Сабақ. Адамның онтогенезінің ерте сатысының жасушалық механизмдері. Ақпараттық-дидактикалық блок Онтогенез



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата15.11.2023
өлшемі269,46 Kb.
#122465
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
позициялық ақпаратына 
сәйкес мүшенің бастамасы өзінің 
орналасуының координаттық жүйесі анықталынып жіктеледі. Жасушаның орналасуы ұрықтың 
ұзына бойы осіндегі белгілі градиентпен орналасқан заттардың концентрациясымен анықталады. 
Адамның жұмыртқа жасушасы ланцетниктікі сияқты олиголецитальды. 
Эмбриональдық кезең

Бөлшектену. Зиготаның бөлшектенуі митоз жолымен жүреді. Бөлшектену сатысының мәні 
көпжасушалы ұрық- бластоцистаның пайда болуына әкеледі. Бластоциста сатысында жасушалар 
әлі маманданбаған немесе жеке жүйелерге жүйке, бұлшық ет, эпителий және тағы басқа да жеке 
жасушалар түріне жіктелінбеген. Сондықтан оларды 
бағаналы жасушалар
деп атайды. 
Бағаналық жасушалар әртүрлі жасушалар мен ағза ұлпаларының барлығына бастама болады, 
сондықтан оларды плюрипотентті деп атайды. Ұрықтың ерте сатысында бластомерлер 
тотипотентті,олардың мүмкіндіктері тең және олардың әрқайсысы бүтін бір ағзаға бастама 
береді. Монозиготалы егіздердің және ақаулықтардың ұқсас болып жарыққа шығуы 
тотипотенттікпен түсіндіріледі (омниопотенттік). Ұрықтың қалыпты даму барысындағы 
потенциясына қарағанда кейбір жеке бластомердің морфогенездік потенциясы жоғары болады. 
Потенциялар – бұл ұрық элементтерінің максимальды мүмкіндіктері, яғни олардың даму 
бағыттарының іске аса алатын мүмкіндіктері. Қалыпты жағдайда олардың тек біреуі ғана іс 
жүзіне асырылады. Бірте-бірте жасушалар жіктеледі, олардың дамуы бағдарланған бағыттарына 
сай белгілі жасушалар түріне, мысалы, эпителиальды, жүйке және т.б бастама алады. 
Бластомерлердің бөлшектенуі сома жасушаларының митоздық бөлінуінен айырмашылығы бар, 
бөлшектенуде бластомерлердің өсуі байқалмайды. Ұрықтың көлемі бөлшектену кезінде өспейді, 
сондықтан бөлшектенудің соңында пайда болған бластуланың көлемі зиготаның көлемімен 
бірдей болады. Бұл ұрықтың жатыр түтігімен еркін қозғалуы және одан әрі оның имплантациясы 
үшін маңызды. 
Гаструляция
- 2 немесе 3 ұрық жапырақшаларынан тұратын көп қабатты ұрықтың түзiлуi. 
Гаструляцияның негiзгi механизмдерi жасушаның таңдамалы орын ауыстыру, агрегация және 
таңдамалы сұрыпталуы болып табылады.
Детерминация
- (анықтау, шектеу) морфогенездiң алғашқы кезеңдерінде дамып келе 
жатқан ағза бөлiмдерi арасындағы сапалық айырмашылықтардың пайда болуы. 


Детерминацияның негізінде кейбір гендердің активтенуі немесе м-РНҚ және ақуыздардың 
синтезі жатыр. Детерминация – дамудың нақты бағытын айқындайтын функционалдық жүйе. 
Детерминация нәтижесінде эмбрион жасушалары бастапқы жасушаларға ұқсамайтын, 
қайтымсыз ерекшеліктерге ие болады. Бұл жасушалардың дифференцациялануының өзіндік 
жасырын түрі деп те қарастырылады: жасуша өзі жайлы біледі, бірақ оны жарияламайды. 
[Генетика под ред. Иванова В.И.с. 294]. Бірдей гендер жиынтығы бар жасушалар 
детерминацияланғаннан кейін сыртқы белгілерімен, яғни фенотипі бойынша ерекшеленеді. 
Детерминацияланған жасушалардың потенциалы шектеулі болады. Қалыпты даму кезiнде 
индуктордың әсерiнен алғашқы тұрақсыз (лабильды) детерминация, ал кейiннен-қайтымсыз, 
стабильды детерминация жүредi. Содан кейiн морфологиялық жіктелу жүреді, яғни мүше немесе 
ұлпаның бастамасы пайда болады және оның ары қарай бөлініп өсе бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет