Сабақ тақырыбы: Дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустары арасындағы байланыс



бет2/5
Дата03.05.2023
өлшемі208,38 Kb.
#89299
түріСабақ
1   2   3   4   5
Жетістік критерийлері

дұрыс көпбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусы және сырттай сызылған шеңбер радиусы арасындағы
байланысты қорытып шығарады, қолданады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін түсінеді. Сөйлем құрап айта алады.
Көпбұрыш, көпбұрышқа іштей сызылған шеңбер, көпбұрышқа сырттай сызылған шеңбер, шеңбердің радиусы, бұрыш.
Көпбұрыш - polygon
Радиус- radius
Шеңбер - circle
Биіктік - height
Тікбұрышты үшбұрыш–right triangle
Бұрыш - angle
Градус–degree

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар сыныптастарымен бірлесіп жауап беру, ұқыптылыққа, тәрбиелілікке, алған білімдерін тиянақтай білу, жеке, өз бетімен тест тапсырмаларына жауап бере алу.

Пәнаралық байланыстар

Информатика, сызу, геометрия

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта. Тақырыпқа арналған презентация. Оқушыларға жұмыстануға жеке қағаздар. Рефлексияға арналған бағдаршам мен қызыл, жасыл, сары түсті дөңгелек қағаздар.

Бастапқы білім

көпбұрыштың ауданы ұғымы мен оның қасиеттерін біледі;төртбұрыштар аудандарының формулаларын қорытып шығарады және оларды қолданады;
үшбұрыш ауданының формуласын (табаны мен оған түсірілген биіктігінің жарты көбейтіндісі) формуласын қорытып шығарады және оны қолданады;
Барлық үшбұрыш түрлерінің аудандарын біледі. Шеңберлердің аудандарын біледі.
Дұрыс көпбұрыштың қасиеттерін біледі, қолдана алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет