Сабақ тақырыбы Жаяу жүргіншілер Оқу мақсаты


Бейнежазба мазмұны бойынша тапсырмалар орындайық!



бет2/3
Дата14.12.2022
өлшемі171,38 Kb.
#57365
түріСабақ
1   2   3
Бейнежазба мазмұны бойынша тапсырмалар орындайық!
1-тапсырма
Берілген нұсқаулық мәтінінің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратыңыз.
Дескриптор
-мәтіннің түрін ажыратады;
-мәтіннің құрылымын, ресімделуін түсіндіру
арқылы жанрлық ерекшелігін түсіндіреді
Жаяужүргіншіге жеті кеңес
• Жаяу жүргінші жол бойындағы жолақты «Зебра»
жолағымен ғана жолдан өту керек.
• Жолдан өтерде жүргізушінің тоқтағанына көзіңді жеткіз,
жүгіріп өте шығам деме.
• Жолға жақындағанда жан-жағыңа қара: бірінші ̶ солға,
орта жолға келгенде оңға ̶ көз сал.
• Жолдың жиегімен емес, тротуармен жүр.
• Жолдың бойында немесе тротуарда ойнауға болмайды.
• Ата-анаң қасыңда болмаса, басқа жаяу жүргіншілермен
бірге өт.
• Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өту керек.
Қызыл түс жанып тұрғанда жолдан өтуге болмайды.
Тіпті машина көрінбесе де, жасыл түстің жанғанын тос.
Бейнежазбадағы берілген нұсқаулықтарға назар аударайық. Бұл жай ғана нұсқаулық емес, құрылымы мен ресімделуінде ерекшелігі байқалатынын көріп отырсыздар. Нұсқаулық мәтінінің жанрлық ерекшеліктері әлденені орындау, жүзеге асыруды көздейді. Сонымен қатар жоғары басшылықтың бұйрығы немесе заңнамалық күші бар, қолданылу тәртібі мен түсіндіру мақсаты көзделген құқықтық акт болып табылады.
Осы нұсқаулықтағы сын есімдерге назар аударайық. Қандай деген сұрақтарға жауап беріп тұрған, жаяу, жасыл, қызыл деген сапалық сын есімдер және жолақты деген қатыстық сын есім бар. Және «Зебра» жолағымен дегендегі «зерба» сөзі сын есім болғанымен бұл жерде немен деген сұраққа жауап беріп, заттанған сын есімді білдіреді. Келесі кезекте Сіздерге заттанған сын есімнің жасалуын түсіндіріп өтейік.
Талдау жұмысын бастамас бұрын, грамматикалық норма, тілдік бағдарға назар салайық.
Сын есімге көптік, септік, тәуелдік жалғаулары жалғанса, сын есім зат есімнің орнына жүреді. Сын есімнің зат есімнің орнына жұмсалуы сын есімнің заттануы деп аталады. Мысалы: Ақылды(кім?) байқап сөйлер, ақымақ(кім?) шайқап сөйлер. Еріншектің(кімнің?) ертеңі бітпес.
Сын есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларын жалғап жалғап заттанады. Мысалы: Білімдіден(кімнен?) шыққан сөз талаптыға(кімге?) болсын кез. Жасы кіші болса да, ақылдыны(кімді?) аға тұт. Жақсыда(кімде?) жаттық жоқ

6-слайд
Видео
Жаяу жүргінші
7-слайд
8-слайд
Сапалық қатыстық сын есім
9-слайд
Сын есімнің заттануы




Келесі тапсырмада берілген тірек сөздерден «Жаяу жүргіншінің әліппесі» деген тақырыпта толықтыру диктантын жазып көрейік. Ол үшін «Сөздік қор» сандықшасынан қажетті сөздерді қолданыңыз.
Дескриптор
- берілген сөздерді қатыстырып, мәтінді толықтырады;
- реттілігін сақтайды;
- сауатты жазу дағдыларын ескереді.
Жаяу жүргінші деп тротуармен келе жатқан адамды атайды. Бірақ тротуармен жүріп келе жатсақ та, сақтық шараларын ескеріп отыру қажет. Мысалы, жолдың арғы бетіндегі тротуарға өту үшін бағдаршамның қызметіне жүгінуге тура келеді. Себебі бағдаршам - жол белгілерін реттеуші құрал. Сондықтан да жаяу жүргінші де жол ережелерін жан-жақты білу шарт.

10-слайд
11-слайд
жауабы








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет