Сабақ Тақырыбы: Сынып жетекшісінің тәрбие үдерісін диагностикалау және жоспарлау іс-әрекеті



бет7/10
Дата21.03.2022
өлшемі66,06 Kb.
#28514
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін ағарту жұмысының негізгі формалары

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені ешуакытта күмән туғыз-байды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рол атқарушы отбасы. Оның өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрлісінің табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл аткарады. Сынын жетекшінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. Педагогика практика - оқушылар ата-аналарымен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының 5 түрлі қызметі анықталған.

Олар

1-қызметі. Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстырады. Алғашқы ата-аналар жиналысында сынып жетекшісінің өзі ата-аналармен танысады және оларды өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады, өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен таныстырады, өзекті мәселелерді бірігіп талқылайды.



Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне төмендегідей әрекеттер арқылы тартады:

- балалар мен олардың ата-аналарының шығармашылығының күші;

- ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар;

- мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейту және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету;

- шефтік көмек,

- ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы;

2–қызметі. Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;

- ата-аналар университеттері;

- қызығушылықтары негізінде ата-аналар лекториплері: дарынды балалар, қиын балалар педагогикалық кәсіпті тандаған балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалардың ата-аналары үшін деп бөліп өткізуге болады:

Сыныптық ағарту жұмыстары тәрбие міндеттеріне байланысты, оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеу бойынша; Оны түрлі формада мәселелік конференциялар, жеке және топтық кеңестер беру түрінде өткізуге болады.








  • Тренингтер; 




  • Ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу көрмесін ұйымдастыру және оқырмандар конференциясын өткізу. 

3-кызметі. Ата-аналарды балалармен бірлескен әрекетке тарту. 


Оның формалары:

  • сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу жорық, керуен, саяхат, өндеу жұмыстары, сенбіліктер турнирлер);

  • жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастуруға ата-аналарды қатыстыру түлектер кештері, туристердің мектептік елеті, мектеп бітіру кештері, ардагерлермен кездесу және т.б); 

  • республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындатуды ата-аналармен бірге жүргізу; 

  • оқырмандар конференциясы; 

  • отбасылық ойын байқаулары.

4-қызметі. Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жмыстарын жүргізу. Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу боыйнша психологиялық- педагогикалық кеңестер мен көмектер беру.

Сынып жетекшінің отбасын арнайы бүгінгі күнге дейін ата-аналармен жұмыстың жағымды формаларының бірі болып келсе, қазіргі кезде кейбір педагог ғалымдардың пікірінше, бұл талас екі жақты мәселе. Өйткені, жұмыстың осы формасы туралы бұл отбасының жеке өміріне қол сұғу болмай ма деген пікірлер кездеседі. Сондықтан жұмыстың бұл формасын сынып жетекшісі нақты жағдайға, сол отбасының ерекшелігін жақсылап біліп, ойланып барып жасағаны жөн. Немесе келесі шарттарды сақтағаны жөн:


  • отбасына ескертпей келмеу; 

  • отбасында 5-10 минуттан артық болмау; 

  • отбасына келгенде әңгімені табалдырықта тұрып немесе сырт киіммен тұрып бастамау егер ата-аналар қобалжып өздері айтпаса, әдеппеп ғана өзіңіз ұсыныңыз.

  • әнгімені әкімшілік-әміршілдік сыңаймен жүргізуге болмайды;

  • ата-ананы үйретпеңіз тек кеңес беріңіз.

  • негізінде әңгімені баланың көзінше оған да, анаға, өзіңізге де қолайсыз болмайтындай стилді таңдап алып жүргізгеніңіз дұрыс болмақ.

  • сонымен қатар ата-аналарға тәрбие мәселесін талқылауға шақырған қағазбен бірге, сол мәселеге қатысты жаднама жазып жіберу тиімді болмақ.

Сынып жетекшісі отбасы — салыстырмалы түрде тәрбиенің туйық институты, ал ата-аналардың тәрбиелік қүш-қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеруі тиіс. Сондықтан ата-аналармен жұмыста да түрлі амалдар мен формаларды саралап қолдану керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет