171
Тұт ағашы сүрегі ӛте жіңішке (жылдық қабаты 3...5) ақ сарғыш түсті будақ
тұқымдас, шұғыл шектеулі ядродан қоңыр-қызғылт түс береді. Сүрек жарық-
тың әсерінен қараңғы және қара-қоңырға айналады. Жылдық сақиналары
жақсы кӛрінеді. Ӛзектің сәулелері жіңішке, бірақ сүректің ашық кӛлденең
кесіндісінде едәуір жақсы кӛрінеді. Сүрек қатты, ауыр, әдемі түсті және
жылтыр текстуралары техникалық және кӛркемдік бұйымдарда қолданылады.
Эвкалипт (Eucalyptus). Эвкалипттің отаны – Аустралия (мұхиттық).
Биіктігі 150 м жететін алып ағаштардан бӛлек 500-ден астам түрі бар.
Эвкалипттер тез жылдамдықпен ӛсумен ерекшеленеді.
Қаратеңіз жағалауында 150 ден астам түрі сынақтан ӛткізілді. Оның ішінде
аязға тӛзімді ӛте үлкен Дальримпля эвкалипт ағашы – Eucalyptus dalrympleana
Maiden.
Эвкалипт – шашыраңқы-тамырлы жапырақ ядролы тұқымдас. Сүрегі
ашық, ядро түрлі түсті қоңыр реңді түс (күрең, күрең-қызғылт). Жылдық қабат-
тары кӛлденең кесіндіде ғана байқалады. Ӛзектің сәулелері жіңішке болған-
дықтан жай кӛзге кӛрінбейді. Ӛзектің сәулелері сансыз, біртекті, жай кӛзбен
айырмашылық байқалмайды.
Эвкалипттың физика-механикалық құрамы ботаникалық түрге тәуелді.
Кӛп жағдайда құрғақ сүректің тығыздығы 700...900 кг/м
3
; сүрек беріктілік және
биотӛзімділік қасиетке ие.
Эвкалипттің сүрегін вагон құрылыстарында, бағана құрылыс, бетіне шӛрке
тӛселген кӛше және су асты құрылыстарында қолданылады. Жапырағынан
медицинаға бағалы эфир майларын және жылыту үшін газ алынады.
Достарыңызбен бөлісу: