Сабақ тақырыбы: Азоттың периодтық жүйедегі орны,электрондық құрылысы,қасиеттері. Сілтеме


Химиялық эстафета. (өзгерісті жүзеге асыр)



бет3/6
Дата19.07.2022
өлшемі76 Kb.
#37755
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
3.Химиялық эстафета. (өзгерісті жүзеге асыр)
А)H2S →SO2→CaSO3
Б) S→ FeS → H2 S →SO2 →SO3→ H2 SO4→BaSO4
С) S→SO2→SO3→H2SO4→CuSO4
5. Есептер шығару.

  1. Массасы 62 г 5 %-тік мыс(ІІ) сульфатының ерітіндісіне 31,2 г 20%-тік барий хлориді құйылып,ерітінді сүзілді.Түзілген тұнбаны есептеңдер.

  2. 13 г мырыш пен 24,5 г күкірт қышқылы әрекеттескенде түзілетін сутектің (қ.ж) көлемін есептеңдер.

  3. Массалық үлесі 27,93 %фосфордан,72,07 % күкірттен тұратын қосылыстың қарапайым формуласын табыңдар.



«Ой қозғау»

Бірінші бөлігі көп емес,
Екінші бөлігі тілсіз жау.
Қосып оқы элементті,
Тыныс алуға қиындау.
Бұл қай элемент?
Жауабы: Азот



Жаңа сабақ

Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс.
Оқушылар берілген мәтінді өз беттерінше оқиды.
Азоттың атом құрылысы
Азоттың ең сыртқы энергетикалық деңгейшесінде бес электрон бар. Азот атомында электрондардың орналасуы:
N +7 2е) 5е) электрондық формуласы:1s22s22p3
Графиктік формуласы: 1s 2s 2p
Азот атомы жетпей тұрған үш электронды қосып алып,-3 тотығу дәрежесін көрсетеді. Ең жоғары тотығу дәрежесі+5
Бос күйінде азот екі атомнан тұратын жай зат түзеді, оның молекуласының құрылымы:
N N немесе N≡N
Азот молекуласы 3р электронның қаптасуы арқылы түзіледі; сонымен қатар бір δ ,екі пи байланыс пайда болады,яғни азот ковалентті полюссіз байланыс түзеді. Сондықтан азот молекуласы өте берік. Кәдімгі жағдайда азоттың белсенділігі төмен. Азотты ең алғаш ағылшын химигі Д Резерфорд сипаттаған.1772 жыл азоттың ресми ашылған жылы болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет