С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет42/117
Дата27.09.2023
өлшемі1,13 Mb.
#110776
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   117
Байланысты:
Balshikeev 1 (1)

Гуру
 
– тек 
жай ғана ірі тҧлға емес, сонымен қатар, абыздың ғажайыптылығы мен 
аскеттің ақыл-еріктілігі, философтың даналығы мен сиқыршының дарыны, 
кҥнәға батпаған адамның қарапайымдылығы мен табынушының батырлығы 
сияқты қасиеттерге толы Тҧлға. Оның оқушыларды тәрбиелеуде жеке 
ӛзіндік әдісі болады, бҧл әдіс байқампаздық машықтарының, табиғат 


45 
қҧбылыстары мен жануарлар әрекеттерін сараптау мен біріктіруін 
дамытуды қамтиды.
Ең ірі гурулар брахман касталары арасынан шыққан. Оларсыз бірде-
бір мемлекеттік немесе отбасылық мереке тойланбайды. Брахманның беделі 
оған қарсы айтылған кез-келген сынды жояды.
Индуизм кӛптеген әдет-ғҧрыптарымен, салт-жораларымен және 
мейрамдарымен әйгілі. Олардың ең бастылары қҧдайлармен байланысты 
болады және олар сол қҧдайлардың қҧрметіне арналып тойланады. 
Жалпыҥндістік және жергілікті, отбасылық мейрамдары бар, олар бір-
бірінен қалың бҧқараның қатысу дәрежесіне қарай ажыратылады, алайда, 
бҧлардың барлығына ортақ әрекет - кӛркемдік, ақындық және мҧқият 
ойланып қарастырылған театралдылық кӛріністерді қою болып табылады. 
Отбасына қатысты діни салттарды қысқаша қарастырайық.
Неке қию рәсімі.
Индуизм бойынша «әйелдер – бала туу ҥшін, 
еркектер тҧқым тарату ҥшін жаратылған». Сондықтан да, неке қиған отбасы 
мҥшелерінің ӛмірі тақуалық қоғам мҥшелерімен салыстырғанда діни міндет 
ретінде қарастырылады. Неке қию рәсімі тек бірдей касталардың арасында 
ғана болмайды. Индуизм діні бойынша қыз балаларға 12 жастан бастап 
тҧрмысқа шығуға рҧқсат етіледі. Тҧрмыс қҧрмаған қыз бала – отбасы ҥшін 
нағыз сорақылық деп саналады, сонымен қатар, ҧрпақ бермейтін әйел – 
жҧбайының абыройына қара таңба басады.
Неке қиюдың бірнеше тәсілі бар, оның ішінде келісімді тҥрде ӛзара 
махаббатпен ҥйлену немесе сҥйген қызын ҧрлау сияқты тҥрлері кеңінен 
таралған. Жігіт пен оның ата-аналарына келін ҥшін қалың мал сҧрауға 
тыйым салынады. 
Неке қию кезінде куәгерлердің, жақындары мен алыс туыстарының 
болуы міндетті. Той кҥні жастар киелі отты жеті рет айналады және оған 
кҥріш пен хош иісті заттарды тастайды. Сол мезетте абыз тиісті мантрасын 
оқиды, әуен ойнайды, келген қонақтар жастарға кҥріш шашады. Отбасы 
тҧрмысындағы әйел мен ер адамның қызметі мҧқият қарастырылған және 
оны орындау міндетті саналады.
Жерлеу рәсімі.
Егер Ҥндістанда молалар кездесетін болса, олар тек 
христиандық және мҧсылмандық молалар. Ӛлген ҥндістің денесі отқа 
ӛртеледі, ал оның сҥйектері жиналып, ӛзенге тасталады. Ӛлген адамның 
туыстары мен отбасы мҥшелері он кҥн бойы қаралы киім киеді. Ертеде 
ӛлген кҥйеуінің мҥрдесі ӛртелетін отқа әйелін де қоса ӛртеу тәжірибесі 
қолданылып, рҧқсат етілген – қазіргі таңда тәжірибеде мҧндай әрекет (сати) 
ӛте сирек кездеседі.
Брахманның жерлеу рәсіміне қатысуы мен басшылық етуі міндетті 
болып табылады. Қҧдай асы жыл бойы, әр ай сайын беріледі, сонымен 
қатар, міндетті тҥрде марқҧмның рухына бағышталып піскен кҥріш немесе 
сҥт тҥрінде қҧрбандық шалынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет