С. Б. Балшыкеев


Капитализм дәуірінің пайда болу кезеңіндегі ислам (XVII-XVIII ғғ .)



Pdf көрінісі
бет109/117
Дата27.09.2023
өлшемі1,13 Mb.
#110776
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   117
Байланысты:
Balshikeev 1 (1)

Капитализм дәуірінің пайда болу кезеңіндегі ислам (XVII-XVIII ғғ .). 
Ислам тарихы пайда болу кезеңінен бастап соғыс тарихына ҧласты. Бҧл 
әскери аспект исламның «постхалифаттық» таралуына тән. Осы кезеңнің 
аса ірі оқиғалары келесілер саналады:
1.
1453 жылы мҧсылмандар соққысы салдарынан Шығыста 
христиандардың қорғаны қҧлады және зор Осман империясы орнады.
2.
1526 жылы Ҧлы Моғолдардың мҧсылман мемлекеті пайда болды, 
олар Ҥндістанмен қатар, ҥлкен аумақтарды басып алған.
3.
1520 жылдан бастап ислам алыс Индонезияға тарала бастайды.
Исламда жаңа тармақтар пайда бола бастайды, нәтижесінде олар 
ресми идеологиялар ретінде бекітіледі, немесе, жасырын тҥрде қызмет 
атқаруға мәжбҥр болады.
XVIII ғасырда Арабияда Әл-Ваххабтың ізбасарлары – 
ваххабиттер 
пайда болады. Ваххаб М. Лютер тәрізіді жаңа дін қҧрған жоқ, ол Мҧхаммед 
пен тӛрт халифтің кезеңіндегі алғашқы исламды жандандыруға шақырды. 
Ол ӛзінің уағыздарында исламды жаңашылдықтардан тазартып, тек Қҧран 
мен ерте хадистерді басшылыққа алуды талап етті. Ваххабиттердің 
пікірінше, әулиелерге табыну, Мҧхаммедтің моласына және басқа да 
зираттарға қажылыққа бару - Қҧранның әрпі мен рухына, бір қҧдайға сену 
принципіне сәйкес келмейді.
Ваххабиттер монахтықты, тақуалықты жоққа шығарды және осы 
себептен олар сопылардың теориясы мен практикасын сынады.
Ваххабиттер фанаттар және экстремистер ретінде сипатталады – бҧл 
пайымдауларда шындық кӛп: мысалы, «қасиетті соғыс» (джихад) тек діннен 
азғандар мен исламның жауларына ғана емес, сонымен қатар, ислам 
ережелерін орындамағаны ҥшін – шылым шеккендері, спиртті ішімдіктер 
ішкендері ҥшін, діни салттарды орындаудан бас тартқандары ҥшін, 
кәпірлермен достық қарым-қатынас орнатқандары ҥшін, карта ойындары 


106 
ҥшін қарсы соғыс жарияланды. Ваххабизм уақыт ӛте келе Иракқа, 
Тҥркияға, Мысырға, Ҥндістанға және басқа да мемлекеттерге ене бастады, 
бірақ толығымен Арабияда бекіді.
XIX ғасырдың басында ас-Сенуси негізін салған діни орденнің 
мҥшелері – 
сенуситтер 
пайда болды. Әл-Ваххаб сияқты ас-Сенуси 
жаңашылдықтармен бҥлінбеген бастапқы исламның тазалығын қайтаруды 
жақтаған.
Ваххабиттер сияқты сенуситтер отаршыл-еуропалықтарға, сонымен 
қатар, олардың жерін басып алған тҥркі тҧлғасындағы бір қҧдайға 
табынушыларға қарсы аянбай кҥресті. Нәтижесінде, сенуситтердің әсері 
әлсіреді, бірақ толығымен жойылған жоқ. Қазіргі таңда олар негізінен 
Солтҥстік және Орталық Африканың мҧсылман мемлекеттерінде ӛмір 
сҥреді.
XIX ғасырдың 40-жылдары Иран аумағында ӛзін Баб деп жариялаған 
(баб-«қақпа») негізін салушы Әли Мҧхаммед Ширазидің есімімен аталған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет