Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



бет31/43
Дата29.09.2023
өлшемі496,67 Kb.
#111310
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
Байланысты:
himiya-pnnen-10-synypa-arnalan-ysa-merzmd-zhosparlar-toptamasy

Валенттік бұрыш − байланысқан атомдардың ядроларын қосып тұрған түзулердің арасындағы бұрыш. Валенттік бұрыш молекуланың кеңістіктегі құрылымына тәуелді. Мысалы, СН4 тетраэдр, валенттік бұрыш 109,50.



3.2 Химиялық байланыстың түрлері


Химиялық байланыстың негізгі түрлері: иондық, коваленттік, металдық,сутектік.





Иондық байланыс.
Химиялық қасиеттері әртүрлі екі элементтің арасында электрстатикалық тартылу арқылы болатын байланысты иондық байланыс дейді.
Негізгі қағидалары.
1. Сыртқы қабатында 2 немесе 8 электроны бар инертті газдар химиялық жағынан өте инертті, олардың сыртқы электрон қабаты өте тұрақты.
2. Атомдар молекулаға біріккенде, электрон беру немесе қосып алу арқылы сыртқы қабаттарын инертті газдардың сыртқы қабаттарына ұқсатқысы келеді.
3. Әрекеттесуші атомдардың электронын беріп жібергені оң зарядты ион- катионға айналады, ал электрон қосып алғаны - теріс зарядты ион - анионға айналады.
4. Иондық байланыс түзілгенде, бір атомның электрон бұлты екінші атомға толық ауысады. Иондық байланыс негізінде І және VІІ топтың элементтері арасында түзіледі.
Na → Cl
5. Иондық байланыс түзілу үшін 1-атомның иондану энергиясы 2- атомның электрон тартқыштығынан аз болу керек.



Коваленттік байланыс.

Бір немесе бірнеше электрон қосақтары арқылы түзілетін химиялық байланыс коваленттік байланыс деп аталады.
Н. + .Н → Н : Н

Элементтің валенттілігі электрон жұптарының санына сәйкес. Мысалы: H ­_­ F молекуласында 1 коваленттік байланыс бар, бұл молекулада фтор – 1 валентті,


Н _ О _ Н молекуласында 2 коваленттік байланыс бар, бұл молекулада оттек − 2 валентті, NH3 молекуласында 3 коваленттік байланыс бар, бұл молекулада азот − 3 валентті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет