Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет101/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Пайдаланылған әдебиеттер
1 Совершенствование законодательства в сфере физической культуры и спорта: Материалы Всероссийской научно-практической конференции. 28-30 май 2001г., г. Суздаль. – М.: Советский спорт 2001;
2 Переверзин И.И. Искусство спортивного менеджмента. Москва. Советский спорт. 2004.
3 Рожков П.А. О реализации государственной политики в сфере физической культуры и спорта в 2001 году. – М.: Советский спорт, 2002.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ


А.Ә. Әділханова., магистрант, Абай атындағы ҚазҰПУ


Резюме
В статье рассматривается эффективность использования педагогом информационно-коммуникативных технологий в процессе воспитательной деятельности детей дошкольного возраста. Автор характеризует различные виды технологий как продуктивных способов развития личности.
Summary
In article efficiency of use by the teacher of information and communicative technologies in the course of educational activity of children of preschool age is considered. The author characterizes different types of technologies as productive ways of development of the personality

ХХІ ғасыр экономика мен қоғамның дамуы. Қазақстанның білім беру жүйесін қайта құруды қажет етеді. Қазақстан әлемдегі жетекші елдердің тәжірибесіне сүйене отырып білім берудің жаңа статегиясына өтті. Қазақстанның білім беру жүйесі әлемдегі білім беру саласымен үндесіп жаңашыл сипат алды.


Республикамызда заманауи шығармашыл тұлғаны дамытуға бағытталған инновациялық технология бойынша оқытуға бағыттауда. Мектепке дейінгі ұйым міндеті – тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.
Қазіргі кездегі білім бері жүйесіндегі инновация – білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалық енгізу, жаңа әдіс – тәсіл, құралдарды, амалдарды, жаңа тұжырымдамаларды жасау, тәжірибеде қолдану.
Ақпараттық – коммуникациялық технология баланың дамуына қажетті технологияны педагогтың тиімді педагогикалық әдістерді таңдауы, тәжірибеде қолдануға керекті әдістемелік материалдарды ұсынады.
Мектепке дейінгі ұйым педаготары келесі технологияларды қолданады:

  • денсаулық сақтау технологиясы;

  • жобалық әрекет технологиясы;

  • зерттеуші әрекет технологиясы;

  • ойын технологиясы;

  • жекелік – үйлестіруші технологиясы;

  • тәрбиеленуші мен тәрбиеші портфолио технологиясы;

  • ақпараттық – коммуникациялық технология.

Ресей, Жапония, АҚШ, Қытай және тағы басқа дамыған елдер мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалды дамуын ерте бастан анықтап оқытады және тәрбиелейді. Интеллектуалды дамыған баланы тәрбиелеуде ғылымның жетістіктері мен ақпараттық технологияны қолдануда жаңа типтік мектепке дейінгі білім беру ұйымының желісі – интеллектуалды мектепке дейінгі ұйым іске асырады. Дамыған елдер баланы болашақ капитал ретінде қарайды.
Инновация – қойылатын мақсатқа жету. Инновация балабақшада тиімді қолдана алу үшін келесі шарттарды орындау қажет.
Бірінші, енгізуге түрткі. Педагогтық мәселені шеше алуы, жұмысының нәтижелілігі.
Екінші, инновациялық іс – әрекетке дайындығы. Тәрбиешінің құзіреттілігін қалыптастыру. Ақпаратты қабылдап, жеткізуі.
Үшінші, баланың қабілетін арттыру, жеке мүмкіндіктерін анықтау, жаңа материалдарды игеруге ықпал ету.
Төртінші, баланың танымдық белсенділігін дамыту.
Бесінші, тәрбиешінің баламен қарым – қатынасын ұйымдастыру.
Алтыншы, инновациялық технологияны жетік меңгеру.
Жетінші, ақпараттық – коммуникациялық технологияны жетік меңгеру.
Қазіргі кезде ғылымның және ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты келіп жатқан инновациялық технологияларды оқу процесіне ендіруде әлі де болса кемшіліктер кездеседі. Инновациялық технологияларды ендіріп қана қоймай, жүйелі жұмыс жасау, технологияларды өз қажеттілігіне орай түрлендіріп, жаңа нәсе ойлап табуы. Инновациялық технологияларды балалардың ерекшелігіне және тағы басқа қасиеттеріне қарай бейімдеу.
Ақпараттық технология мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің ұйымдастырудың тиімді жолы екені айқын. Ақпараттық технология – ақпаратты құру, беру және тарату үшін қолданылатын компьютерлік құрылғылар, мультимедия, аудио және видео тағы басқа құралдар.
Барлық әлем қолданатын ақпараттық технологиялар елімізде де кеңінен қолданылуда және оның тиімділігі айқын байқалады.
Ақпарат - бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект[1].
Ақпараттық технология – белгілі бір міндеттерді орындау бойынша әрекет сызбасы және оның техникамен қамтылуы. Интернет желісінде және компьютерде жұмысты жеңілдету үшін пайдаланылады. Ақпаратты тарату, өзгерту, сақтау, жинақтау үшін құрал ретінде қолданылады[2].
Ақпараттық – коммуникациялық технология – белгілі бір күткен нәтижені алу үшін ақпаратты қолдану, тапсыру, сақтау, өңдеу, автоматтандырылатын әдістер, амалдар, құралдар жиынтығын көрсететін информатиканың ғылыми аясындағы қолданбалы бөлігі[3].
Ақпараттық – коммуникациялық технологияларға интернет, электронды есептеуіш машина, интерактивті тақта, электронды оқулық, мультимедиа жатады.
Internet – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.
ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Электрондық оқулық дегеніміз- мултимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық баланың уақытын үнемдейді, оқу материалдарынтиімді игеруге, өтілген және баланың ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, баланың өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулықтың ең қажет элементі-аудиохабарлар.
Мультимедиа – бұл компьютерлік жүйедегі мәтін, дербес, видебейнелерді, графикалық бейнелерді және анимацияларды біріктіруге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы компьютерлік ақпараттық технология.
Қазіргі заман талаптарына сай мектепке дейінгі ұйым компьютерлік техникалармен жабдықталған. Біл білім сапасының сапалы болуын қамтамасыз етеді. Тәрбиеші баланы ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде ынталандырады, білім, білік дағдыларын қалыптастырады, қызығушылығын арттырады.
Қорытындылай келгенде, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін тиімді, қызықты, көрнекі, дәстүрлі білім беруден бас тартуға, баланың білімге ынтасын арттырады. Ақпараттық көммуникациялық – технологиялар білім сапасын арттырады, тәрбиеші мен тәрбиелленушінің ынтымақтастықта жұмыс жасауына мүмкіндік береді, ата – аналармен ақпараттық орта құру арқылы байланыс орнатады, баланың білуге, білімге ізденісі, құштарлығы артады, шығармашылық, еңбекқорлық, ізденімпаздық қасиеттері қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет