Сабаққа шолу Сабақтың тақырыбы: pisa оқу сауаттылығы дегеніміз не? (Шолу)



бет32/90
Дата13.03.2022
өлшемі221,45 Kb.
#27764
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   90
Күтілетін нәтижелер

(PISA бағдарламасына сәйкес)

Оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары

  • Мәтіндегі қарама-қайшы ақпараттарды табу;

  • Мәтін тезисі мен автордың қорытынды шешімдерін тауып, тезис деректерін дәлелдеу

8.2.4.1 тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау;

8.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау;

9.2.4.1 әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

9.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау

Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы оқулық мазмұнында жоғарыда берілген оқу мақсаттарына жету үшін ұсынылған тапсырмаларды назарларыңызға ұсынайық.

«Түрлі дереккөздерден Енисей, Талас, Орхон ескерткіштері туралы зерттеу жұмысын жүргізіңдер» деген тапсырманы 8.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасауды оқу мақсатына жетуде пайдалануға болады, ол PISA күтілетін нәтижесінде «Мәтін тезисі мен автордың қорытынды шешімдерін тауып, тезис деректерін дәлелдеуге» негіз болады (5-тапсырма, 20-бет).

«Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Құрылымы мен рәсімделуі арқылы екі мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін анықтаңыз» деген тапсырманы алатын болсақ, 8.2.4.1 тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау оқу мақсатына сәйкес келеді. «Мәтіндегі қарама-қайшы ақпараттарды табу» нәтижесін қалыптастыруға септігі тиеді (1-тапсырма, 21-бет).

«Кестеде берілген ақпаратты мәтіннің кіріспе бөлімі ретінде алып, мәтінмен байланыстырып оқыңыз. Мәтіннің стилін анықтаңыз» деген тапсырма арқылы оқушылар аралас мәтін типімен жұмыс істей отырып, әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау мақсатына қол жеткізеді. Мәтін тезисі мен автордың қорытынды шешімдерін тауып, тезис деректерін дәлелдеу нәтижесіне мүмкіндік жасайды (1-тапсырма, 25-бет).

«Мәтінді оқып, билерге тән қасиеттерді «Кластер» әдісімен талдаңыз. Мәтіннің тақырыбын, түрін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), жанрын анықтаңыз» деген тапсырмаға зер салсақ, 8.2.4.1 тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау мақсатын жүзеге асыру жолын аңғарамыз, оны мәтін тезисі мен автордың қорытынды шешімдерін тауып, тезис деректерін дәлелдеу нәтижесімен байланыстыруға болады.

«Өлеңді оқып, автордың қазақ халқына берген сипаттамасын диаграммаға салыңыз. 1-тапсырманы орындау барысында өзіңіз дайындаған сипаттамамен салыстырыңыз. Сәйкес тұстары бар ма? Авторын анықтаңыз» деген тапсырма 9-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығында ұсынылған екен. 8-сыныпқа қарағанда тапсырма күрделенді. Оқу мақсатына келетін болсақ, 9.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау мақсатына келеді. Мәтін тезисі мен автордың қорытынды шешімдерін тауып, тезис деректерін дәлелдеу нәтижесімен байланысын аңғарамыз (10-тапсырма, 14-бет).

«Мәтіннің мақсатын, стилін анықтаңыз» деген тапсырма мақсаты 9.2.4.1 әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау оқу мақсатына жетудегі алғашқы қадам болады (3-тапсырма, 23-бет).

«Мәтіндегі жаһандануға қатысты бейтаныс термин сөздердің мағынасын жазыңыз. Мәтіннің стилін анықтаңыз. Ол үшін тілдік құралдарға сүйеніп, өз ойыңызды дәлелдеңіз» деген тапсырма да осы оқу мақсатына жетуге ықпал етеді. Бұл жұмыстар «мәтін тезисі мен автордың қорытынды шешімдерін тауып, тезис деректерін дәлелдеу» нәтижесіне жетуге мүмкіндік береді (5-тапсырма, 32-бет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет