Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар: Менің ойымша... Менің байқауымша... Шығармада көтерілген мәселе жайында былай ойлаймын... Жырау көзқарасы мына жолдардан анық байқалады: Ойымды қорытындылай келе:
Құндылықтарды дарыту
Отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік.
Пәнаралық байланыс
Ақтамберді жырау толғауларының идеясы мен маңызын анықтағанда тарих пәнімен байланыс болады.
Бастапқы білім
Алдыңғы сабақта оқушылар Ақтамберді Сарыұлының шығармашылығы бойынша шығарма идесы мен мазмұны, ондағы көтерілген мәселе туралы, көркемдік ерекшелігі туралы түсінік алып, тапсырмалар орындады. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
Дереккөздер
Сабақтың басы 10 минут
1.Миға шабуыл Сабақтың басында оқушыларға Ақтамберді жыраудың «Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы бойынша бейнебаян (Youtube 03.06.10 Kazak Aktamberdi tolgauy) тыңдатылады. Бейнебянды көріп отырған кезде жұппен «Сұрақтар көшкіні» кестесі бойынша нақты аргументтерді жазып алып отырады.
1.Кім? Не?
2.Не жайлы айтылады?
3.Ерекше/ең ерекше...
Бейнебаянды көріп болғаннан кейін «Сұрақтар көшкіні» кестесіндегі аргументтерді жинақтап,топпен талдау жұмысын жүргізеді. Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.