206
207
1239 ж. Баба Исхак басқарған көтеріліс болды. Олар сұлтан
жіберген əскерді жеңіп, Амасью қаласын басып алды. Сұлтан ІІ- Кей-
Хосроу көтерілісті əрең басты. Көтеріліс сұлтанатты əлсіретті. 1243
ж. моңғолдар Кесе-даг маңында селжук əскерін талқандады. Кей-
Хосроу ІІ — «монғолдың ұлы ханына» вассалдығын мойындады.
1307 ж. Рум (Кони) сұлтандығы монғолдарға бағынышты бірнеше
бейлікке бөлініп кетті. Сол бейліктің (округ) бірі — Осман бейлігі
1299 жылдың аяғында құрылған Осман түріктері мемлекетінің
ядросы болды.
Османның арғы атасы Сүлеймен-шах бастаған түріктер мон-
ғолдар шапқыншылығы кезінде, яғни ХІІІ ғасырдың 20- жылда-
ры Хорасан жақтан қашып келген оғыздық тайпа өкілдері болатын.
Бірақ сол ғасырдың 40- жылдары монғолдар Кіші Азияға да жеткен
еді. Солармен шайқастағы ерлігі үшін селжук түріктерінің сұлтаны
Хорасаннан келген түріктерге Византиямен шекаралас эпиктеттік
Фригиядан (Сакария өзенінің алқабы) жайылымдық жер сыйлаған
болатын. Ол Фригияның орталығы Сөгет елді мекені болды. Осы
Сөгетте Сулеймен шахтың баласы Ертоғрылдың отбасында 1258 ж.
болашақ билеуші əулет атын алған Осман өмірге келді.
Осман І — Ғази əкесі Ертоғрылдан өз үлесіне тиген бейлікте
1282—1324 жж. билік құрды. Оның бейлігі 1299 ж. тəуелсіздігін
жариялап, 1307 жылдан бастап эмират деп аталды. Осман əкесінен
қалған мұраны Кіші Азиядағы Византия империясының есебінен
ұлғайтқан болатын. Ал Османның баласы Орхан (1326—1359) Бурса
мен Никеяны басып алып, көрші Караси мемлекетін бағындырды.
Орхан эмираттың астанасын Бурса қаласына көшірді. Сөйтіп,
Орханның тұсында Византияның Кіші Азиядағы иеліктері түгел
дерлік Осман эмиратына қосылды да, ол империяға айнала баста-
ды.
Орхан жақсы қаруланған, қатаң тəртіпке бағынған атақты
Достарыңызбен бөлісу: