Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


ҚАлАй ОҚУ КЕРЕКТІГІН ҮйРЕНУ



Pdf көрінісі
бет40/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   198
ҚАлАй ОҚУ КЕРЕКТІГІН ҮйРЕНУ
«Қалай оқу керектігін үйрену» модулінің атауы «өзін-өзі реттеу» үдерісіне жатады. Бұл 
үдерісте оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау 
жүргізу қабілеттерін дамытады. Қазіргі заманғы бірқатар зерттеулерде 3 жастағы оқушыларға 
мүмкіндік жасалған жағдайда, олар өзінің оқуына асқан жауапкершілікпен қарауға қабілетті 
екендігі анықталды (Whitebread, 2008). Олар балғын жас болуына қарамастан, өздерінің 
оқуына саналы түрде қарайды, тапсырмаларды шешу үшін өзіндік әдіс-тәсілдерді қолданады, 
сондай-ақ өздерін оқушы ретінде сезіне бастайды. Өзін-өзі реттеу мен метатанудың мұндай 
дағдыларын дамыту бұл балалардың саналы оқушы болып шығуларының кілті екендігін 
растады. Бұл зерттеу аталған қабілеттерді дамыту 3–5 жас аралығында болатындығын, сондай-
ақ мұғалімдердің осы кезеңде жоғары сапалы педагогикалық тәсілдерді қолданып қомақты 
үлес қоса алатындығын көрсетті.
Метатану дегеніміз не?
«Метатану» термині оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал 
ететін бірқатар үдерістерге қатысты қолданылады (Flavell, 1976). Метатануға танымдық 
үдерістерді білу, түсіну және реттеу немесе танымдық үдерістерді қарастыру үшін танымдық 
үдерістерді қолдану, соның ішінде қатесін танып-білу және ойлауды бақылау деген анықтама 
беруге болады.
Флейвелл (1976) өткізген алғашқы кең көлемді метатану зерттеуінде ерте жастағы 
балаларға еске сақтауға арналған тапсырмалар берілді. Бестен жеті жасқа дейінгі оқушыларға 
зерттеуші белгілі ретпен бірқатар заттарды көрсетті. Он бес секундтан кейін балалардан осы 
реттілікті бұзбай еске түсіру сұралды. Ересектеу балалар бір нәрсені есте сақтау қажет болса, 
ол үшін күш салу керек екендігін түсінді. Олар қайталау тәсілін пайдаланып, кезектілік ретін 
еске сақтады. Ал неғұрлым кішірек балалар бұл тәсілді пайдаланбағандықтан, еске сақтай 
алмады. Қайталау қажеттігі туралы кеңес алғаннан кейін ғана олар тапсырманы дұрыс орын-
дап шықты. Кеңес берілмеген жағдайда оқушылар білім алу уақытын өнімсіз (тиімсіз) пай-
даланды. Флейвелл мұндай қабілеті жетіп тұрса да, «тәсілдерді пайдаланбауды» «өнімділік 
тапшылығы» деп сипаттайды (Whitebread, 2000).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет