С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»



Pdf көрінісі
бет173/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   217
 
 
9  т а р а у.  
Криосақтау. Ген банктері 
 
 
Жоғары  өнімділігі  бар  өсімдіктердің  жаңа  сұрыптарын, 
жануарлардың  асыл  тұқымдарын,  микроағзалардың  жаңа  штамм-
продуценттерін шығару үшін жəне ескі селекциялық формаларды 
жақсарту  үшін  əр  алуан  бағалы  генетикалық  материалдар  қажет. 
Сирек  кездесетін  жəне  жоғалып  бара  жатқан  түрлердің  генофон-
дын жəне селекция үшін бағалы нысаналар мен штамдарын сақтау 
үшін  іn vіtro  жағдайында  гендер  қорын  (гендер  банкі)  жасау 
жөнінде зерттеулер өткізілуде. Гендердің негізгі көзі – ұрық, бірақ 
соңғы кезде биотехнология əдістері дамып, селекцияда қолданыла 
бастаған  соң,  генетикалық  материал  іn vіtro  өсірілетін  жасушалар 
мен ұлпалар түрінде қажет болып жатыр. Құнды заттарды беретін 
жаңа  жасушалар  линияларын  жасау  үшін  эталон  жасушалар  бола 
алатын жасушалар коллекцияларын да сақтау керек.  
Көптеген жылдар бойы бастапқы жасушаларды сақтау мақса-
тымен  оларды  үзіліссіз  ең  қолайлы  жағдайда  өсіруді  қолданды. 
Бірақ  мұндай  жасушаларда  генетикалық  өзгерістер  өрістеуі 
ықтимал. Сонымен қатар, бұл еңбек пен қаражатты көп талап етеді. 
Өсірілетін  жасушаларды  сақтаудың  екі  жолы  бар:  олардың  өсуін 
барынша бəсеңдету немесе оларды мұздатып сақтау – криосақтау.  


146                                                Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж. 
 
Жасушалардың  өсуін  бəсеңдету.  Бұл  тəсілдің  міндеті, 
жасушалардың  өсу  кинетикасын  өзгерту,  жаңа  қоректік  ортаға 
көшіру  уақыт  аралығын  барынша  созу.  Өсуді  бəсеңдету  үшін  ең 
əрекетті  жол  ‒  температура  мен  жарықты  төмендету  немесе 
қоректік  ортаның  құрамына  кейбір  тежегіш  заттарды  енгізу 
(мысалы, малеин қышқылының гидрозиді, сукцинаттың 2,2-метил-
гидразиді,  хлорхолинхлорид,  абсциз  қышқылы, n-диметилсукци-
намин  қышқылы  жəне  жоғары  концентрациядағы  сахароза, 
маннит,  сорбит).  Температура  объектінің  суыққа  төзімділігіне 
қарап  іріктеліп  алынады.  Мысалы,  картоп  жасушаларының 
коллекциясын  сақтағанда  температура 10
о 
С,  ал  алма  үшін  1
о 
С 
болады. Əдетте 20
о
-25
о
 С температурада өсетін жасушаларға 4
о
-10
о
 
С, ал 30
о
 С өсетін жасушаларға 15
о
-20
о
 С температура қолайлы.  
Аэробты  ағзалардың  өсу  үдерісін  тежеу  үшін  гипоксияны  да 
қолданады, яғни оттегін азайтады. Гипоксияны туғызу үшін 90 % 
азот пен 10% оттегі қоспасын пайдаланады. Кейде оттегі концен-
трациясымен  бірге  атмосфера  қысымын  да  төмендетеді.  Қоректік 
орта  сарқылмау  жəне  сорғымау  үшін  оның  көлемін  ұлғайтады. 
Сұйық  орта  қолданылғанда,  оған  оқтын-оқтын  қоректік  заттар 
қосылып  тұрады.  Көптеген  жасушалардың  өсуі  осы  тəсілдермен 
қаншама  бəсеңдетілсе  де,  өсуді  мүлдем  тоқтату  мүмкін  емес. 
Сондықтан  өсуді  толығымен  тоқтату  жолы  −  ол  жасушаларды 
мұздату. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет