Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.1.1.1 – тыңдалған əуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуіш құралдарын анықтау жəне салыстыру;
– музыкалық форманың құрылымын анықтау: шумақ, шумақ- қайырма, бір бөлімді, екі бөлімді;
– музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау жəне ажырату;
3.2.1.2 – қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару жəне суырыпсалма жасау үзышкіналымқу көркемдеуіш құралдарды қолдану.
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:
музыка мен сəулет өнерінің байланысы туралы біледі;
сəулет өнері, сəулет нысандарының адам өміріндегі қажеттілігі туралы жалпы түсінік алады;
форма, шумақтық, шумақ жəне қайырма музыкалық формалар туралы біледі;
«Киіз үй» (Өлеңін жазған: Қ. Баянбаев. Əнін жазған: Ж. Тұрсынбаев) бірінші шумағы мен қайырмасын үйренеді, орындайды;
музыканың көркемдеуіш құралдарын шығармашылық жұмысында мүмкіндігінше қолданады;
өз жұмысын таныстырады;
өзінің жəне өзгенің жұмысын бағалайды.
Оқушылардың көпшілігі:
музыка мен сəулет өнерінің байланысын біледі;
сəулет өнері, сəулет нысандарының адам өміріндегі қажеттілігі туралы біледі;
форма, шумақтық, шумақ жəне қайырма музыкалық формалар туралы біледі;
«Киіз үй» (Өлеңін жазған: Қ. Баянбаев. Əнін жазған: Ж. Тұрсынбаев) бірінші шумағы мен қайырмасын үйренеді, орындайды;
музыканың көркемдеуіш құралдарын шығармашылық жұмысында қолданады;