1929 ж. (Г.Дам) синтездік жолмен алынған жем берілген тауықтың қан ұюы нашарлауы және терісінің астына қан құйылу құбылысы байқалған. Мұндай аурудың тауық организмінде К витамині жетіспегенің байқаған.
К витаминін 1939 ж. Каррер жоңышқадан бөліп алады. Ол К витамині немесе филлохинон деп аталады.
К ВИТАМИНІ ЖЕТІСПЕГЕНДЕ:
Тері астына және бұлшықеттерге
қан құйылады (геморрагия);
протромбиннің антигемофильдік глобулин шамасы төмендейді;
Қандағы проконвертінің және Х факторының мөлшері азаяды.