Сақабай Толқынай Куандыққызы «Архивтану» пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата03.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#121768
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3.
 
Жарық тәртібі: 
-
құжаттардың тұрақты сақталуы қараңғылықта жүргізілуі қажет; 
-
сақтау қоймаларын жарықтандыру табиғи және жасанды жарық 
арқылы болуы мүмкін, және де жарық шашараңқы болуы қажет; 
-
табиғи жарықтандыруда терезелерде жарық шашыратқыш болуы 
қажет, ал жасанды жарықтандыруда сақтау қоймаларында сыртқы беті тегіс 
жабық ыдыстағы шамдар (лампа накаливания) немесе спектрдің ультракүлгін 
бөлігімен түсірілген люминисценциялық шамдар қолданылады; 
-
жарықтандыру деңгейі стеллаждың тік бетінде еденнен 20 – 50 лк 
биіктіктен, ал жұмыс үстелінен 100 лк биіктіктен аспауы қажет. 
4.
 
Температуралық – ылғалдылық тәртібі: 
- құжаттар климаты келтірілетін мекемелерде 17 – 19 градус С 
температурада және 50 – 58 % ауа ылғалдылығында, ал климаты 
келтірілмейтін мекемелерде 14 – 20 градус С температурада және 45 - 60 % ауа 
ылғалдылығында сақталуы тиіс; 
- температураның және ауа ылғалдылығының күрт тербелуіне жол 
берілмейді; 


 - климаты келтірілмейтін мекемелерде температуралық – ылғалдылық 
тәртіпті сақтау
үшін ауаны кептіру және ылғалдандыру шаралары жүзеге асырылуы 
қажет; 
- мұрағатсақтау қоймалары температура мен ауа ылғалдылығын 
тұрақты сақтап тұру
үшін және температуралық – ылғалдылық тәртіпті келтіруде шаралар 
қолдану үшін
термометрлермен, психрометрлермен, гигрометрлермен жабдықталуы 
қажет; 
- климаты келтірілетін мекемелерде температуралық – ылғалдылық 
тәртіп аптасына бір
рет, климаты келтірілмейтін мекемелерде – аптасына екі рет 
бақыланады,
температуралық – ылғалдылық тәртіп бұзылған жағдайда бақылау 
нәтижелері күн
сайын арнайы тіркеу журналына тіркеліп отырады. 
Әдебиеттер: 
1.Ахмет А. Қазақстандағы мұрағат ісінің тарихы (1918-1991 жж.). - 
Алматы, 2013. - 384 Б. 
2.Сабденова, Г. Е. Мұрағаттану : оқу құралы - Алматы : Қазақ 
университеті, 2008. - 113 б.
3.Дакенов М., Нурпеисова Б.И., Хасанаев М.Ж. Архивоведение. Учебное 
пособие. – Алматы, 2003. 
4.Тельчаров А.Д. Архивоведение. - М., 2014. - 184 с. 
5. Сариева, Р. Мұрағат және тарих : мақалалар, баяндамалар = Архив и 
история : статьи, выступления / Р. Сариева. - Алматы : Арыс, 2014. - 291 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет