Сабақ 1 Мектеп Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы



бет18/81
Дата31.12.2021
өлшемі7,56 Mb.
#22831
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   81
Байланысты:
5 сынып ИНФ ҚМЖ

Ғаламтор және бала денсаулығы

      Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының дәлелдеуінше, бүкіләлемдік ғаламтор желісі жеткіншектерге физикалық, психологиялық жағынан айрықша зиянды. Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды. Сондай-ақ, компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді. Және де жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады. Британдық биологтар арнайы зерттеу жүргізе келіп, мынандай қорытынды жасап отыр: «Әлеуметтік желілерде үнемі отыру ми қызметіне де кері әсер етеді, гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлатады, мұның бәрі адамның жүйкесі мен ой-санасына белгілі бір мөлшерде ауыртпалық түсіреді». Өздеріңізге белгілі, жүйкеге салмақ түсуі дегеніңіз - ойлау қабілетінің төмендеуі, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемуі, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы. Ғаламтор жеткіншектер үшін реферат, музыка мен фильмдер, суреттер, ойындар көшіріп алу, бір-бірімен хат жазысу үшін қажет. Олар өздерін мазалаған сұраққа да ғаламтордан жауап іздейді. Алайда ғаламтордың қаупі де аз емес. Мысалы, ресейлік ғалымдардың айтуынша, бүкіләлемдік шырмауық-торда экстремистік және террористік сипаты бар, қырықтан астам сайт жұмыс істеп тұр. Ал оның жастарымыздың ой-санасы мен дүниетанымын теріс жолға бағыттап, оларды қылмысқа азғыратыны мәлім. Жазғы демалыста жеткіншектердің ғаламторды пайдалануын зерттегендер айтады: «Биыл жасөспірімдердің 4 пайызы жыныстық қатынасты көрсететін әлемдік желілерді көрген, 14,5 пайызы беймәлім адамдармен кездесуге келіскен, 19 пайызы парносайттарға енген, 38 пайызы зорлық-зомбылық туралы ақпараттарды тамашалаған, 16 пайызы нәсілшілдік мазмұндағы сайттарға кірген» - деп [6]. Мінеки, қазіргі таңда көптеген жеткіншектердің өзіне-өзінің қол жұмсауының бір сыры осында жатқан тәрізді. Жеткіншіктер үшін ғаламтордың бір зиянды жағы: мұнда әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалар көп. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады. Әрине, қазіргідей техникалық-ғылыми прогресс дамыған заманда компьютердің, ғаламтордың дұрыс пайдалана білген адамға пайдасы зор. Ол талас туғызбайтын ақиқат. Тек оған біздің көптеген жастарымыздың таным-түсінігі жетпей жататыны болмаса...

 Ғаламтордың зиянынан сақтандыру

Жастарды ғаламтордың зиянынан сақтандыру үшін кез келген ата-ана баласына оны пайдаланудың шарттарын айтып түсіндіруге, ондағы ақпараттардың үнемі шындыққа жанаспайтынын, оған сын көзімен қарау қажеттігін, ол ақпараттарды кітаптағы, энциклопедиядағы ресми газет-журналдардағы ақпараттармен салыстырып, қабылдау керектігін ескертуге тиіс. Және де ғаламтордағы зорлық-зомбылыққа, қылмысқа, жыныстық бұзылуға тәрбиелейтін бағдарламалардан, діншілдік, нәсілшілдік туралы ақпарттардан сақтандыру – ата-аналар мен ұстаздардың да негізгі міндеттерінің бірі. Осы орайда есте болатын бір жағдай, он жасқа дейінгі балалар ата-анасы рұхсат берген сайттарға ғана енуге тиіс. Бұл ақпараттық технологиялар мамандарының, дәрігерлердің талабы. Ең бастысы, кәмелетке жасы толмаған балалардың электронды поштасына енуге ата-анасының мүмкіндігі болуға тиіс. Ол ең бірінші, сол баланың қауіпсіздігі, бақытты болашағы үшін қажет. Әсіресе, балалар он төрт жасқа толғанында өз-өзімен болып, оқшаулана бастағанында, ата-анасы олардың беймәлім адамдармен ғаламтор арқылы танысуына жол бермеуге міндетті. Мамандардың ақыл-кеңесіне құлақ ассақ, ғаламтор балаларға қауіпсіз болсын десек, оны үнемі жаңа бағдарламалармен жабдықтап, спамфильтр орнатуымыз, қауіпсіздік туралы ақпараттарды біліп отыруымыз керек. Балаларының ғаламтордағы компьютерлік ойындарға тәуелділігін тексеріп, сол бойынша тиісті шаралар қолданып отыру – ата-аналар парызы.

 Компьютерде дұрыс жұмыс жасау ережелері

 

 Бөлмеде, компьютермен жұмыс істеу үшін арнайы табиғи, жасанды жарық болуы керек.  Үй жайда күнделікті дымқыл тазалық жүргізілуі керек.



Жұмыс орны міндетті түрде кем дегенде 6 м2, ал көлемі 20 мқұрау керек. Столды терезенің жанына қою керек, өйткені жарық сол жақтан түседі. Компьютермен жұмыс үшін жақсы жарық жайылған тікелей емес жарық, яғни экранға шағылыспауы керек.

Қолданушының көру кеңістігінде ашық өткір жарықтар түспеуі керек, сол үшін терезеге перде әлде жалюзимен жабылуы қажет. Жасанды жарықта жалпы және біркелкі болуы керек, бірақта жалғыз стол шамын қолдану жеткіліксіз.



Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру-бұл тек болатын аурулардың алғашқы алдын алу. Компьютермен жұмыс істегенде денсаулыққа зиян келтірмеу үшін, оның үрдісінде үнемі дене қалпына қарау керек. Дене бітімін дұрыс ұстау бұлшық етті көбірек қимылдату және көп жұмыс істеуге болады. Аз шаршайды. Дұрыс дене бітімін ұстағанда құлақ тура иық жазықтығында орналасады, ал иық жамбас деп саналады. Басты тура  иық бойынша ұстау керек. Сіз төмен қараған кезде бас алдыға еңкеймеуі керек. Қисық (бүкіреюу) жағдайы, яғни иық сызығы дәл жамбаспен және құлақ сызығымен орналаспаса иық сіңірлері мен иық бұлшық еттеріне бірталай күш түседі. Бұндай жағдайдағы ұзақ уақытты жұмыс ауру себебі болуы мүмкін.

Өкінішті, мен келесі «Арнайы компьютерлік столыңыз бар ма?» деген сұрақ қойып мынадай нәтиже алдым: көпшілігінде арнайы  столдар мен орындықтары жоқ, яғни адамның бұлшық еті мен арқасының әр түрлі қисайуына әкелуі мүмкін.



Қанша уақыт оқушы, мұғалім және басқалар компьютерде өткізеді? Мамандармен белгіленген уақыты сақтала ма?  Келесі нәтиже мені көңілдендіреді, негізгі (57%) компьютермен бір сағаттан аз (тек қана сабақта) айналысады және компьтермен жұмыс нормасын жақсы біледі (65%).









 

 

        



 

 

 



 

 









 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет