Руководителю соц



бет42/51
Дата21.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#120094
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51
Байланысты:
патфиз-ОМ-каз-ПРАКТИКА-дайын

Б. тәжірибе Тәжірибеге 3 қоян қолданылды. А. қоянға көктамыр ішіне пирогенал енгізілді. 5 минуттан кейін А. қояннан қан алынып 5 мл сарысу дайындалып, ол Б. қоянға енгізілді. Тағы 120 минут өткеннен кейін А. қояннан қан алынып, 5 мл сарысу дайындалып, көктамыр ішіне В. қоянға енгізілді. Қояндардың үнемі дене қызымы өлшеніп тұрды. В. қоянында Б. қоянымен салыстырғанда сарысу енгізген уақыттан бастап есептегенде дене қызымы тез және айқын түрде көтерілді. Неге?

В. тәжірибе. ОЖЖ-нің қызба дамуындағы қызметтік маңызын анықтау үшін 3 егеуқұйрыққа келесідей тәжірибе жүргізілді. № 1 егеуқұйрықтың іш қуысына 200г дене салмағына 0,6 мл 0,05% фенаминді енгізеді. № 2 егеуқұйрыққа – 4% гексенал ерітіндісі сол көлемде енгізіледі. № 3 егеуқұйрыққа – NaCl изотониялық ерітіндісін жоғарыдағыдай көлемде енгізеді. № 2 егеуқұйрықта есірткілік жағдай дамығаннан кейін барлық жануарлардың дене қызымы өлшеніп, 3 егеуқұйрыққа да бұлшықеттеріне пирогеналды бірдей мөлшерде енгізді. Содан соң 15 минут сайын 1,5 сағат бойы әрбір жануардың дене қызымы өлшеніп отырылды. Нәтижелері кестеде көрсетілген.



егеуқұйрық

0

15

30

45

60

75

90

1

36,6

37,0

37,2

37,6

38,1

38,6

38,9

2

36,6

36,5

36,3

36,1

35,8

35,6

35,2

3

36,6

36,9

37,1

37,3

37,5

37,7

37,9

Сұрақтар:

  1. Жылу реттеу орталығының «орнықтыру нүктесіне» қандай жайттар әсер етуі мүмкін?

  2. Қызбалық серпілістің дамуына жүйке жүйесінің қандай бөлімдері қатысады?

  3. Тәжірибенің нәтижелерін талдай отырып, жануарларда қызба дамуының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

3 тапсырма. Есепті шешу


Науқас Б., 25 жаста, ЖИТС-қа байланысты ауруханада жатқанда қызба (дене қызымы 38,9), қақырықты жөтел және дем алу кезінде оң кеуде тұсында ауыру сезімі пайда болды. Зерттеу барысында лимфоциттер мен моноциттердің азаюына байланысты лейкопения, қақырықта (Грамм бойынша бояғанда): көп мөлшерде эпителий жасушалары, лейкоциттер, әртүрлі бактериялар, трептонема Аг реакциясы оң.
Сұрақтар:

  1. Берілген жағдайда пирогендердің мүмкін болатын көздері?

  2. Науқаста лейкопения кезінде қызба дамуын қалай түсіндіресіз?

  3. Науқаста қызбаның осы көріністерінің болуы АИВ жұқпасының болуына байланысты ма?

4 Тапсырма. Қызбаның бірінші сатысында әйгіленімдер пайда болуының




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет