С. Б. Балшыкеев


Христиан  дініне  қатынасы



Pdf көрінісі
бет140/168
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#11935
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   168
Христиан  дініне  қатынасы.  Исламда  Иисус  Христос  Алланың 
кӛрнекті  елшілерінің  бірі  ретінде  қабылданады,  бірақ  оны  Қҧдай  немесе 
Қҧдайдың ҧлы ретінде танудан бас тартады.  Қҧранда Христостың крестта 
керілмегендігі,  оны  Аллах  кӛкке  ҧшыратқаны  жӛнінде  айтылады  (4:153-
158). Иисус Христос туралы Қҧранның   келесі мәтіндерінде ашылады: 1:1-
40; 
2:50,87,136,253; 
3:7,42-59,84; 
4:13,57-65, 
156-159,171-172; 
5:27,17,46,72,78,110-118, 6:85; 9:30-31; 61:6,14. 
Мҧсылман  дінбасылары  Иисус  Христоспен  және  басқа  да  танымал 
тҧлғалармен байланысты оқиғалардың ҧқсастығын атап айтады. 
 
Христиан  діні  әрқашан  да  ислам  діндарлары  мен  миссионерлердің 
назарын  аударған.    Библияның  Шахристани,  Ибн  Хазм,  Ибн  Таймийя,  Р. 
Керанви, М. Гази, А. Х. Кадри және басқа  да И. Христосты Алланың елші 
адамы  ретінде  санайтын  танымал  білімпаздары  мен  сыншылары  белгілі.  
Ислам  дінбасыларының  пікірінше,  Христостың  тӛлтума  ілімін  ӛзінің 
шәкірттері  бҧрмалаған  –  себебі,  ол  ӛзі  ештеңе  жазбаған,  ал  жаңа  ӛсиет 
кітаптарының тҥпнҧсқалары сақталмаған.  
Иисус  Христостың  беделін  мойындай  отырып,  ислам  әдебиетінде 
оның  бейбітшілік  пен  сҥйіспеншілік  туралы  христиандардың  ӛсиеттерін 
ешқашан  орындамағаны  анық  жазылған  –  олар  қҧрбандар  мен  тӛгілген 
қанның саны бойынша рекорд қойды.  
Сонымен қатар,  ислам христиандарды «жазба адамдары» деп таниды 
және  ӛз  шәкірттеріне  оған  сыйластықпен  және  мейірімділікпен  қарауды 
ҧсынады.  
Христиандар  мен  мҧсылмандар  арасындағы  теологиялық  пікір 
айтысулар  әрқашан  да  екі  жаққа  да  ауыр  тиетінін  айта  кеткен  жӛн. 
Қазақстанда екі дін де ӛздерінің «қағидалық кеңістіктерін» сол жерде ӛмір 
сҥретін тҧрғындардың ҧлттық сипаттамалары бойынша бӛлісті.  Қос діннің 
жоғарғы  және  приходтық  дін  басылары  бір-біріне  деген  адалдықты 
ҧстанады,  конфронтациядан  бас  тартады  және  ӛз  дінбасыларын  мейірімді 
қатынстар орнатуға шақырады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет