Сабақ кестесі бойынша Офис-сағаттары ( оқытушының бекітілген жеке кестесі бойынша ): күнделікті 00-18. 00 Zoom идентификатор 6466905027; Пароль 1980 Қызылорда 2022 ж. Силлабус «Педагогикалық ғылымдар»


Лекция 2. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістері



бет23/64
Дата15.12.2023
өлшемі435,67 Kb.
#138722
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64
Байланысты:
a.m.omirzakova umkd ped 6 kredit (2) (1)pp-pmno (2)

Лекция 2. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістері.
2.1. Педагогика ғылымының әдіснамасы мен педагогтың әдіснамалық мәдениеті туралы түсінік.
2.2. Қазіргі педагогиканың негізгі әдіснамалық жиынтығы: таным, тұлға, іс-әрекет, құндылықтар, әлеуметтендіру теориялары.
2.3. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұны.
2.4. Педагогика ғылымының зерттеу әдістері.
Лекция тезистері
Педагогика ғылымының әдіснамасы мен педагогтың әдіснамалық мәдениеті туралы түсінік. Педагогика әдіснамасының деңгейлері. Философиялық заңдар, заңдылықтар. Таным теориясы. Жүйелік тәсіл (тұғыр) құбылыстардың жалпы байланыстарының бейнеленуі. Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы. Әлеуметтендіру теориясы. Педагогикалық теория мен практиканың әрекеттестік диалектикасы.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны. Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру. Ә.Г.Юдин бойынша әдіснамалық білімдердің деңгейлері. Педагогикалық зерттеулердің əдіснамалық принциптері. Педагогика ғылымының әдістері. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің технологиясы. Ғылыми зерттеу бағдарламасы мен процедурасы. Мұғалімнің зерттеушілік іс- әрекетінің әдістері. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – кәсіби педагогикалық мәдениеттің бөлігі. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің сипаттамасы. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің мәні, құрылымы және қызметі. Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.
Лекция 3. Жеке тұлға тәрбиенің обьектісі, субьектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторлары.
3.1.Тұлға адам, индивид, даралық ұғымдары және олардың арақатынасы. Тұлға қалыптасуындағы тұжырымдамаларға сипаттама.
3.2.Тұлғаның қалыптасуындағы және дамуындағы факторлар.
3.3.Жеке тұлға дамуының жас ерекшеліктеріне сипаттама және оның табиғи әлеуеті.

Жеке тұлға туралы жалпы түсінік. «Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы. Тұлға – іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдарына және олардың арақатынасына сипаттама.


Адамның дамуындағы және оның тұлға ретінде қалыптасуындағы (биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік) бағыттар. Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін факторлар (сыртқы және ішкі, биологиялық және әлеуметтік). Негізгі факторлар: тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие, олардың өзара байланысы. Тұлға дамуындағы іс-әрекеттің ролі. Тұлға – тәрбиенің, өзіндік дамудың объектісі және субъектісі. Тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары. Өзін-өзі тәрбиелеу - тұлғаның дамуы мен қалыптасуының шарты, нәтижесі.
Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи әлеуеті. Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері, жастық кезеңдерге сипаттама. Балалардың жас және жеке ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбиелеу процесінде есепке алу
Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы («жас ерекшеліктер дағдарысы», «дарынды балалар», «акселерация») және балалардың базалық психоәлеуметтік талаптары мәселелері, оларды оқу-тәрбие үдерісінде есепке алу. Ұл және қыз балаларды әлеуметтендірудегі гендерлік айырмашылық және заңдылықтар. Білім алушыларды дамытуда, оқытуда, өзін-өзі тәрбиелеуде, өзін-өзі дамытуда педагогикалық қолдау көрсету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет