Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру: диффузиялы, сатылы, түйнекті, түтіктәрізді.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
7.1.7.1 - жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін салыстыру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Түйнек тәрізді жүйке жүйесін біледі.
Көпшілік оқушылар үшін: Жүйке жүйесінің типтерін салыстыра алады.
Кейбір оқушылар үшін: Түтік тәрізді жүйке жүйесіне мысалдар келтіріп түсіндіреді және сипаттай алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.