23
Амилоидты дистрофия негізіне ақуыз алмасуының бұзылуы жатады. Бұл
үрдісті шақыратын тікелей емес себептер болып, созылмалы
іріңдер және некрозды
ұлпалармен сүйемелденетін(абсцесстер, актиномикоз, туберкулез және т.б.) әр
түрлі аурулар болып табылады. Амилоидоздың дамуы ұлпалық ақуыздардың
төмендеуі өнімдерді соруы үлкен мәнге ие. Амилоидоз іріңдеулерсіз және
ұлпалардың жансыздануынсыз-ақ дами алады. Бұл дистрофияның дамуы кезінде
қоректену маңызды рөл атқармайды. Мысалы, үйректер мен қаздардың
амилоидозы қарқынды тамақтануымен негізделеді. Тәжірибе жүзінде жалпы
амилоидтық дистрофияны мына жануарлардан, әсіересе, ақ тышқандар, қояндар
мен иттердің асептикалық іріңдеуі секілді, мысалы, өлі және тірі микроағзаларға
скипидармен
енгізілгендей(стафилакокктар
және
т.б.).
Бұдан
басқа,
тышқандардағы амилоидоздарды ақзатпен байтылған рациондармен қоректендіру
арқылы, сонымен қатар, бұлшықетке ақзатты заттарды енгізу жолдары арқылы
шақыруға болады(козеин және т.б.). ережеге сай, амилоидты дистрофия
жылқыларда кездеседі.
Жалпы амилоидоздың патогенезі әлі күнге дейін дәлелді түрде
анықталмаған. Кейбір зерттеушілер, амилоидозды преципитация реакциясы дамуы
арқылы болатын иммунологиялық үрдіс деп қарастырады, нәтижесінде
аутоантигендер мен аутоантиденелрдің байланысуы ұлпалардың төмендеу
нәтижесінде қанда пайда болады деп есептейді. Ал басқалары, амилоидоз
патогенезі плазмадағы патологиялық ақзаттардың және буындар қабырғасына
жоғары енуінің артық салмақтың пайда болуы ең маңызды айқын көрінісі деп
санайды. Аргорифильді мембрана арқылы амилоид түзіледі – ағза үшін ақзатты
заттардың мукополисахаридтерімен(хондроитинсульфаттармен бірге) бірге бөгде
өнімдерді байланыстыру болып саналады. Ал кейбір зерттеулерге сүйенсек,
амилоидты масса ретикулоэндотелиалды жүйенің ақуыз жасушасының бүлдіргіш
синтез өнімі болып табылады.
Жалпы амилоидоздың нәтижесі қолайсыз, себебі, амилоидты шөгінділер
атрофияны, ағза жасушаларында паренхиматозды некроз тудырады. Жылқыларда
бауыр амилоиды созылыңқы болуымен ерекшеленеді, ішкі мүшелердің қан
айналымының бұзылуымен шақырылады, әдетте, бұл малдың өліміне әкеледі.
Егерде өз уақытында ағзадағы амилоидты масса алып жасушалармен
сіңірілсе амилоидты дамуды шақыратындығы экспериментальды зерттеулермен
дәлелденген.
Жергілікті амилоидоз, амилоидтың дәнекер ұлпадағы гомогенді тығыз
заттардың шөгуімен және буын қабырғасында шектеулі бөлімінде болуымен
сипатталады. Мұндай амилоидты түзілулер, альвиоллалардағы созылмалы
пневмонияда, ересек иттердің қуық асты безінде, жылқылардағы мұрын
қуысындағы кілегейлі қабығында, сонымен қатар, дегенерация және некроз
24
кезіндегі орталық жүйке жүйесінде кездеседі. Жергілікті амилоидоз, ұлпалар мен
ағзалардың созылмалы қабынуында лимфалардың тоқырау нәтижесінде
дамитындығы жорамалданған.
Достарыңызбен бөлісу: