Лицензия-жеке немесе заңды тұлғаларға белгілі бір мерзімге, қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға және оны жүзеге асырудың шарттарын белгілейтін ресми құжат болып табылады. Осы қылмыстың объектісі болып кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын қоғамдық қатынастарға қол сұғу танылады.
Объективтік жағынан қылмыс мына төмендігі бірнеше балама әрекеттер арқылы сипатталады:
а) ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу;
б) жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу, не оның қызметіне өзге де заңсыз араласу;
в) сол сияқты заңды күшіне енген сот актісін бұза отырып жасалған осы қылмыс;
г) немесе үлкен залал келтіріле отырылып жасалған осы әрекеттер.
Ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге-заңда белгіленген кәсіпкерлік қызметтің түрін таңдап алуға кедергі жасау; кәсіпкерлік қызметтің түрімен айналысуға субъектілердің тең құқығын бұзу, жеке немесе коммерциялық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін ашық немесе көмескі түрде тіркеуден жалтару, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға лицензия беруден негізсіз бас тарту немесе лицензия беруден ашық жалтару; жеке немесе коммерциялық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін экономикалық, ғылыми-техникалық немесе құқықтық жағынан негізсіз қолдамау, азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттік басқару органдарының заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасауына байланысты әрекеттеріне сотқа шағымдану мүмкіндігін шектеу немесе одан айыру т.б. әрекеттер жатады. Жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеуге не оның қызметіне өзге де заңсыз араласуға-өндірістік бағдарламаларды өз бетімен жасау мүмкіндіктеріне кедергі қою; өз өнімдеріне тұтынушылар мен өткізушілерді сұрыптап алуды, олардың бағасын дербес белгілеуді шектеу; жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкін, мүліктік құқығын, интеллектуалдық меншік объектілерін, қаржысын келісім-шарт негізінде пайдалануға тартуды тежеу; сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға негізсіз араласу әрекеттері жатады. Заңды күшіне енеген сот актісін бұза отырып заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасауға-жеке немесе коммерциялық ұйымдардың заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасалуына байланысты (Мысалы, мемлекеттік тіркеуден өткізбеу, заңсыз лицензия бермеу, әр түрлі кедергілер анықталып, сот құжатында көрсетілген, заңды күшіне енген талаптарды бұзу әрекеттері жатады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналық арқылы істеледі.
Қылмыстың субъектісі-арнаулы субъект, кәсіпкерлік қызметті тіркейтін, лицензия беретін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.