Республики казахстан


ҚАЗАҚ-ОРЫС ӘДЕБИ БАЙЛАНЫСТАР ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ



Pdf көрінісі
бет28/38
Дата06.03.2017
өлшемі3,87 Mb.
#7742
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38

 
ҚАЗАҚ-ОРЫС ӘДЕБИ БАЙЛАНЫСТАР ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Аннотация.  Мақалада  қазақ  әдебиеттану  ғылымының  тарихындағы  қазақ-
орыс  әдеби  байланыстарын  зерттеуге  арналған  еңбектер  қарастырылған.  Осы 
еңбектердегі  басты  көзқарастар  жүйеленіп,  ғылыми  тұрғыдан  сараланып, 
зерттеулердегі орныққан дәстүрлер айқындалған.   
Кілт  сөздер:  әдеби  байланыс,  ұлттық  әдебиет,  аймақтық  әдебиет, 
контактілік-генетикалық байланыс, ұқсастық, диалог.   
 
Кез  келген  әдебиет  томаға-тұйық  кеңістікте,  ұлттық  шеңберде  ғана 
дамымайды,  оның  өсіп  жетілуі  –  оқшауланған  процесс  емес.  Оның  үнемі  өзге 
халықтардың  мәдениетімен  араласуға,  сұхбаттасуға  ұмтылатыны  заңды  құбылыс. 
Әдебиеттің  даму,  өсіп-өркендеу,  толығу,  молығу  бағытындағы  байланыстарының 
маңыздылығы компоративистика деп атаған ғылым саласында зерттеледі. 
Әдебиеттерді  салыстыра  зерттеу  тарихы  мифологиялық  мектептен  бастау 
алады.  Ресейде  Ф.И  .Буслаев,  А.Н.  Афанасьев  мифологиялық  мектептің 
көзқарастарын  дамытты.  Мифологиялық  мектепті  одан  әрі  дамытып,  әдеби 
байланыстарды  зерттеудің  қалыптасуына 
академик А.Н. Веселовский өз үлесін 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
219 
қосты.  Ол  «Тарихи  поэтика»  атты  еңбегінде  әдеби  байланыстарды  зерттеудің 
бірқатар  терминдерін  және  концепциясын  құрастырды.  Кеңестік  кезеңде 
В.М.Жирмунский,  М.П.  Алексеев,  Н.И.  Конрад,  Г.И.  Ломидзе,  И.Г.  Неупокоева 
секілді т.б. компоративист ғалымдардың іргелі еңбектері жарық көрді. 
Қазіргі  қазақ  әдебиеттану  ғылымының  тарихындағы  әдеби  байланыстардың 
негізін  қалап,  дамытатын  бастауларды  Ш.  Уәлиханов,  А.  Құнанбаев  т.б.  ХІХ  ғасыр 
ағартушыларының  ғылыми,  көркем,  философиялық  мұрасынан  көруге  болады. 
Қазақстандағы  әдеби  қарым-қатынастардың  мақсатты  түрде  ғылыми  негіздерінің 
қалануы М.О.Әуезов есімімен байланысты.   
Әдеби  байланыстарды  зерттеудің  элементтері  М.Әуезовтің  алғашқы 
еңбектерінен-ақ  көрінеді.  Қазақ  әдебиетінің  тарихына  арналған  алғашқы  көлемді 
еңбегіне  ол  салыстырмалы  әдісті  шебер  қолданды 

1

.  Қазақ  фольклорын  зерттеу 
жұмыстарында  М.Әуезов  әдеби  ауыс-түйістің  әртүрлі  жолдарын  көрсеткен.  Оның 
ұлттық  туындыларды  қарақалпақ,  өзбек,  қырғыз,  түркімен,  башқұрт,  әзірбайжан 
халықтарының  фольклорлық  нұсқаларымен  типологиялық  бірлікте  қарастыруы 
жемісті 
болды. 
Ол 
ортақ 
белгілерімен 
қатар, 
қазақша 
нұсқасының 
айырмашылықтарын да айқындайды.  
Белгілі  ғалым  Д.Қонаев  өзінің  «М.О.  Ауэзов  и  русская  литература»  атты 
зерттеу еңбегіне М.Әуезовтың еңбектеріндегі қазақ-орыс әдеби байланыстарын арқау 
етіп:  «Освещение  узловых  проблем,    на  которых  останавливался  в  своих 
исследованиях М.Ауэзов, распадается на две большие основополагающие части: 
1)  проблемы  казахско-русских  литературных  связей,  рассматриваемые  в 
историческом плане, начиная с Абая и Пушкина; 
2)  проблемы  казахско-русских  литературных  связей  как  составная  часть 
современного  процесса  взаимодействия  национальных  литератур»-  деп  зерттеуді 
мәселелік  тұрғыдан  келіп  қарастырады 

2,  72  б.


М.  Әуезовтің  Абай 
шығармашылығына,  қазақ  әдебиетіндегі  роман  жанрының  қалыптасуына  арналған 
зерттеу  мақалаларында  қазақ-орыс  әдеби  қатынастарының  мәселелері  дұрыс 
көтеріліп, әдеби процестің ең маңызды тенденциялары арқылы  көрсетілген. 
Қазақ  әдебиетінің  өзге  әдебиеттермен  байланыстарынан  әлдеқайда  жиі 
назарға  іліккені,  ең  көп  зерттеу  нысанына  айналғаны  –  қазақ-орыс  әдеби 
байланыстары.  Қазақ-орыс  әдеби  байланыстарының  әр  қыры  қазақ  әдебиетін 
зерттеуші көптеген ғалымдардың еңбектерінен көрінеді. Мәселен, М.О. Әуезов, М.И. 
Фетисов,  Е.В.  Лизунова,  Н.С.  Смирнова,  И.  Габдиров,  Ш.  Кереева-Қанафиева,  М. 
Қаратаев, Ш.К. Сәтбаева, С. Сейітов, З. Ахметов, Н.О. Нұрмағамбетова, П. Косенко, 
Н.  Ровенский,  М.  Базарбаев,  З.  Қабдолов,  С.М.  Қирабаев,  С.  Қасқабасов,  Ш. 
Елеукенов,  Т.К. Кәкішев, Н. Жуанышбеков, Б. Майтанов, В.В. Бадиков, Б. Мамраев, 
Р. Нұрғалиев, Т. Есембеков, Р. Батырбекова, С.В. Ананьева, Д. Қонаев, Р.А. Абишева, 
Р.К. Кайшыбаева секілді ғалымдарды атауға болады. 
Орыс-қазақ әдеби байланыстарын белгілі кезеңнің әдеби процесімен бірлікте 
арнайы зерттеулердің алғашқы бастамасы М.И. Фетисов қаламына тән  [3]. Автор өз 
еңбегінде  ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  Ресей  мен  Қазақстанның  әдеби 
қарым-қатынастарының 
дамуын 
қарастырады. 
Ол 
Қазақстанның 
Ресейге 
қосылғанынан кейінгі орыс жазушылары, ғалымдары мен зерттеушілерінің көшпелі 
қазақ  даласына  сапарлары  басталғанынан  бастап,  мектептердің  құрылуы, 
кітапханалардың  ашылуы,  тағы  басқа  ағартушылық  жұмыстардың  орыс  әдебиетін 
насихаттаудың  алғышарттары  болған  деректерді  молынан  пайдалана  отырып, 
тарихи-филологиялық  бағытта  толымды  талдаулар  жүргізген  зерттеуші  қазақ-орыс 
әдеби  байланыстарын  зерттеудің  бірінші  болып  негізін  қалады  десек,  артық 
айтқандық емес. 
Осы  бағытта  қазақ  әдебиетінің  орыс  әдебиетімен  байланысын  белгілі  кезең 
шеңберінде  қарастырып,  арнайы  зерттеу 
еңбектерін жазған М.И. Фетисов, Ш. 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
220 
Кереева-Қанафиева, Ш.К. Сәтбаева, Б. Мамраев, Р. Батырбекова секілді ғалымдарды 
атауға болады. 
Орыс-қазақ  әдеби  қатынастарының  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  ХХ 
ғасырдың бірінші онжылдығы К.Ш. Кереева-Канафиева зерттеуіне арқау  болды  [4]. 
Автор  орыс-қазақ  әдеби  қатынастарын  қарастыруда  орыс  әдебиеті  мен 
журналистикасындағы  қазақ  халқы  мен  Қазақстан  тақырыбының  уақыт  өткен 
сайынғы  өзгерісін  басты  нысанаға  алады.  Оны  қазақ-орыс  қоғамындағы  саяси-
идеологиялық  көзқараспен  байланыстыра  көрсетіп,  төңкеріске  дейінгі  Ресей 
баспасөзіндегі  материалдарды  кеңестік  саясат  тұрғысынан  бағалайды.  Яғни  патша 
үкметінің  отарындағы  халықтарды  қанағандықтан,  екі  халық  арасындағы  қарым-
қатынастардың  дамуына,  алға  басуына  кедергі  жасалды,  ал  ол  өз  кезегінде  әдеби 
байланыстарды біршама тежеді деп тұжырым жасайды. 
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғасырдың  бірінші  онжылдығындағы 
орыс-қазақ  әдеби  қатынастарын  К.Ш.Кереева-Канафиева  екі  кезеңге  бөліп 
қарастырады. Бірінші кезең 1730-1868 жылдар аралығын қамтыса, екінші кезең 1869-
1917  жылдар  аралығы.  Көптеген  әдеби-тарихи  деректерді  саралай  келіп,  зерттеуші 
бірінші  кезеңнің  ерекшелігі  деп  қазақ  даласымен  танысқан  көптеген  орыс 
саяхатшылары,  жазушылары,  ғалымдарының  халық  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  жинап, 
жазып  ала  бастауын  атаса,  ал  екінші  кезеңнің  ерекшелігін  қоғам  өміріндегі  саяси-
экономикалық 
өзгерістермен 
сипаттайды. 
Екінші 
кезеңде 
Л.Н.Толстой, 
Ф.М.Достоевский,  С.Т.Аксаков,  Н.С.Лесков,  Д.Н.Мамин-Сибиряк,  Г.И.Успенский, 
В.Г.Короленко  және  т.б.  орыс  жазушыларының  шығармашылығындағы  қазақ 
тақырыбының игерілуін қарастырады.      
Кітапта  қазақ-орыс  әдеби  қатынастар  шежіресіндегі  жарқын  мысал 
Ш.Уәлиханов  пен  Ф.Достоевский  арасындағы  шығармашылық  байланыс  көрініс 
тапқан. Ш.Уәлихановтың жазушы, әдебиеттанушы, аудармашы, журналист ретіндегі 
іс-әрекетінен мағлұматтар келтіріліп, осы көпқырлы қайраткерлігі алдыңғы қатарлы 
орыс  баспасөзінің,  орыс  демократтарының  идеяларының  ықпалы  деп  түсіндіріледі. 
Жалпы байланыс, қарым-қатынастың ешқашан сыңаржақты болмайтынын ескерсек, 
аталған  кезеңде  «орыс  әдебиетінің  қазақ  әдебиетіне  ықпалы  ұзақ,  нәтижелі, 
біржақтылау болды» деген зерттеуші тұжырымы қайта қарастыруды қажет етеді 

4, 7 
б.

.   
  Бірінші  басылымы  «Қазақстан»  баспасынан  1975  жылы,  ал  толықтырылған 
екінші  нұсқасы  1980  жылы  сол  баспадан  жарық  көрген  бұл  жұмыс  әдеби-тарихи 
деректер  мен  оқиғаларға  дәлдік  дарытуда  түрлі  мұрағаттарда  (КСРО-ның  орталық 
тарихи  мұрағаты,  Орталық  мемлекеттік  әдебиет  және  өнер  мұрағаты,  Бүкілодақтық 
географиялық  қоғам  мұрағаты,  Казақ  және  Өзбек  КСРО-ның  республикалық 
мұрағаттары, Орынбор облысының мұрағаты т.б.) сақталған материалдарды кеңінен 
пайдаланғандығымен құнды. 
Көрнекті  әдебиет  зерттеушісі  Ш.К.  Сәтбаеваның  1972  жылы  жарық  көрген 
«ХІХ  ғасыр  және  ХХ  ғасырдың  алғашқы  ширегіндегі  қазақ-еуропа  әдеби 
байланыстары»  атты  монографиясы  ғалымдардың  жоғары  бағасына  ие  болды. 
Кітапта  қазақ-еуропа  әдеби  байланыстарының  тарихы  ғылыми  тұрғыдан  жіті 
зерттеледі.  Қазақ  әдебиетінің  тарихына  қатысты  бай  материал  ғылыми  айналымға 
енгізіліп, ұлттық әдебиеттердің өзге халық әдебиеттерімен байланысының мәселелері 
жаңа қырынан қарастырылады [5]. 
1982 жылы ғалымның «Қазақ әдебиеті және Шығыс» атты толымды зерттеу 
монографиясы  жарық  көреді.  Монография  қазақ  әдебиетінің  халықаралық 
байланысының  мәселелеріне,  олардың  әдебиетті  дамытатын,  байытатын  мән-
мазмұнын  айқындауға,  қазақ  халқының  тілі  мен  көркем  ойлау  жүйесіне  арналды. 
қабылдауы, олардың қазақ көркем әдебиетінде игерілуі қарастырылады.  

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
221 
Ғалымның әдеби байланыстарға арналған келесі еңбегі «Шоқан Уәлиханов – 
филолог»,  «Шоқан  Уәлиханов  және  орыс  әдебиеті»  деген  атаулармен  1984  жылы 
жарық көреді [6].  
Қазақ-орыс  мәдени  контактілерінің  мәні  екі  халықтың  бірін-бірі  рухани 
танып,  бірі-бірінің  көркемдік  әлемін  байыта  түсуінде  жатыр.  Ш.  Уәлихановтың 
орыстың  демократиялық  ойларымен  байланысынан,  әсіресе,  Ф.  Достоевскиймен 
достық 
қарым-қатынасынан 
Ш.К. 
Сәтбаева 
орыс-қазақ 
қоғамдық-мәдени 
қатынастарындағы Шоқанның аралық қызметін жоғары бағалайды. Ш. Сәтбаеваның 
«Ш.  Уәлиханов  және  орыс  әдебиеті»  еңбегін  орыс-қазақ  әдеби  байланыстарын 
зерттеуге  қосқан  қомақты  үлесі  деп  есептеміз.  Бұл  еңбекте  қазақ-орыс  әдеби 
байланыстарын зерттеудегі жаңа бетбұрыс жасалды. Себебі осы еңбекке дейін қазақ 
әдебиеттануында қазақ әдебиетінің орыс әдебиетімен байланысы белгілі бір кезеңнің 
әдеби, тарихи процесімен бірлікте қарастырылып келді (М.И. Фетисов, К.Ш.Кереева-
Канафиева). Зерттеулерде әдебиеттер дамуына ықпал еткен сыртқы факторлар басты 
нысанаға  алынды.  Ал  Ш.  Сәтбаева  еңбектері  шығармашылық  тұлға  деңгейіндегі 
байланыс  түрін  зерттеу  арқылы  байланыстағы  ішкі  факторларды    бірінші  орынға 
шығарды.   
Қазақ  әдебиетінің  орыс  әдебиетімен  байланысының  бір  қыры  зерттелген                
Ш. Сәтбаеваның келесі еңбегі  «Л.Н. Толстой және Қазақстан» деп аталады.  Мұнда 
ғалым  Л.Толстой  шығармашылығымен  қазақ  жұртшылығының  алғаш  таныс  болған 
кезінен  бастап,  ұлы  жазушының  шығармашылығына  тәнті  болған  қазақ  даласының 
оқырмандары жіберген  хаттары, оларға жазушының өз қолымен жазған жауаптары, 
суреткер шығармаларының көзі тірі кезінде-ақ қазақ тіліне аударылған шығармалары 
және  ең  ақыры  Л.Толстойдың  150  жылдығына  арнап  қазақ  баспаларынан  жарық 
көрген аударма кітаптардың деңгейіне дейін талдап, таразылайды.  
Қазақ-орыс әдеби байланыстарын зерттеу саласына өзіндік үлес қосқан орыс 
тілді  отандық  авторлардың  ішінде  В.В.  Бадиков  еңбегін  ерекше  атауға  болады  [7]. 
Оның «Мастерство и правда», «На изломе времен», «Новые ветры» атты үш кітабы 
ХХ  ғасыр  соңы  мен  ХІХ  ғасыр  басындағы  қазақстандық  орыс,  ұйғыр,  неміс,  және 
қазақ  ақын-жазушыларының  шығармашылығын  сараптауға  арналған.  Зерттеуші  өз 
еңбектерінде  Ә.  Нұрпейісов,  М.  Симашко,  Ә.  Тарази,    Д.  Исабеков,    Г.  Бельгер,  О. 
Сүлейменов,  М.  Әуезов,  Б.  Қанапиянов,  Д.  Нақыпов,  М.  Мағауин  секілді  ақын-
жазушылардың  шығармашылығы  негізінде  қазіргі  кезеңдегі  әдеби  процеске  талдау 
жасайды. В. Бадиков еңбектері уақыт талабына сай, өз кезеңінің өзекті мәселелеріне 
дер кезінде үн қосып, әдебиеттанушы ғалым ретінде байыпты баға беруімен құнды.  
Қазақ-орыс  әдеби  байланыстарына  қатысты  толымды  зерттеулердің  бірі 
белгілі  ғалым  Б.Б.  Мамраев  қаламына  тән.  1991  ж.  жарық  көрген  «Казахские 
литературные  связи  начала  ХХ  века»  атты  монографиясында  ХХ  ғасыр  басындағы 
қазақ  әдебиетінің  байланыстарының  мәселелерін,  көркем  шығармашылықтың  түрлі 
формаларын, ұлттық әдебиеттің жанрлық байлығын әдеби зерттеуге арқау етеді [8]. 
Алғаш рет  қазақ әдебиетінің орыс әдебиетіне  ықпалы, дәлірек айтсақ, қазақ 
тақырыбының  төңкеріс  алдындағы  орыс  прозасына  тигізген  әсері  Б.Б.  Мамраев 
еңбегінде  қарастырылған.  Автор  орыс  әдебиетінің  кеңес  халықтарының  әдебиетіне 
әсері біржақты зерттеліп  келген отандық әдебиеттанудағы олқылықтарды айқындай 
келе, ХХ ғасыр басындағы кезеңнің келбетін ашып, ұлттық әдебиеттердің дамуы тек 
өзге  дамыған  әдебиеттің  әсері  емес,  оның  бастауы,  қозғаушы  күші  ретінде  ұлттық 
бай  әдеби  дәстүрлер  жатқанын  дәлелдейді.  Қазақ  халқының  өмірі,  оның  көп 
ғасырлық  мәдениеті,  философиялық-эстетикалық  дәстүрі,  орыс  әдебиетінде  жаңа 
тақырыптар,  образдар,  характерлердің  тууына  себепкер  болғанын  Д.  Мамин-
Сибиряк, М.М. Пришвин, Г.Д. Гребенщиков шығармашылығы негізінде көрсетеді.  
Сондай-ақ  Б.Б.  Мамраев  еңбегі  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдеби 
байланыстарын  дамытуда  үлкен  роль 
атқарған,  қазақ  оқырманын  шығыс 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
222 
әдебиеті,  еуропа  әдебиеті,  орыс  әдебиетінің  үлгілерімен  таныстырған  «Айқап» 
журналының  тарихи-мәдени  мәнін  анықтап,  бірқатар  мәліметтерді  жинақтап,  ой-
пікірлерді тұжырымдап беруімен құнды. 
Әдеби  байланыстарды  ұзақ  та  нәтижелі  зерттеулердің  бір  бөлігі 
Н.Жуанышбеков  қаламына  тиесілі.  Автор  «С.  Сейфуллин  поэзиясындағы 
контактілік-типологиялық  байланыс»  атты  кандидаттық  жұмысында  маргиналдық 
орыс  және  қазақ  әдебиеттерінің  типологиялық  қасиеттері  туралы  концепцияны 
ұсынады. Теориялық негізімен, деректік материалдарды кеңінен пайдалана отырып, 
автор  генетикалық  әдебиетаралық  байланыстар  мен  олар  тудырған  рецепция 
формаларына  жүйелі  және  нақты  талдау  жасайды.  Айқындалған  типологиялық 
ұқсастықтар  арқылы  ғалым  ұлттық  және  интернационалдықтың  сипаттың  көрнекті 
ақын С. Сейфуллин шығармашылығындағы рөлін көрсетеді. 
 
Соңғы  кезеңде  Қазақстанда  әдебиеттерді  салыстырмалы-типологиялық 
зерттеу  өзектілігін  күшейтті.  Осылайша  ол  ұлттық  әдебиеттердің  дамуындағы 
заңдылықтарды  ғана  емес,  әдебиеттердің  ұлттаралық  синтезіндегі  заңдылықтардың 
өзіндік ерекшеліктерін, әлемдік мәдени кеңістікте ұлттық әдебиеттердің «сұранысқа» 
ие  екендігін  көрсетеді.  Н.О.  Жуанышбековтың  «Қазіргі  салыстырмалы 
әдебиеттанудың 
мәселелері» 
[9] 
атты 
докторлық 
диссертациясында                            
ХІХ-ХХ  ғасырлардағы  қазақ-орыс  әдебиеттеріндегі,  әсіресе  О.  Сүлейменов 
шығармашылығындағы  фольклор  мен  әдебиет,  әдебиет  пен  дін,  философия  мен 
әдебиет, әдебиет пен ғылым шекарасындағы әдеби қабат зерттеледі. Жұмыс мақсаты 
–  әдеби  байланыстағы  өзге  мәселелерден  бұрын,  әлемдік  әдеби  процестегі 
маргиналдық  мәселесін  көтеру,  дәлірек  айтқанда,  қазақ  және  орыс  әдебиеттеріндегі 
маргинал  ақын-жазушылардың  ерекше  поэтикасы  негізінде,  олардың  маргинал-
қаһармандары  мысалында  маргиналдықтың  типологиялық  қасиеттерін  айқындау. 
Осылайша  Н.О.  Жуанышбеков  өз  зерттеуінде  қазақ-орыс  әдебиеттерінің  ішкі 
байланыстарын зерттеудің жаңа қырын ашты. 
Н.  Жуанышбеков  2005-2007  жылдар  аралығында,  «Жазушы»  баспасынан 
«Әдеби  портрет»  сериясымен,  орыс  тілді  оқырмандарға  ХХ  ғасырдағы  қазақ 
әдебиетінің  көрнекті  өкілдерін  таныстыру  мақсатымен  шығарылған  45  кітаптың 
авторы. Бұл да қазақ-орыс әдебиетіндегі ғылыми байланысқа Н. Джуанышбековтың 
қосқан сүбелі үлесі. 
ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ-орыс  әдеби 
байланыстары  Р.О.  Батырбекованың  кандидаттық  диссертациясына  арқау  болды. 
Зерттеуші  1888-1902  жылдар  аралығында  Омбы  қаласында  орыс  және  қазақ 
тілдерінде шығып тұрған «Дала уәлаятының газеті» беттеріне жарияланған көпшілік 
қауымға  таныс  емес  әдеби  материалдарды  сараптап,  қазақ  әдебиеті  өзге  халықтар 
әдебиетімен  кездейсоқ  байланыста  емес,  сол  кезеңнің  өзінде-ақ  мақсатты,  жүйелі 
байланыс орнатқанын айқындайды. «Дала уалаяты газетінің» Қазақстандағы көркем 
аударма  өнерін  қалыптастыруындағы,  дамытуындағы  рөлін,  әдеби  байланыстар 
тарихында алатын орнын анықтап береді [10]. 
Р.О. Батырбекова 1998 жылы жарық көрген «Әдеби байланыстар тарихынан» 
атты  келесі  еңбегінде  1814  жылы  Лазарев  атындағы  шығыс  тілдері  институтының 
«Шығыстану бойынша еңбектер» деп аталатын атақты басылымында «Қазақ-қырғыз 
тілінен  И.Лаптев  жинаған  материалдар»  деген  қазақ  тілі  мен  әдебиетіне  қатысты 
құнды  зерттеу  материалдарын  ғылыми  айналымға  енгізіп,  орыс  сыншыларының 
қазақ  әдебиетіне,  жекелеген  жазушыларына  берген  бағалау,  рецепция,  сындарынан 
орыс қоғамының қазақ жазушыларына деген үлкен қызығушылығын айқындап, ХІХ 
ғасыр  мен  ХХ  ғасырдың  алғашқы  ширегіндегі  қазақ-орыс  әдеби  байланыстарының 
сипатын анықтайды [10]. 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
223 
Кез-келген әдебиет  өз шеңберінде ғана дамымайтыны анық аңғарылған бұл 
күнде  әдеби  байланыстарға  ерекше  назар  аударылуда.  2004  жылы  «Мәдени  мұра» 
мемлекеттік  бағдарламасы  аясында  жарық  көрген  10  томдық    «Қазақ  әдебиетінің 
тарихында»  белгілі  бір  кезеңдегі  әдеби  байланыстар  жеке  тарау  ретінде 
қарастырылған.  Қазақ  әдебиетінің  кеңес  дәуіріндегі  кезеңіне  1941-1956  жылдар 
аралығына  арналған  8  томындағы  және  1956-1990  жылдар  аралығына  арналған  9 
томындағы  әдеби  байланыстарды  зерттеген  филология  ғылымдарының  докторы, 
профессор  Ж.  Ысмағұлов  еңбегі  әдеби  байланыстарды  белгілі  бір  желіге  жүйелеп, 
өзекті  әрі қауырт  жүзеге асқан шығармашылық бағыттарды айқын көрсете отырып, 
әдебиеттің даму процесімен бірлікте қарастыруымен маңызды [11]. 
Әдеби  байланыстардағы  ізденістерге  үлес  қосқан  соңғы  жылдардың 
зерттеушілерінің  бірі  –  М.  Әуезов  атындағы  әдебиет  және  өнер  институтының  бас 
ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты С.В. Ананьева [12]. 
 
Соңғы жылдары салыстырмалы әдебиеттану мамандығы бойынша қорғалған 
диссертацияларда  қазақ-орыс  әдеби  байланыстары  арнайы  зерттеу  нысанасына 
алынбағанымен, орыс және қазақ әдебиетінің кейбір мәселелерін, әдеби байланыстар 
контексінде  қарастыру  дәстүрге  айналған.  Бұл  қатарда  А.  Ишанова,  Л.  Сафронова,             
Р.  Рүстемова,  Ш.  Адибаева,  Л.  Токатова,  А.  Бейсенбаева,  Т.  Қанғожина  еңбектерін 
атауға болады. 
Мәселен,  Ш.Адибаеваның  диссертациялық  жұмысы  ХХ  ғасыр  соңы  мен  ХХІ 
ғасыр  басындағы  көркем  прозадағы  миф  поэтикасына  арналған.  Бұл  мәселені 
зерттеуші  қазақ және орыс әдебиеттері негізінде қарастырады. Еңбекке нысана етіп 
В.О.Пелевин  мен  А.Ж.Жақсылықовтың  шығармашылығы  таңдап  алынған.  Бұлай 
салыстыра  талдау  жасауға  себеп,  қаламгерлердің  поэтикалық  деңгейінде  мифтің 
құрылымдық  және  мағыналық  элементтерін  кең  қолдануы,  қиял  мен  шындық 
арасында мифті шебер пайдалана білуі, уақыттың циклдік моделінде мифті ұтымды 
қолдануы  және  ең  бастысы  олардың  дүниетанымындағы  ұқсастықтан  туындаған. 
Екеуі  де  дәстүрлі  дүниетанымы  шығыстық  типтегі  шығармашылық  тұлғалар. 
Сондықтан  да  осы  авторлардың  шығармашылығын  талдай  отырып,  классикалық 
әдебиеттегі  мифтің  қызметінің  жүзеге  асу  тәсіліне  қарағанда  трансформацияланған, 
постмодернистік  әдебиеттегі  мифтің  қызметін  анықтайды.  Постмодернистік 
поэтиканың негізгі қасиеттерінің бірі болып көрінетін постмодернистік шығармалар 
құрылымына тікелей қатысатын неомифологизм «көркемдеуіш құралдар» жүйесінің 
белсенді бір бөлшегі ретінде көрініс табатынын көрсетеді [13]. 
Постмодернистік кезеңінде өмір сүріп, шығармашылықпен айналысып жүрген 
В.Пелевин, А.Жақсылықов секілді жазушылар шығармаларының ұқсастығы аясында 
мифологиялық  құрылымды  пайдалануы,  олардың  туындыларындағы  мифологиялық 
элементтер қызметінің ерекшелігін қарастырады.  
В.Пелевин  поэтикасындағы  неомифологизм  интертекстуалдық  сипатта 
жұмсалып,  яғни  ол  көне  және  кейінгі  замандардағы  мифтерден  тақырып,  сарын, 
архиетип, 
символ 
алып 
пайдаланумен 
ерекшеленсе, 
А.Жақсылықовтың 
шығармаларында  мифологиялық  хронотоп  қала  тұрғыны  өзінің  ұлттық  тамырынан 
қол үзіп, табиғаттан алшақтап кеткенін  байқатады. Қос неомифолог жазушылардың 
мифті  пайдалану  тәсіліндегі  ұқсастық  мәтінді  түсінуді  жеңілдетуге  тырысқандығы 
екенін анықтаған зерттеуші, бұл тәсілді авторлар мәтінге анық бір тартымдылық пен 
қосымша  мағына  үстеу  үшін  қолданғанын,  В.Пелевин  мен  А.Жақсылықов 
шығармаларындағы мифтер жаңа сипат пен тың мағынада қолданылғанын, авторлық 
ой мен поэтикалық ой қиысып, өз түп тұлғасынан (прототипінен) айрықша жаңа миф 
туындайтынын,  бастапқы  түп  тұлғасы  мен  екінші  «авторлық»  нұсқа  арасындағы 
айырмашылық жазушының осы мәтінге берген мағынасынан білінетінін дәлелдейді. 
Осылайша  қазіргі  әдеби  прозадағы 
миф  поэтикасы  мен  постмодернизм 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
224 
түсініктерін  салыстыра  отырып,  мифологиялық  парадигма  постмодернизм  ойларын 
айқындаудың маңызды формуласы болатынын анықтап, сол арқылы қазіргі ресейлік 
және қазақстандық постмодернизм ерекшеліктерін көрсетеді. 
Қазақ  және  орыс  әдебиетінің  байланыстарына  арналған  еңбектерді  талдай 
отырып,  бұл  саланы  зерттеудің  әдебиеттануымызда  тұрақталған  дәстүрлері  бар 
екендігін баса айтқанымыз жөн.  
1)  қазақ-орыс  әдеби  байланыстарының  белгілі  кезең  шеңберіндегі  әдеби 
процеспен бірлікте арнайы зерттелуі; 
2)  қазақ  және  орыс  әдебиетінің  кейбір  мәселелерінің  әдеби  байланыстар 
контекстінде зерттелуі; 
3) Қазақстанда орыс әдебиетінің зерттелуі.  
Яғни бұл саланы зерттеудің әдебиеттануда осындай дәстүрлері орныққан. 
 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
 Әуезов  М.О.  Жиырма  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.  1  –  Алматы: 
Жазушы, 1985. – 364 б. 
2.
 
 Кунаев  Д.  М.О.Ауэзов  и  русская  литература.  –  Алматы:  Санат,  1995.  –
112 с.  
3.
 
Фетисов  М.И.  Русско-казахские  литературные  отношения  в  первой 
половине ХІХ века. – Алматы: Худжественная литература, 1959. – 479 с.  
4.
 
Кереева-Канафиева  К.Ш.  Русско-казахские  литературные  отношения 
(вторая  половина  ХІХ  века  –  первое  десятилетие  ХХ  века).  –  Алматы:  Казахстан, 
1980. – 280 с.  
5.
 
Сатпаева  Ш.К.  Казахско-европейские  литературные  связи  ХІХ  и  первой 
половины ХХ века. – Алма-Ата: Наука, 1972. – 280 с.                                                                       
6.
 
Сәтбаева  Ш.Қ.  Чокан  Валиханов  и  русская  литература.    –  Алма-Ата: 
Жазушы, 1987. – 181 с. 
7.
 
Бадиков В.В. Новые ветры. – Алматы: Жибек жолы, 2006. – 333 с. 
8.
 
Мамраев Б.Б. Казахские литературные связи начала ХХ века.  – Алматы: 
Ғылым, 1991 – 93 с. 
9.
 
Джуанышбеков 
Н.О 
Проблемы 
современного 
сравнительного 
литературоведения. – Алматы: КазГУ, 2000. – 287 с. 
10.
 
Батырбекова  Р.О.  Русско-казахские  лиретатурные  связи  конца  ХІХ 
начала  ХХ  вв.  /  Автореф.  дисс.  ...канд.  филол.  наук.  –  Алматы,  1994.  –  25  с. 
Батырбекова  Р.О.  Из  истории  русско-казахских  литературных  связей.  –  Алматы, 
1998. – 144 с. 
11.
 
Ысмағұлов  Ж.  Әдеби  байланыстар  /  Қазақ  әдебиетінің  тарихы  (1941-
1956).  – Алматы: Қаз.Ақпарат, 2006. Т.8. – 520 б. Қазақ әдебиетінің тарихы (1956-
1990). – Алматы: Қаз.Ақпарат, 2006. Т.9. – 520 б. 
12.
 
Ананьева С.В. Время – пространство – автор. – Алматы, 2003. – 111 с. 
13.
 
Адибаева Ш. Поэтика мифа в художественной прозе конца ХХ  – начала 
ХХІ веков: автореф. дисс.  ... канд.филол.наук: 10.01.08. – Алматы, 2005. – 25 с. 
*** 
Солтанаева Е.М. 
Проблемы исследования истории русско-казахских литературных связей 
В  советскую  эпоху  тема  казахско-русских  литературных  связей  получила 
широкое освещение. Казахско-русские литературные отношения начала и середины 
ХХ  века  стали  объектом  исследования  целого  ряда  научных  работ.  В  статье 
анализируется  проблемы  и  результаты  исследовательских  работ  посвященных 
русско-казахским отношениям.  

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
225 
Ключевые  слова:  литературные  отношения,  контактно-генетические 
связи, диалог, созвучие, национальная литература, внешние связи.  
*** 
Soltanaeva E.M. 
Problems of research the history of Russian-Kazakh literary relations 
In  the  Soviet  era  theme  of  the  Kazakh-Russian  literary  relations  was  widely 
publicized. Kazakh-Russian  literary relations  early and mid-twentieth  century  became the 
object  of  study  of  a  number  of  scientific  papers.  The  article  analyzes  the  problems  and 
results of research devoted to Russian-Kazakh relations. 
Keywords:  literary  relations,  contact  and  genetic  relationships,  dialogue, 
harmony, national literature, external relations. 
 
 
*** 
 
 
ӘОЖ 82-7(045)02 
Қабылов Ә.Д. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, 
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті 
E-mail: adlet_kabylov@mail.ru 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет