Сабақ №3 Тақырыбы: Жоғары жүйке әрекеті


Қозу және тежеу жүйке процестерінің бір – бірімен тепе – теңдігі



бет11/19
Дата26.01.2022
өлшемі50,48 Kb.
#24359
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Қозу және тежеу жүйке процестерінің бір – бірімен тепе – теңдігі. И.П.Павлов иттердің жүйке саласындағы қозу мен тежелу бір – бірімен тепе – тең бе, не тежелу, қозуынан басыңқы ма, не керісінше бұлардың қайсысы күшті, осы мәселеге қатты назар аударған. Тәжірибеде иттердің тежелу процестерінің тепе – теңдігі түрліше болған. Кейбіреулерінің қозуы мен тежелуі тең болса, енді біреулерінің қозу процестері басымырақ болған.




  1. Қозу және тежелу жүйке процестерінің жылдамдылығы. Мұны анықтау үшін И.П.Павлов иттердің шартты рефлекстері пайда болуында бір шартты қоздырғыштан, екінші шартты қоздырғышқа тез ауыса алуын зерттеген. Егер иттер бір шартты қоздырғыштардан, екіншісіне тез көшіп, соларға да шартты рефлекс пайда болдырса, оны И.П.Павлов жылдам ауысады деп, шартты қоздырғыштарға тез ыңғайлана алмағандарын «шабан ауысады» деп белгілеген.

Міне, осы жоғарыда айтылған үш негізгі жүйке саласының белгісіне сүйене отырып И.П.Павлов хайуанаттардың жүйке саласын негізгі төрт түрге бөлген. Олардың үшеуі күшті типтер де біреуі әлсіз тип. Үш күшті типтің екеуінің қозу мен тежелу процестері тең, ал біреуінің қозу, тежелу процестерімен тең емес, яғни қозуы тежелуінен басымырақ.




  1. Қозу мен тежелу процестері тең, күшті және жылдам қимылдағыш тип, басқаша айтқанда, оны Павлов ширақ тип деп атайды. Жүйке саласының осы типі жоғарғы айтылған темпераменттің сангвиника дейтін түріне сәйкес келеді.




  1. Қозу, тежелу процестері тең, бірақ, олары баяу алмасады. Мұны И.П.Павлов, баяу тип деп атайды. Жүйке саласының бұл типі флегматикке сәйкес келеді.




  1. Қозу мен тежелу процестері тең емес, қозуы басым, күшті, ұстамсыз тип. Бұған темпераменттің холерика дейтін түрі сәйкес келеді.




  1. Қозу, тежелу процестері қай жағынан да өте әлсіз тип. Бұл тип меланхолик темпераментінің физиологиялық негізі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет