Сабақ жоспарының Үлгісі 1-сабақ Бөлім: Өзім туралы



бет120/193
Дата01.12.2022
өлшемі2,17 Mb.
#54184
түріСабақ
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   193
Бөлім:

Дені саудың жаны сау

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Біздің жобамыз

Оқу бағдар- ламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Өткен сабақтардан алған білімдерін тиянақтау. Суреттердің көмегімен сөзжұмбақ шешу, өз ойла- рынан өлең құрастыру, шығарма жазу, өздеріне ұнайтын спорт түрлерінің тізімін жасап, топта қорғау.

Сабақтың мақсаты

Өткен сабақтардан алған білімдерін тиянақтайды. Суреттердің көмегімен сөзжұмбақ шешеді, өз ойла- рынан өлең құрастырады, шығарма жазады, өздеріне ұнайтын спорт түрлерінің тізімін жасап, топта қорғайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың ке- зеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы
(5 мин)

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Шаттық шеңберінде» тұрып:
Жұлдыз болып тұрайық жылы жүзбен, Орта толсын қуаныш, нұр іздеген.
Мейірімді жанымыз, жүрегіміз,
Сезінсін жылылықты мына бізден, – деген өлең жолдарын хормен айтады.
– Балалар, көңіл күйлерің қалай? Егер жақсы болса, қол шапалақтап қояйық.

Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы бірге орындайды.

ҚБ. «Ша-
палақ» арқылы бағалау.




Ортасы
(35 мин)

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақ- саты хабарланады.
«Егерде ... не болар еді?» дидактикалық ойыны

  • Егерде Күн болмаса, не болар еді?

  • Егер су болмаса, не болар еді?

  • Балалар, өзіміз айтып отырған Күн, ауа және су кімге қажет?

  • Бізге.

  • Біз дегеніміз кім?

  • Біз деген – Адам.

  • Балалар, жер бетіндегі ең ақылды, ең күшті кім?

  • Адам.

  • Ал адамға дүниеде ең басты, қымбат нәр- се не екен?

  • Денсаулық.

Денің сау болғаны үшін қай дене мүше- леріңе алғыс айтар едің? Неліктен?
Мұнда балалар денсаулық баға жетпес байлық екенін түсінуі тиіс. Сол үшін де әр дене мүшесіне алғыс айтуды, өзінің құн-
дылықтарын бағалауды үйренеді.

Біздің деніміз сау. Бақыттымыз. Сол үшін үздіксіз қызмет атқа- рып тұрған дене мүшелерімізге алғыс айтамыз.

  • Мен кеудемде дүрсілдеп тұрған дыбысты сеземін. Сол үшін жүрегіме рақмет!

  • Мен барлығын жақсы көремін, сол үшін көздеріме рақмет!

  • Мен барлығын жақсы естимін, сол үшін құлақтарыма рақмет!

  • Мен барлық жұмысты атқа- рамын, сол үшін қолдарыма рақмет!

  • Мен барлығын білемін, сол үшін басыма рақмет!

Осылайша әр дене мүшесіне рақмет айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет