Сабақ тақырыбы: Ауыр ядролардың бөлінуі. Тізбекті реакция. Ядролық реактордың жұмыс істеу принципі. Атом электр станциялары



бет3/6
Дата06.01.2022
өлшемі140,67 Kb.
#15543
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
3)Жаңа сабақ (15 минут)

Оқушыларға жаңа сабақтың мәтіні жазылған парақтарды үйлестіремін. Оқып шығуға 5минут уакыт беремін.

Содан кейін жаңа сабақты тұсіндіретін видеороликті тыңдатамын. (3минут)

Диалогтік әдіспен жаңа сабақты меңгертемін.



Ядроларды бөлу дегеніміз- ядроны нейтрондармен атқылау арқылы ірі жарықшақтарға ажыратуды айтады.

Ядролық ыдырату- ядролардың өздігінен бөлінуі. Ол табиғи процесс.

Айырмашылықтары: табиғи процессс белгілі бір заңдылыққа бағынады, ал бөліну бұл заңдылықтарға бағынбайды. Ядро бөлінгенде нәтижесінде нейтрон босап шығады. Ядро ыдырағанда нәтижесінде нейтрон босап шықпайды.

1938ж неміс ғалымдары О.Ган мен Ф.Штрассман тәжірибе жүзінде уран ядросын нейтрондармен атқылап бөлінетіндігін дәлелдеді.

Ядролар ауыр және жеңіл болып бөлінеді. Ауыр ядроларға – уран, плутоний т.б. , жеңіл ядроларға сутегі гелий т.б. жатады.

Бөліну барысында қозған ядро ірі жарықшақтармен қатар қосымша 2 немесе 3 нейтрон шығарады. Бұл нейтрондар ядролардың бөліну реакциясын жалғастырады. Нәтижесінде тізбекті реакция пайда болады.



Тізбекті реакция дегеніміз туынды нейтрондардың қатысуымен ядролардың бөлінуі жүзеге асатын процесс, яғни ядролардың тасқынды жарылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет