Сабақ тақырыбы. Кіріспе. Омыртқасыздар зоологиясы жеке ғылым ретінде. Сабақ жоспары


Личинкахордалылыар немесе қабықшалылар тип тармағы



бет18/56
Дата17.04.2023
өлшемі177,48 Kb.
#83523
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56
Личинкахордалылыар немесе қабықшалылар тип тармағы

Личинка хордалыларға — асцидиялар (аsсіdiае), сальпылар (sаlрае) және аппедикуляриялар (аррепdicиlагіае) жатады. Олар теңіздерде тіршілік етеді. Бұлардың барлығының да денесі — туника деп аталатын қабықтың ішінде болады. Туника — біріншіден тері эпителиясының туындысы; екіншіден туниканың ішкі қалың қабатына келіп орналасқаң жас клеткалардың есебінен де ол қалыңдап дамиды. Туниканың химиялық құрамы өсімдіктердің клетчаткаларына ұқсайды. Өсімдік клетчаткасы жануарлар дүниесінде тек осы организмдерде кездеседі. Хорда личинкалық дәуірінде болады, ал аппедикулярйяда ол өмір бойы сақталады. Ересек личинка хордалылардың нервтері қуыс емес. Сезім органдары жетілмеген, кан айналу системасы ашық. Жынысты, жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы орындалады.


Олардың бірнешеуі бірігіп, колония құрып немесе жеке жүріп тіршілік етеді. Қейбір турлері су түбіндегі заттарға бекініп отырып, ал кейбір формалары қозғалып жүріп тіршілік етеді.
Личинка хордалыларды көп уақытқа дейін омыртқасыздарға, оның ішінде моллюскаларға, немесе мшанкаларға жатқызып келді. Тек қана 1866 жылы А. О. Ковалевский бұлардың эмбриональдық дамуын зерттеп, хордалыларға жататынын дәлелдеді. Асцидияның эмбриональдық дамуы ланцетниктердің эмбриональдық дамуына ұқсас. Заттарға бекініп отырьш тіршілік ететін асцидиялар, өз бетінше еркін қозғалып жүретін хордалылардан шыққандығы анықталды. Асцидиялар отырып тіршілік етуге бейімделген. Соның салдарынан көпшілік органдары дамымай қалған. Ересек формаларында хордалары жойылып кетеді.

3.Бұл тип тармағына бас хордалылар (серһаlосһогdаtа) деп аталатын бір ғана класс жатады. Бұлардың хордалары нерв түтігінен ұзынырақ алға шығып тұратын болғандықтан — бас хордалылар деп аталған. Бұл класқа жататындардың негізгі белгілері мыналар: хордалары бас миынан да алға шығып, созылып жатады, желбезектерінің айналасында (атриальдық) қуысы болады. Басы денесінен айқын бөлінбеген. Сезім мүшелері нашар дамыған. Бас миы деп нерв түтігінің алғашқы бөлімін атқарғанмен де, оны қаптап тұратын бас сүйегі болмайды. Хорда және оның қабы скелет қызметін атқарады. Аяқ-колдары жоқ, ал нефридиясы және жыныс системалары сегментті болады.


ЛАНЦЕТНИК БАС СҮЙЕКСІЗДЕРДІҢ ӨКІЛІ (ВRАNСНІ0SТОМА LАМСBОLАТUМ)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет