Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу.
Ой сергіту жаттығуы. «Сиқырлы жұмыртқа» ойыны.
Әр оқушы жұмыртқа бейнесінде берілген формаларға
жаңа зат пайда болатындай етіп, аяқтап сурет салады.
Үй тапсырмасын пысықтау «Сұхбат алу»
Ортаға үш оқушы шақырылады. Екі оқушы бір-бірімен тақырып бойынша сұхбат құрады. Үшінші оқушы түсінгенін әңгімелейді. Оқу мақсатымен таныстыру. Ауызша мадақтау, ынталандыру.
«Миға шабуыл»
Компьютер сатып алатын әрбір адам қандай мәселелерге назар аударуы керек?
Компьютерді қай жерден және қалай сатып алу керек деп ойлайсың?
Қажеттілік пен мүмкіндікке қарай компьютер және программа конфигурацияларын қалай тиімді таңдауға болады?
Бұл үшін нені білу керек?
Оқулықпен жұмыс: -жеке оқып, топта талқылайды
Мұғалімнің түсіндірмесі
-Әдістемелікті жаңа ақпаратпен, тізімдердің қызметі мен түрлері қызметін интербелсенді тақтада түсіндіреді.
Кестемен жұмыс. Оқушылар бір-бірінен кеңес сұрайды.
Компьютер сатып алу үшін кестедегі мәліметтерді толықтыру керек. Топтық жұмыс
Компьютерді қолданылуына қарай жіктеңдер (үй, ойын және т.б). Әр компьютердің қолданылуына қарай олардың ішкі құрылғыларына қажетті сипаттамаларды жеке қағазға түсіріңдер. Мысалы, ойын компьютерінде қандай сипаттамалар болуы керек?
Дескриптор Компьютерді қолданылуына қарай сипаттайды.
Компьютермен жұмыс: Интернет қызметін және компьютер жайлы әдебиеттерді пайдаланып Excel кестелік процессорында «Компьютер бағасын есептеушіні» модельдеңдер. Мысалы (1-сурет). Компьютер құрылғыларының атауы, саны мен есептеуге
арналған формулаларды құрыңдар. Қазақстанға компьютер бөлшектері шет елдерден әкелінетіндіктен АҚШ долларының Ұлттық валюта бағамының өзгеруіне байланысты компьютерлер арзандап немесе қымбаттауы мүмкін. (2-сурет)
Дескриптор Компьютердің бағасын есептеуді компьютерде орындайды.
Оқушылардың жұмыстарын «Сағат» әдісі бойынша бағалау. Сағат шкаласына оқушылардың аттары стикерге жазылып жапсырылады.
1.Компьютердің бағасы неге тәуелді деп ойлайсың?
2. Компьютердің бағасын онлайн есептудің қандай тиімді жақтары бар?
3. Ойын компьютерлерін сатып алуда қандай құрылғыларының сипаттамасы жоғары болуы керек?
4. Дизайнер компьютерін таңдау үшін қай құрылғылардың сипаттамалары жоғары болуы керек?
5. Ақпараттың өзектілігіне қандай мысалдар келтіруге болады?
«Тазалық» әдісі. Оқушылар сабақта жақсы түсінген мәліметтерді чемоданға, ойланатын мәліметтерді еттартқышқа, қажетсіз ақпараттарды қоқыс шелегіне салады.
Рефлексия Берілген тақырыптар бойынша жоба жасау:
Программалық жабдықтар;
Қалай өзіме ең жақсы, ең арзан компьютер сатып аламын?