С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет70/117
Дата27.09.2023
өлшемі1,13 Mb.
#110776
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   117
Байланысты:
Balshikeev 1 (1)

монтанизмді 
жоққа шығаруы мҥмкін емес 
еді, оның негізін салушы (Монтан) бірден епископ басшыларына қарсы 
шығып, шіркеу тек Қасиетті Әулиенің ғана тікелей басқаруы тиіс деп 
ҥйретті. Монтиан ӛзін осындай таңдаулылардың қатарына жатқызды, оның 
сӛзімен Қасиетті Рух тіл қатады. Олар манихейлік сияқты қатаң аскетизмді 
тағамда да, ӛмір сҥру салтында да уағыздады.
Алтыншыдан, ерте христиан діні Қҧдайдың ҥштілігі мен Иисус 
Христостың ғажайып табиғатын жоққа шығарған 
монархтыққа
назар 
аудармай тҧрмады. Қҧдай - жалғыз: кӛне ӛсиет заманында ол еврейлерге 
Әке болды, жаңа ӛсиет заманында - Әке, Христостың ӛлімінен кейін – Рух 
ретінде келді. Монархиялықтардың Қҧдай тҧлғасы мен адам жӛніндегі 
аналогиясы ӛте қызықты: адам бір мезгілде жалғыз тҧлға бола отырып, әке, 
ҧлы және аға бола алады.
Христиан дінінің ішіндегі ерестер жӛніндегі мәселені аяқтай отырып, 
бҧл келіспеушіліктердің обьективті тҥрде шіркеуді ӛз ҧстанымдарын 
дәлелдеуге және тҥзетуге, қағидаларды әзірлеуге, Библияның дәлелдемелері 
кӛмегімен кез-келген діни әрекеттерді негіздеуге міндеттегенін айта кеткен 
жӛн. Қазіргі заманғы христиандық дін ілімінің жҥйесі - әлемге апологеттер 
мен полемистердің керемет саңлақтарын шығарған ерте христиан дінінің 
тҥлегі.
Ерте 
христандық 
қауымдастықтар 
шіркеу 
ережелері 
мен 
басқарылуына аса зор кӛңіл бӛлді, себебі, II ғ. соңында шіркеу ӛзін Әлемдік
(католиктік) деп атаған – бҧл орталықтанған ҧйымдарды қҧруды, жалпыға 
ортақ қолданыстағы дін ілімінің парыздарын әзірлеуді, дінді ҥйлестіруді, 
сонымен қатар, Кӛне және Жаңа Ӛсиет мәтіндерін заңдастыру мәселелерін 
тәртіпке келтіруді талап етті.
Ерте христиан дінінің тарихтағы жаңа беті 313 жылы, император 
Константиннің арнайы жарлығындағы барлығына, соның ішінде, 
христиандықтарға ортақ дінге сенушілік еркіндігін жариялаған кезінен – 
яғни, шіркеу қысым жасаушы орнынан мемлекеттік, жеңілдіктер мен 
артықшылықтарды қамтитын орынға айналған кезеңнен басталады.
Христиан діні ӛзінің жаңа сипатына қарай аса белсенді және нәтижелі 
тҥрде әрекет етті. Бірақ, ол ӛз дҧшпандарының жәбірін кешірмеді және 
қалай да болса пҧтқа табынушылықты жоюға тырысты. Ең бастысы – 
христиан діні Рим империясынан тыс жерлерге тарау мҥмкіндігіне ие 
болды. V ғасырдың басына қарай христиан дініне 2,5-3 миллион адам 
табынды – ең алғаш ӛзін ресми тҥрде христиан мемлекеті деп таныған 
(Армения) мемлекеті пайда болды. Христиандық қауымдастықтар 
Еуропаның барлық мемлекеттерінде, Африканың солтҥстігінде және 
Алдыңғы Азияда қалыптаса бастады.
Қарама-қайшылықтардың ӛршуі барлық христиан қауымдастықтары 
мен олардың басшыларына (епсикоптар) нақты және тҥсінікті болатын 
қҧжаттарды қабылдау қажеттігін ҧсынды. Мҧндай қҧжаттар меншікті жер 
иелігіндегі беделді шіркеулерде (соборларда) қабылданды.


72 
Христиандық дін ілімінің дамуына Иоанн Златоуст (347-407 жж.), 
Феодор (350-428 жж.), Августин (354-430 жж.) және басқа да 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет