31
Паренхимді жасушалар. Қыста жапырақтарын түсіретін, отандық
жапырақты ағаш тұқымдастарында қоректік заттар қорының кӛлемі
(паренхимді жасушалардың) қылқан жапырақтыларға қарағанда кӛп.
Паренхимді жасушалар сүрек діңінің кӛлемінің 8-ден 40% дейінгі бӛлігін алып
жатыр. Олар кӛлденең бағытталған жасушалардан (ӛзек сәулелері) және тік
бағытталған (ӛстік сүрек паренхимасы) жасушаларынан тұтас бір жүйені
құрайды.
Жалпақ жапырақты ағаш тұқымдастарының ені бойынша ӛзек сәулелері
бірден (шаған) бірнеше ондаған жасуша қатарларына (енді емендер), ал биіктігі
бойынша бірнеше қатардан (шамшат) бірнеше ондаған қатарға дейін немесе
тіпті жүздеген қатарға дейін (емен) ие болады. Тангенциал қимада біркелкі (ені
бойынша) ӛзек сәулелері тік жасушалардың тізбегі түрінде болады, ал
кӛпқатарлылар – ұршық пішінге ие. Сәуле бойымен емес, кӛлденең бағытта
созылған кейбір ағаш тұқымдастарының жоғарғы және тӛменгі қатарларының
(шеткі) жасушалары тік қалыптағы деп аталады. (1.13,
е-сурет); мұндай
сәулелер әртүрлі атауларға ие болады (барлық жасушалар пішіні бойынша
бірдей біртектілермен салыстырғанда).
Кейбір жапырақты ағаш тұқымдастарында (қызылқайың, қандыағаш,
шаттауық) осыған дейін айтылып кеткендей, бір біріне жақын тұрған жіңішке
сәулелерден құралатын жалған енді ӛзек сәулелері кездеседі.
Тропикалық және ортаңғы сызықтың (пісте ағашы) кейбір тұқымдас-
тарында тас жолдары орналасқан, олар суда еритін полисахаридтер мен басқа
да заттардан тұрады.
Сүрек паренхимасы ӛзек сәулелерімен салыстырғанда айтарлықтай аз
кӛлем алып тұрса да, кейбір ағаш тұқымдастарында олардың үлесіне сүректің
жалпы кӛлемінің бірнеше пайызы тиесілі. Қарапайым тесікті жасушалардың тік
қатарларынан тұратын
сүрек паренхимасының тәждері (1.13,
ж-сурет) жиі
кездеседі. Желек жасушаларының қуыстары заттармен толтырылған. Ұршық
тәрізді паренхималар сирек кездеседі (қайыңда, жӛке ағашында, қарағашта
және т.б.). Ұршық тәрізді паренхимді жасушалардың қуысында әдетте заттар
болмайды, сондықтан жіңішке қабырғалы либриформа талшықтарының ішінен
және ірі қуысты трахеидтердің арасынан табу қиынға түседі.
Кӛлденең қимада сүрек паренхимасының орналасу орындары әр түрлі
болып келеді. Бірнеше ағаш тұқымдастарында ол түтікшелердің орналасуымен
байланысты емес (мысалы, қайыңда, шамшатта, еменде), басқа ағаш түрлерінде
(мысалы, шаған, құрма) паренхималар түтікшелердің жанында топталып орна-
ласады.
Сүректің микроскопиялық құрылымы бойынша, қолданыстағы анық-
тағыштарды пайдалана отырып, сыртқы түрі бойынша анықтағанға қарағанда
әлдеқайда дәлірек тұқымдастық түрін орнатуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: