110
іркілген гиперемияланған дақтар түріне ие болады. Бұл орындарда тері асты
клнчаткасы қызылдау (гемоглабин имбибиациясы нәтежиесінде). Қуыстарында
(кеуде және құрсақ) фибринді транссудат болады, олар асқазанның, ішектің,
плевраның, перикардтың серозды қабатына жабысады.
Кқк бауырдың гиперемияланған қойртпақтары күрең түсті, көгілдір реңді.
Қойыртпақтары қысымды, сәл болбырланған, кескен кезде ісінеді, беткейіндегі
қырындысы кішкентай: фолликулалар мен трабекулалар байқалмайды. Лимфа
түйіндері гиперемияланған, қызы-көк түсті, көлемі ұлғайған, кескен кезде
шырынды.
Микроскопиялық өзгерістер серозды лимфаденитке тән. Асқазанның кілегей
қабығының безді бөлігі ісінген, ашық – қызыл түсті, анық қанталаулар,
созылыңқы шырышпен қапталған. Осындай өзгерістер ішектің жіңішке бөлігінде
де болады. Кейде катаральді қабынулар пейер қотырларының гиперплазиясымен,
солитарлы фолликулалармен сүйемелденеді.
Бүйректер күрең қызыл түсті және осы фонда сирек дақтар пайда болады.
Кеске кезде: қабықшалы және ми затының арасындағы шекаралары өшірілген.
Қабықшалы қабаттағы мальпигилі шумақшалар толысқан (күрең түсті).
Микроскопиясы:бауеменді капсулалар қуысында геморрагиялық экссудаттың
жиналуы, ал бүйрек ұлпаларының өзгерісі геморрагиялық гломерулонефритке
сәйкес.
Жуан ішекте, шажырақай безінде, бауырда, жүрек бұлшық етінде, өкпелде –
венозды қанға толулар. Өкпедегі іркілген гиперемия өткір ісінумен жалғасады,
және осы кезде бронхтарда, трахеяларда мұрыннан бөлінетін көбікті қызғылт
сұйықтық болады. Қан кету тілмеге тән ерекшелік
болып табылмайды, әдетте бұл
сібір жарасы мен обаға тән. Олар жеке жатқан лимфа түйіндерінде, эпикард
астында, бүйректерде, жіңішке ішекте және серозды қабықшаларда кездесуі
мүмкін. Жүрек бұлшық етін кескен кезде сұр ұяшықтар мен жолақтар көрінеді,
олар түйіршікті дистрофия аумағына сәйкес.
Аурудың өткірлеу ағымы күбіреуіктер түзілген серозды дерматиттің
болуымен сипатталады (қалақай сүзегі – «есекжем»). Құрсақ, бел, арқа, кеуде
аумақтарында пішіні әр түрлі аумақтар кездеседі (1-4 см). Ашық – қызыл немесе
қып – қызыл түсті, зақымдалмаған теріден 3-4 мм-ге көтеріледі. Зақымдалған
аумақтардан қызыл жиекпен жиектелеген ақ күлдіреуіктер (ішіне серозды
сұйықтық жиналады) немесе ақшыл – қоңыр қабықшалар көрінеді. Некроз болған
жағыдайда қиқымдары түсіп қалады.
Тілменің созылмалы ағымы тілменің варикоздық эндокардиті мен артритінің,
кейде некротикалық дерматитінің болуымен сипатталады.
Патогенезі: Ағзаның аллергиялық жағыдайына байланысты туындайтын
эндокардит. Жиі екі қақпалы клапандар, сирек үш қақпалы, аортальді және өкпе
112
Патогенезі: Пастереллез өткір өтеді (жануар 12-24 сағаттан кейін өледі)
немесе ұзақ уақыт өткен соң крупозды пневмонияның дамуына алып келеді. Ірі
қара малдарда өткірден тыс (ісікті формасы) және өткір (кеуделік формасы) өтеді.
Өткірден тыс ағым кезінде ашып сою көрінісі сероздық қабықшалардағы
қанталаулармен,
лимфа
түйіндерінің
ісінуімен,
олардағы
ауқымды
қантанталаулармен, сероздық қабықшалардағы қанды сұйықтықтың болуымен,
геморрагиялық сипаттағы өткір гастроэнтеритпен сипатталады. Бас, мойын,
кеуде, жыныс ағзалары және артқы қуыс саңылаулары аумағындағы бұлшық ет
аралық және тері асы клечаткасына ісіну тән. Жаппай ісінулер жұтқыншақ және
жақ аралық кеңістігінде пайда болады. Паренхиматозды ағзаларда дистрофиялық
өзгерістер байқалады (бүйрек, бауыр, жүрек). Сібір жарасынан ажырату керек
(көк бауыр, геморрагиялық лимфаденит). Пастереллездің кеуделік формасын
контагиозды формадан ажыратады (өкпенің мәрмәрлығы және секвестрдің
болуы).
Патологиялық диагнозы: Сүт қоректілердің пастереллезі. Өткірден тыс
формасы (ісіктік).
Бас, мойын, кеуде аумағындағы тері асты және бұлшық ет аралық
клечаткалардың, еріннің, тілдің, жұтқыншақтың, көмекейдің серозды – қабынған
ісіктері. Ішек қарын жолының кілегей қабықтарында, эпикард, құрсақ
қуысындағы, плевра, трахея кілегей қабықтарында геморрагиялар пайда болады.
Жақ асты, жұтқыншақ арты, жауырын алды лимфа түйіндерінің серозды-
геморрагиялық лимфадениті. Бауырдың, бүйректің және миокардтың түйіршікті
дистрофиясы. Көк бауыр жауап қайтармайды. Өткір катаральді абомазит және
энтерит. Өкпенің гиперемиясы мен ісінуі, кейдк серозды пневмония.Сүт
қоректілердің пастереллезі.
Өткір формасы (кеуделік).
Некрозды лобарлық крупозды пневмония. Серозды – фибринозды плеврит
және перикардит. Геморрагиялық диатез құбылысы. Бронхиалдық және
қабырғалық лимфа түйіндерінің серозды қабынуы. Бүйректің, бауырдың және
миокардтың түйіршікті дистрофиясы. Өткір катаральді гастроэнтрит.
Достарыңызбен бөлісу: