Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар


(Ұ) Әріпті өрнектер құрастыр және оларды салыстыр



бет28/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   137
(Ұ) Әріпті өрнектер құрастыр және оларды салыстыр.
Оқушыларға суреттер бойынша әріпті өрнектер құрып, оларды салыстырып және шыққан теңсіздіктерді ламинатталған қағаз парақтарына жазады. Бірінші теңсіздік екі қарындаштың ұзындығын салыстырудан шығады. “
- Қарындаштардың ұзындығы белгілі ме?
- Қарындаштардың ұзындығы бойынша өрнектер құрып, олардың ұзындығын салыстыра аламыз. Мысалы, бірінші қарындаштың ұзындығы х + 4-ке тең, ал екіншісі: х + 5. Салыстырып жазғанда x + 4 < x + 5 теңсіздігі шығады, бұл бірінші қарындаштың ұзындығы екінші қарындашқа қарағанда қысқа екенін көрсетеді.
Осындай жұмысты масса және көлемге байланысты жүргізу.
Жауабы: а) x + 4 < x + 5; ә) x + 3 > x + 1; б) x + 3 < x + 7.
Шелекке қанша литр су сыюы мүмкін? Дәптердегі иллюстрацияда бірдей аквариумдарға су құйылғаны көрсетілген: бірінші аквариумдағы су екіншідегіден артық. Оқушылар қажетті есептеулер жасай отырып, 3-тен артық сандар жазылған парақшаларды анықтайды және 4 л, 5 л, 6 л, 7 л сандарын шелектердің суреттерімен қосып сызады.
Жауабы: 4 л, 5 л, 6 л, 7 л.
Сабақты пысықтау үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қою:
— Қайсысы ауыр: бір қап картоп па, әлде үш картоп па немесе бір қап картоп па, әлде бес картоп па?
— Бір шелекке бір құмыра су және бес тостаған су құйылды, ал екіншісіне бір құмыра су мен жеті тостаған су құйылды. Қай шелектегі су артық?
— Бір таспаның ұзындығы қарындаштың ұзындығынан 10 см-ге артық, ал екіншісі қарындаштың ұзындығынан 11 см-ге артық. Қай таспа ұзын?
— а + 7 немесе а + 17 әріпті өрнектерінің қайсысы артық? Неге?
— Азайтуға берілген әріпті өрнектерде бұл заңдылық сақтала ма? Неге?
Рефлексия.
Түсіндім – үлкен қызыл алма;
Кішкене түсінбей қалдым – орташа сары алма;
Түсінбедім – кішкене жасыл алма.

әріптері бірдей әріпті өрнектері бар парақшалар


Оқулық

Жұмыс дәптері

Боялмаған алмалар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет