
сезінуге тырысыңыз, бұл Сізді сабақты сенімдірек өткізуге көмектеседі. 
Кейбір  ғалымдар  педагогқа  белгілі  бір  сынып  немесе  ұжыммен  болатын 
қарым-  қатынасқа  дайындалу  үшін  төмендегі  нұсқауларды  пайдалану  керек  деп 
есептейді: 

 
сьшыппен,  ұжыммен  болатьш  қарым-қатынас  барлық  уақытта  оптимистік 
сипатта болу керек; 

 
қарым-қатьшасқа  деген  негативті  бағдарды  болдьфмау  керек,  сабақ 
уақытьшда қарым-қатынас керемет қальштасьш жатыр дегеннің өзінде ол бағдар тек 
кедергі келтіреді; 

 
бір сьшыппен бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келе жатсаңыз да, олармен 
қарым-қатынасқа деген бағдарыңыз эрбір сабақ сайын жаңа сипатта болғаны жөн. 
Педагогикалық  қарым-қатынастың  екінші  кезеңі    қарым-қатынасты 
ұйымдастыру, бұл кезде педагог бастамашылдықты өз қолына алады. 
Бұл кезеңнің маңызды моменті оқушылардың зейінін аудару болып табылады, 
өйткені сыныппен тиімді қарым-қатынасты тек білім алушылардың зейіні педагогқа 
тұрақталғанда  ғана  жүзеге  асыруға  болады.  Бұл  моментті  маңызды  коммуникативті 
міндет деп қарастырған жөн. 
Оқушылардың зейінін педагогқа аударудың бірнеше топтары бар. Олар: 

 
дауыстық – үзіліс, интонацияны өзгерту, үнсіздік, әңгімеге оқушының атын 
немесе тегін қосу арқылы; 

 
мимикалыц  немесе  пантомимикалъщ  –  көзбен  сөйлесу,  басты  шайқау, 
қабақты түю, иықты көтеру, қаламды тықылдату, саусақпен ескерту жасау, жанынан 
өтіп бара жатып, оқушының иығын немесе 
базын түзеу арқылы; 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
180 

 
сөздік – педагогтың әдейі қателесіп кетуі, эзіл, кез-келген контраст; 

 
ұйымдастырушылың - балаларды қызықтыру,жұмысты ойын түрінде өткізу 
(бастауыш  сыныптарда),  алынатын  білімнің  маңыздылығы  мен  пайдасына  назар 
аудару (жасөспірімдерге), оның болашақпен байланысын ұғындыру (жоғары сынып 
оқушыларына),  сондай-ақ,  іс-әрекетті  ауыстыру,  жұмыстың  оңтайлы  ырғақта 
жүргізілуі,  оқушыларды  стимулдау,  бірлескен  ьштымақтасты  жұмыс  жасау, 
оқытудьщ белсенді әдістерін қолдану. 
Педагогикалыц қарым-қатынастың үшінші кезеңі – қарым-қатынасты басқару. 
Қарвш-қатьшасты  басқарудьщ  басты  шарты  педагогтың  бастамашылдығы  болып 
табылады.  Ол  бастамашылдық  көптеген  стратегиялық  жэне  тактикалық  міндеттерді 
шешуге  ьщпал  жаайды.  Ол  міндеттерге:  үдеріске  жетекшілік  жасауды  қамтамасыз 
ету, эмоцияльщ атмосфера қалыптастыру т.б. жатады. 
Интеллект  тұлғаның  әлемді  түсінуіне  мүмкіндік  береді.  Тұлғаның 
интеллектуалды  даму  деңгейінің  критерийлері  оның  айналасын  қабылдауымен, 
түсінуімен, сипаттауымен  байланысты. Осыған байланысты тұлғаның әр жағдайдағы 
мінез-құлқы болады.  
Бірақ  көптеген  жағдайларда  жалпы  интеллектінің  жоғары  деңгейі  жеткіліксіз 
болады.  Кейде  тұлғаның  ақыл-парасаты  кемерінен  шыға  толысып  тұрса  да,  оның 
әлеуметтік  ортада  өз  орнын  табуы,  басқалармен  өзара  қатынас,  өзара  әрекеттестік 
орнатуы күрделі мәселе болып қалатын жайттар аз кездеспейді. Әрі қазіргі қоғамдағы 
оңды өзгерістермен қатар тұлғалық бұзылу, мінез-құлықтағы девиация да кездеспей 
қоймайды.  
Ал әлеуметтік интеллектінің қалыптасу деңгейінің төмендігі алдымен студент 
кезде, одан кейін кәсіби іс-әрекет барысында анық байқалады.  
Студенттер кәсіби білім алумен қатар психиканың барлық деңгейлерін жоғары 
дамыта  алады  [8,  142  б.].   Студенттік  шақ  –  адам  өміріндегі  ең  бір  маңызды  кезең. 
Студент  ата-ананың  тікелей  қамқорлығынан  аз-маз  шығып,  өзбетінше  өмір  сүруге 
ұмтылады.  Жастардың  студент  кезде  меңгерген  өзара  әрекеттесу,  өзара  қатынасу 
икемділіктері  мен  дағдылары  оның  барлық  өмір  жолында  бейімдеуші  механизм 
қызметін қамтамасыз етеді.  
Соңғы  жылдары  психология  ғылымында  жалпы  интеллектіден  әлеуметтік 
интеллектіні  ажыратып,  қарастырады.  «Адам-адам»  саласында  қызмет  атқаратын, 
тіршілік  ететін  тұлғаның  қоғамдағы,  социумдағы,  әлеуметтік  ортадағы  өзара 
әрекеттесу деңгейін әлеуметтік интеллект анықтайды.  
Тұлғалық,  кәсіби  қасиеттердің  арасында  әлеуметтік  интеллектінің  педагог 
қызметінде алатын орны ерекше.  
Қарым-қатынас  үрдісін  және  адамдардың  мінез-құлқын  түсіну,  өзара 
қатынастың  түрлі  жүйелеріне  бейімделу  ерекше  ақыл-ой  қабілетін  –  әлеуметтік 
интеллектіні анықтайды.  
Әлеуметтік  интеллект  тұлғаның  өзара  қатынас,  өзара  әрекеттесу  үрдісіндегі 
тиімділік  коммуникациялық  және  интеллектуалдық  қабілеттердің  бір-бірімен 
байланыста дамуын көрсетеді. Сонымен бірге әлеуметтік интеллект тұлғаның жеке-
дара  қасиеті  болып  табылады.  Бұл  жағдайда  әлеуметтік  интеллект  тұлғаның  өзіне 
қатынасын, өз іс-әрекетінің нәтижесін болжамдап білуді, өзінің мінез-құлқын түсіне 
алуды көрсетеді. 
Кеңейтіп  айтсақ,  әлеуметтік  интеллект  тұлғаның  сыртқы  ортамен  тиімді 
қарым-қатынасын, басқаларды дұрыс түсіне алуын қамтамасыз ететін тұлға қабілеті 
болып  табылады.  Мұндай  қабілет  басқа  адамдармен,  әсіресе  балалармен  тікелей 
қарым-қатынас  құру  арқылы  іс-әрекетін  жүзеге  асыратын  педагог  жұмысында  аса 
жоғары  рөл  атқарады.  Өйткені  жалпы  интеллект  академиялық  табыстылықты 
қамтамасыз етсе, әлеуметтік интеллектінің жоғары деңгейі болашақ маманның кәсіби 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
181 
және тіршіліктегі барлық табыстарға қол жеткізуіне мүмкіндік береді.  
Олай  болса  әлеуметтік  интеллект  адамның  қоғамдағы  бейімделуін,  оның 
әлеуметтік,  тұлғааралық  және  кәсіби  қатынастарды  қамтамасыз  ететін  қабілеттер 
жиынтығы ретінде педагогтың ерекше қасиеті болып табылады. Әрі оқушылармен, 
ата-аналармен  және  әріптестерімен  тиімді  қарым-қатынасты  жүзеге  асыруға 
мүмкіндік  беретін  әлеуметтік  интеллект  педагогтың  өзін-өзі  тануын,  өзіндік  дамуы, 
тұлғааралық  қатынастарды  жобалануын  қамтамасыз  ететін  ментальді  қабілеттер 
ретінде болады.  
Бірақ  интеллект  –  тұлғаның  сыртқы  ортаға  бейімделу  механизмі  ғана  емес. 
Әлеуметтік  интеллект  қоршаған  ортаға  бейімделумен  қатар,  тиімді  қарым-
қатынастың негізгі шарты болып табылады. 
Тұлғаның  коммуникациялық  қабілеттерінің  бір  бөлігі  ретінде  әлеуметтік 
интеллект қарым-қатынас барысын дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге 
әлеуметтік  интеллект  өзара  ақпарат  алмасудың,  өзара  әрекеттесудің,  өзара  қатынас 
жасаулдың  салдарын  анықтаушы  қарым-қатынасқа  қабілеттіліктің  когнитивті 
бөлігі болып табылады.  
«Әлеуметтік интеллект» терминін 1920 жылы   Э.  Торндайк ғылымға енгізеді. 
Әлеуметтік  интеллект  мәселесін  Г.  Айзенк,  С.  Бери,  Х.  Гарднер,  Дж.  Гилфорд,  О. 
Джон,  Дж.  Кильстром,  С.  Космитский,  Н.  Кэнтор,  Г.  Оллпорт,  Р.  Селман,  Р. 
Стернберг сияқты алыс шетел ғалымдары зерттеді. Олардың еңбектерінде әлеуметтік 
интеллектінің  қалыптасу,  даму  мәселесі,  оның  құрылымы,  қызметі,  кәсіби  іс-
әрекеттегі рөлі, академиялық интеллектімен байланысы ашылады. 
Бірақ  ғылыми  мектептердің  өкілдері  зерттеу  бағыттарына  байланысты 
әлеуметтік интеллект ұғымын әртүрлі анықтайды. Мысалы:  
• басқа адамдармен сыйыса алу (F. Moss, Т. Hunt, 1927);  
• басқа адамдармен өзара әрекеттесе алу (Т. Hunt, 1928);  
• басқа адамдарды біле алу (R. Strang, 1930);  
•  басқа  адамдармен  түсінісуге  қабілеттілік,  басқалардың  жағдайын  қабылдай 
алу, өзін басқаның орнына қоя алу (P.E. Vernon, 1933);  
•  басқа  адамдардың  мінез-құлық  мотивациясын,  сезімдері  мен  көңіл-күйін 
дұрыс бағалауға қабілеттілік (J. Wedeck, 1947).  
Кейіннен  қазіргі  ТМД  елдерінің  ғалымдары  арасында  әлеуметтік  интеллект 
ұғымын  алғашқылардың  бірі  болып  М.И.  Бобнева  сипаттаған.  Кейіннен  өз 
еңбектерінде  Н.А.  Аминов,  А.А.  Бодалев,  В.Н.  Дружинин,  Ю.Н.  Емельянов,                      
А.В.  Карпов,  М.М.  Кашапов,  М.Л.  Кубышкина,  Н.А.  Кудрявцева,  В.Н.  Куницына, 
В.А. Лабунская, Е.С. Михайлова, М.В. Молоканов, С.А. Рахманкулова, Д.В. Ушаков, 
А.Л.  Южанинова  сияқты  көптеген  ғалымдар  әлеуметтік  интеллектінің  әр  жақтарын 
қарастырған.  
Бірқатар  ғалымдар  әлеуметтік  интеллектінің  құрылымына,  қызметіне,  рөліне 
қатысты  маңызды  тұжырымдамалар  жасағанмен,  отандық  психологтардың, 
педагогтардың  еңбектерінде  әлеуметтік  интеллект  арнайы  зерттеу  пәні  бола  қойған 
жоқ.  Мысалы,  С.М.  Жақыповтың  зерттеулерінде    «бірлескен  танымдық  ойлау  іс-
әрекеті»  ұғымы  арқылы  педагогикалық  іс-әрекеттегі  диалогтың  маңызы  ашылады. 
Х.Т.  Шерьязданованың  болашақ  педагогтар  мен  психологтарды  кәсіби  дайындау 
тұжырымдамасында  кәсіби  педагогикалық  қарым-қатынастағы  психологиялық 
білімнің  рөлі  көрсетіледі.  А.Р.  Ерментаеваның  студенттерді  субъект-бағдарлы 
психологиялық  дайындау  бойынша  жүргізген  зерттеулерінде  қарым-қатынастың 
тиімділігі  үшін  субъектілік  ұстаным  мен  психологиялық  даярлықтың  өзара 
шарттастықта дамуымәселе ретінде қойылады.  
Көптеген  зерттеулерге  қарамастан,  болашақ  педагогтардың  әлеуметтік 
интеллектісін  дамыту  мәселесіндегі  кейбір  даулы,  кейбір  шешілмеген  тұстарына 
байланысты  одан  да  тереңірек,  жан-жақты 
қарастыруды  қажет  етеді.  Мысалы, 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
182 
осы  уақытқа  дейін  әлеуметтік  интеллект  ұғымының  жалпыланған  бір  мәнді 
анықтамасы  жоқ.  Сол  сияқты  әлеуметтік  интеллектіні  бір  мәнді  түсіндіретін 
тұжырымдама  да  жасалмаған.  Әлеуметтік  интеллектінің  табиғаты,  психологиялық 
сипаты,  оны  дамытудың  заңдылықтары  мен  механизмдері  де  ашық  мәселе  ретінде 
қалып тұр.  
Сонымен  бірге  студенттердің  әлеуметтік  интеллектісін  дамыту  оңай 
басқарылатын  үрдіс  бола  қоймайды.  Өйткені  болашақ  педагогтардың  көпшілігі 
өздерінің  «Мен-тұжырымдамасындағы»  кәсіби  жақтарды  толық  түсініп,  анықтай 
алмайды.  Әрі  студенттердің  көпшілігі  өздерінің  кәсіби  жетілуінің  жеке-дара 
мүмкіндіктерін саналы түрде түсіне қоймайды. Екінші жағынан, жоғары оқу орнында 
студенттерге  теориялық  білім  беруге  баса  назар  аударылады  да,  олардың 
психологиялық  даму  мүмкіндіктері,  тұлғалық,  кәсіби  қасиеттерінің  қалыптасуы 
алдыңғы орынға қойылмайды.  
Әдебиетке жасаған талдаудан, қойылған мәселені кешенді зерттеуден болашақ 
педагогтардың  әлеуметтік  интеллектісін  дамыту  мәселесінің  мазмұнында  бірқатар 
шешілмеген қайшылықтар анықталды:  
-  қоғамның  кәсіби  дайындығы  жоғары  педагогқа  қажеттілігі  мен  жоғары  оқу 
орнында  педагогтың  маңызды  тұлғалық,  кәсіби  қасиеттерінің  –  соның  бірі  - 
әлеуметтік  интеллектіні  дамытудың  психологиялық-педагогикалық  шарттары  мен 
технологияларына жеткіліксіз назар аудару арасында; 
-  болашақ  педагогтарда  әлеуметтік  интеллектіні  тұлғалық-кәсіби  қасиет 
ретінде дамытудың қажеттілігі мен оны зерттеу жайының жеткіліксіздігі арасында; 
- қазіргі қоғамның маманға қоятын нақты талаптары мен жоғары оқу орнының 
түлектерінің әлеуметтік интеллектісінің шынайы қалыптасу деңгейі арасында;  
-  қоғамның  этникалық,  діни,  әлеуметтік,  т.б.  белгілер  бойынша  саралануына 
сәйкес  мәдениеттің  қалыптасуындағы  өзгешеліктер  мен  жастардың  көпұлтты 
әлеуметтік  ортада  өзара  қатынас,  өзара  әрекеттесу  үрдістерін  жүзеге  асыруы 
арасында; 
-  психология,  педагогика  ғылымдарында  әлеуметтік  интеллектінің  қалыптасу, 
даму  мәселесі,  оның  құрылымы,  қызметі,  кәсіби  іс-әрекеттегі  рөлі,  академиялық 
интеллектімен  байланысы  жалпы  түрде  қарастырылуы  мен  оның  этникалық 
ерекшеліктерінің  қазіргі  психологиялық-педагогикалық  еңбектерде  жеткіліксіз 
зерттелінуі арасында. 
Осыған  байланысты  әлеуметтік  интеллектіні  дамыту  болашақ  педагогтардың 
қарым-қатынас жасау мотивациясынрефлексияға, эмпатияға қабілеттілігін және 
олардың  стрестік  жағдайларда  мінез-құлықтың  сәйкесінше  стратегияларын 
таңдай алуға мүмкіндіктерін арттыру керек деп санаймыз.   
Біз  өз  зерттеуімізде  жоғары  оқу  орнында  болашақ  педагогтарды  кәсіби 
дайындаудағы  келелі  мәселелерді  шешуді  олардың  әлеуметтік  интеллектісін 
дамытудың  психологиялық-педагогикалық  шарттарын  анықтап  алумен  байланысты 
қарастырамыз. Бұл болашақ педагогтардың өздерінің әлеуметтік интеллектіні жоғары 
деңгейде дамыту қажеттілігін және қоғамның кәсіпқой педагогқа қоятын талаптарын 
қанағаттандырады.  
Сонымен  қатар,  болашақ  педагогтарда  әлеуметтік  интеллектіні  дамытудың 
құрылымдық-функционалдық  моделін  құрастыру  да  өзекті  болып  табылады. 
Әлеуметтік  интеллектінің  даму  деңгейлері  мен  көрсеткіштерін,  критерийлерін 
анықтау  да  болашақ  педагогтардың  әлеуметтік  ортаға  табысты  кірігуіне  ықпалын 
тигізеді.    
Олай болса, болашақ педагогтардың әлеуметтік интеллектісін, оны дамытуды 
теориялық-әдіснамалық тұрғыдан негіздеп, эмпирикалық материалдармен айқындап, 
түсіндіретін зерттеу қажет.  
 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
183 
 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Выступление  Президента  Н.А.  Назарбаева  с  интерактивной  лекцией 
«Казахстан на пути к обществу знаний» в Назарбаев Университете от 05.09.2012 
года. – Астана, 2012. – http: // www. edu.gov.kz. 
2.
 
Государственная программа развития образования в Республике Казахстан 
на 2011-2020 годы. – Астана, 2011 год. – http: // www. edu.gov.kz. 
3.
 
Емельянов Ю.И. Обучение паритетному диалогу: учебное пособие. – 1991.  – 
№1. – С. 111–124. 
4.
 
Психология  межличностного  познания.  /  Под  ред.  Бодалева  А.А.  –  М.: 
«Педагогика», 1981. – 224 с. 
5.
 
Южанинова  А.Л.  К  проблеме  диагностики  социального  интеллекта 
личности.  В  сб.:  «Проблемы  оценивания  в  психологии».  –  Саратов:  издательство 
Саратовского университета, 1984. – С. 62–79. 
6.
 
Джакупов  С.М.  Психологическая  структура  процесса  обучения:  2  изд.  – 
Алматы: Қазақ ұлттық университеті, 2009. – 308 с. 
7.
 
Шерьязданова  Х.Т.    Инновационные  факторы  в  высшем  психологическом 
образовании // Учёные записки Санкт-Петербургского государственного института 
психологии и социальной работы – 2014. – № 1. – С. 152–156. 
8.
 
Ерментаева А.Р. Жоғары  мектеп  психологиясы:  оқулық  – Алматы, 2012.  – 
492 б. 
*** 
Кенжебаева К.С. 
Актуальность исследования социального интеллекта у будущих педагогов 
В  статье  рассматриваются  предпосылки,  состояние,  противоречия  и 
актуальность  исследования  и  развития  социального  интеллекта  у  будущих 
педагогов.  
Ключевые  слова:  педагог,  студент,  общение,  педагогическое  общение, 
социальный интеллект.  
*** 
Kenzhebayeva K.S. 
Relevance of the study of social intelligence in future teachers 
The  article  deals  with  the  preconditions,  the  state,  the  contradictions  and  the 
relevance of research and development of social intelligence of future teachers. 
  Keywords:  teacher,  student,  communication,  pedagogical  communication,  social 
intelligence. 
*** 
 
 
ӘӨЖ 37.016:796.422  
Бахтиярова С.Ж. – аға оқытушы, 
 М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
Е-mail: sayagul.bakhtiyarova@mail.ru 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет