Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастық-қа қатысу (235-бап)
Көрсетілген қылмыс құрамы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне тұңғыш рет енгізіліп отыр. Ұйымдасқан қылмыс жеке адам, қоғам, мемлекет үшін аса қауіп тудыратыны жалпыға мәлім. Осыған орай осы қыл-мыстың тікелей объектісі-қоғамдық немесе мемлекеттік қауіпсіздік болып табылады. Өйткені ұйымдасқан қылмыс мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың әр түрлі құрылымдарының бірқалыпты дұрыс қызмет атқаруына кедергі келтіру-мен бірге, олардың дұрыс қызметіне сан қилы тосқауылдар жасап, нақты қауіп төндіреді. Объективтік жағынан Қылмыстық кодекстің 235-бабында көрсетіл-ген қылмыс құрамы төмендегіше түрде сипатталады:
а) ұйымдасқан қылмыстық топты құру, сондай-ақ оны басқару;
б) қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасау үшін құру;
в) қылмыстық қоғамдастықты (ұйымды) немесе оған кіретін құрылымдық бөлімшелерді басқару;
г) қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге де өкілдерінің бірлестіктерін құру;
д) қылмыстық қоғамдастық не ұйымдасқан қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге өкілдерінің бірлестігіне қатысуы;
е) жоғарыда көрсетілген әрекеттерді адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып жасауы;
Ұйымдасқан қылмыстық топты құру, сондай-ақ оны басқаруға-бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні-бұрын екіден кем емес адамдардың біріккен тұрақты тобын құру, құрылған топқа басшылық істеу әрекеттері жатады. Қылмыстық қоғамдастықты құруға осы қоғамдастыққа қатысушыларды тарту, оларға кіретін құрылымдық бөлімшелерді құру, қылмыстық топтардың ұйым-дастырушылардың, басшыларын, өзге де өкілдерін белгілеу, олардың міндет-терін анықтау, ұйымдастырушылық нысандағы жоспарлар жасау болып табылады. Қылмыстық қоғамдастыққа қатысуға, осы қоғамдастықтың міндеттерін тікелей жүзеге асыру үшін қылмыстық әрекеттердің тікелей орындаушысы болу немесе қылмысты жүзеге асыру үшін көмекші міндеттерді атқару немесе қылмыстық қоғамдастықты қажетті құжаттармен, басқа материалдармен жабдықтау әрекеттерін жүзеге асырушылықтар жатады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады: кінәлы ұйымдасқан қылмыстық топ, қауымдастық құрудың, оны басқарудың немесе оған қатысудың қоғамға қауіпті заңға қайшы екенін сезеді, біледі, бірақ соған қарамастан оны құруды, оған басшылық етуді немесе оның қызметіне қатысу-ды тілейді. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған есі дұрыс адам.
Достарыңызбен бөлісу: |