Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет145/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

Бӛшке бҧйымдары. Бұл бұйымдарды шырша, майқарағай, қарағай, 
самырсын, балқарағай, кӛктерек, жӛке, қайың, емен, шамшат, шаған және 
үйеңкі ағаштарының сүректерінен жасалады. 
Б ӛ ш к е н і орман шаруашылығында сағыз, бал, шырындар, мұздатылған 
және жібітілген жемістер мен жидектерді сақтауда және тасымалдауда, 
сонымен қатар басқа да мақсаттарда пайдаланадаы. Бӛшкелер құйылмалы 


233 
(эмальданбаған және эмальданған) және құрғақ заттарға арналған болып 
бӛлінеді. Құйылмалы бӛшкелерді дайындау үшін қайың сүрегінен жасалған 
дайын-дамаларды пайдалануға жол берілмейді, ал қарағай сүрегін – азық-
түліктік ӛнімдерге арналған бӛшкелерді дайындайда қолданбайды. Әдетте 
бӛшкелерді 5-тен 250 л дейінгі сыйымдылықпен шығарады. 
Жұмыс істеу мерзімі бойынша бӛшкелерді кӛпреттік қолданыстағы және 
қарапайым деп бӛледі. қолданыстағы МемСТ 11288-75 бойынша дайындалған 
шарап, сыра, шырындар үшін пайдаланылатын сыйымдылығы 15 немесе 25 л 
кӛпреттік қолданыстағы құйылмалы бӛшке 14.4-суретте кӛрсетілген. Ол 
керегеден, алынбалы және түпкілікті түптерден, металл шеңберден және басқа 
да бӛлшектерден тұрады.
Бӛшкелерді жасауға арналған шегелер екі түрге бӛлінеді: бүйірлік және 
түптік. Сыйымдылығы 15-тен 250л дейінгі бӛшкелер үшін бүйірліктің ұзын-
дығы 284-тен 800 мм дейінгі аралықта, ені 50...110 мм, қалыңдығы 16...22 мм 
болады; түптіктің ұзындығы 200...680 мм, ені 50...180 мм, қалыңдығы 16...22 
мм. Сүректің сапасына, әсіресе құйылмалы бӛшкелердй дайындау үшін 
қолданылатын сүректерге, айтарлықтай жоғары талаптар қойлады [13]. 
 
 
 
 
14.4-сурет. Кӛпреттік қолданыстағы 
бӛшке: 
1 – кереге шегесі; 2 – кертік құрсау; 3 – 
байлам құрсау; 4 – шеге; 5 – сына; 6 – 
алынбалы түп; 7 – ұстағыш; 8 – 
тығыздағыш тӛсеніш; 9 – тиекті сақина; 
10 – түпкілікті түп; D, H, d – габаритті 
ӛлшемдер; D
1
, H
1
, d
1
– ішкі ӛлшемдері
Күбілер, ағаш шелек және лагуналар әртүрлі сыйымдылықтағы ашық 
ыдыстар 
түрінде 
болады. 
Олар 
бӛшкелер 
дайындалатын 
ағаш 
тұқымдастарының сүректерінен жасалады. Гүлзарлар – сыйымдылығы 5...30 л 
болатын ашық ыдыстар, негізінен кӛктерек, жӛке, шырша және майқарағай 
сүректерінен жасалады. Ашық ыдыстардың сүректерінің сапасына қойылатын 
талаптар бӛшкелерге қойлатын талаптармен шамамен бірдей келеді. Алайда 
бӛшкелерге қарағанда оларда бір бұйымда бірнеше тұқымдас сүрегінің аралас 
қолданылуы мүмкін, нақтырақ айтатын болсақ кӛктерек пен жӛке, шырша мен 


234 
майқарағай. Рұқсат етілген ақаулардың нормалары РСТ РСФСР 161 – 88 
келтірілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет