Құрметті студенттер!



бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі35 Kb.
#15592
1   2   3
Сондай-ақ бизнес-ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын шараларға мыналар жатады:

– заңнаманың айқындығы мен толықтығы; – мемлекеттің экономикаға араласуын қысқарту;

– мүдделер шиеленісін жою;

– мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін қабылдау;

– мемлекеттік қызметшілердің сайланбалығы. Әртүрлі қызмет салаларын нормативтік құқықтық реттеудегі кемшіліктер

– сыбайлас жемқорлыққа апаратын негізгі себеп. Бұл Қазақстан үшін жүйелі әрі ұзақ мерзімді мәселе болып отыр.

Бұл мәселенің шешімі тек мемлекетке ғана емес, «қоғам-билік-бизнес» диалогының қаншалықты нәтижелі болуына байланысты. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру құралы. Қазіргі заман жағдайында бизнес ортадағы 161 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің тамыры оның әлеуметтік жауапты әрекетінде жатыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – бұл кәсіпкерлердің осындай саясат жүргізіп, осындай шешім қабылдауға және қоғам мақсаттары мен құндылықтары жағынан ерікті болып саналатын қызмет бағыттарын таңдауға ерікті түрде міндеттелуі болып табылады.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің аумағы мен бағыттары белсенді түрде кеңеюде.

Ол қайырымдылық шараларымен шектеліп қана қоймай, мынадай шараларды да қоса орындайды:

– бизнес жүргізу процесінің құқықтық нормаларға сай болуы;

– кәсіптік және іскерлік этика қағидаларын сақтау;

экологиялық нормаларды сақтау; – компания қызметкерлері алдында өз міндеттерін орындау;

– тұтынушылар алдында өз міндеттерін орындау және т.б.

Кәсіпкерлік құрылымдары мен мемлекеттік билік өкілдері өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасайды. Мысалы, «Қазақмыс» корпорациясы мен Қарағанды облысы басшылығы арасында жасалған өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуді көздейтін меморандум негізінде корпорация ауруханалар мен спорт ғимараттарын, мәдениет нысандарын жөндеу мен салуға 4,2 млрд теңгені құрайтын қаражат бөлді.

Сонымен қатар, корпорация шетелде білім алып жатқан студенттерге қолдау көрсетіп, өңірдегі колледж бен ЖОО студенттерін тәжірибеден өту базаларымен қамтамасыз етеді, өңірдің қалаларын көркейтуге қаражат бөліп, облыстық денсаулық сақтау мен білім беру салаларын қаржыландырады. ERG (EurasianResourcesGroup) компаниясы 11 жыл бойы көрнекті үлгі көрсетіп, өз кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында маңызды әлеуметтік-экономикалық жобалар бойынша меморандум жасап келеді. Компания 2012–2014 жылдар аралығында Павлодар облысының дамуына 7 млрд теңгеге жуық қаражат бөлді. Бұл қаражатқа Ақсуда спорт сарайы, Екібастұзда балалар музыка мектебі, Павлодарда спорттан дарынды балаларға арналған жүзу бассейні салынды. Қазақстанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында жыл сайын «Парыз» республикалық конкурсы өткізіледі. Конкурстың негізгі мақсаты – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаларын дамыту, оны қоғамның өзекті мәселелерін шешуге белсене қатыстыру және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қоғамдық санада оңтайлы қабылдауды қалыптастыру.

Жеңімпаздарға үш номинация: «Жылдың ең үздік әлеуметтік жобасы», «Ең үздік ұжымдық келісімшарт» және «Ең үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», үш категория: шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері бойынша лауреат атағы беріледі. Бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, дамыту мақсатында бизнесмендерге арнап корпоративті әлеуметтік жауапкершілік үшін «Парыз» сыйлығы секілді марапаттаулар енгізу мақсатқа лайықты болып табылады. 162 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске атсалысқандығы үшін ынталандыру мақсатында мемлекет қоғамға танылу деп аталатын оңтайлы бастаманы қолдана алады .



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қоғамның барлық мүшелері атсалысуы керек. Бизнес қауымдастықтары мен үкіметтік емес ұйымдарды жемқорлыққа қарсы күрес науқанына қатысуға шақырып, олардың бастамаларына қолдау көрсету қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет