Жануарлар патологиясы (патморфология) ғылымы әр түрлі аурулар
кезінде адам және жануар ұлпалары мен ағзаларындағы морфологиялық
өзгерістерді зерттейді, яғни – ауру заңдылықтары туралы оқытады.
Ауру ағзадағы функциональдық өзгерісін зерттейтін патологиялық
физиологиямен бірге, ол патология (грек.phatos – қайғыру, аурулық жағыдай logos
- ғылым) ғылымының бір бөлігі болып табылады.
Анатомия мен гистологиядан айырмашылығы, ол әр түрлі ауру үрдістері
кезінде ағзалар мен жеке жүйелерде, ағзада өтетін өзгерістерді қарастырады.
Олай болса патология