С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет74/97
Дата02.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#64523
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   97
Өзгелік етіс қосымшалары: І) -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз; 2) -дыр, -дір, -тыр, -тір (кей жағдайда қосымшаның алдыңғы д, т, дыбыстары түсіп қалып, -ыр, -ір, -р тұлғаларында да кездеседі: ас-ыр-у - ас-тыр-у, өс-ір-у - өс-тір-у, Абайда: Адам баласын заман өсіреді; піс-ір-у - піс-тір-у, тус-ір-у -түс-тір-у т.б.); 3) жоғарыда көрсетілгендей, өзгелік етіс қосымшасы бір түбірге бірінің үстіне бірі жалғана да береді: айту – айтқызу-айтқыздыру-айтқыздырту, келу-келтіру-келтіргізу, ойнау-ойнату-ойнатқызу т.б. Бұл тек өзгелік етіс қосымшаларының ерекшелігі болып табылады, ал етіс түрлерінің қосымшалары бірінің үстіне бірі жалғана береді.
Ортақ етіс қимыл, іс-әрекеттің бір емес, бірнеше субъекті арқылы іске асатынын білдіріп, -ыс, -іс -с қосымшасы арқылы жасалады. Біріншіден, ортақ етісті қимыл, іс-әрекеттің субъектілері қимылға ортақтығы бірдей де, бірдей де емес болуы мүмкін (субъект көптік тұлғадағы бір зат атауы, немесе бірыңғай бастауыштар, немесе біреуі грамматикалық субъект те, екіншісі -грамматикалық жанама объекті болуы мүмкін т.б. (ҚТГ -174-175), екіншіден, ортақ етіс қосымшалары салт етістікке де, сабақты етістікке де жалғанып, ортақ етіс жасай береді: олар хат жаз-ыс-ып тұрады, қонақтар жайғасып отыр-ыс-ты, ол бізге үй сал-ыс-ты т.б. (М.И. -ҚҚТ, 49-52).
Сөйтіп, ортақ етіс мағынасы мен қосымшасы етістің басқа түрлерінен сабақтылық-салттылық сипатқа бейтарап болуы негізінде де ерекшеленеді. Ортақ етістің тағы бір ерекшелігі – қимыл атауын білдіруге бейім тұрады да, кейбіреулері сол арқылы заттық ұғымның пайда болуымен зат есім болып кеткен: соғыс, айтыс, жүріс, байланыс т.б. Ортақ етіс пен өзгелік етістің семантикасында мынандай бір ұқсастық бар: екеуі де қимылдың, іс-әрекеттің бір субъекті емес, бірнеше субъекті арқылы орындалатынын білдіреді, бірақ өзгелік тек сабақты етістіктен жасалып, онда екінші субъект – агенс міндетті түрде болады да, ол-қимыл, іс-әрекетгі тікелей орыңдаушы, ал ортақ етісте бұлар жоқ.
Сондай-ақ етіс қосымшалары бірінің үстіне екіншісі де жалғана береді. Оның тәртібі: І) өздік етіс + өзгелік етіс: жу-ын-дыр, ки-ін-дір т.б. 2) өздік етіс + ортақ етіс: желпі-н-іс, көр-ін-іс т.б. 3) ортақ етіс +өзгелік етіс: сөйле-с-тір, жина-с-тыр; 4) өзгелік етіс + өзгелік етіс: айт-қыз-дыр, жаса-т-қыз т.б. (ҚТГ, 177-178).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет