Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар


Еске сақтау диктанты (ауызша)



бет61/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   137
Еске сақтау диктанты (ауызша)
Чек, чемпион, чемодан, Мичурин.
Осы сөздерді балалар шатыспай айтып беру керек.
- Ч ч дыбысы қандай дыбыс деп ойлайсың?
- Ч ч дыбысы буын бола ала ма?
Осы тапсырмалар орындалған соң гүлщоғы балаларға қалады.
Тапсырманы орындаған балалар жұлдызшамен бағаланады.
Ч ч әрпін ауаға, тақтаға жазып көрсету, екі элементтен тұратынын, айтылу артикуляциясын түсіндіру.
(МК; Ж; Қ) Оқулықта берілген сөздерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастыру. Кестедегі сөздерді оқытуды жүзеге асыру. Сөздерді хормен, тізбектей, жеке оқытып, сөздік, буындық-дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізу.
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш, бір, екі, үш –
Біз чемпион боламыз.
Торғай да біз боламыз –
Чирик — чирик – чирик — чирик — чирик – чирик,
Оқушы боп орнымызды табамыз.
(МК; Ө; Қ) Оқулықтағы ертегіні рөлге бөліп, мәнерлеп оқытып, мазмұнына талдау жасату. Оқулықтағы қосымша сұрақтарға жауап алу. Оқушылардың өз ойын көркемсөз тіркестерін қолданып жеткізулеріне ықпал ету.
(МК; Ө; Ж; Қ) Қосымша тапсырма. Оқушылардың атақты спорт чемпиондары туралы ақпараттарды дереккөздер арқылы табуына мүмкіндік жасау. Оларды оқытып, талдау жасату. Дереккөздерден тапқан материалдарының қажетті жерлерін дәптерлеріне көшірту.
Мен білетін чемпиондар – Б.Артаев, Б.Сарсекбаев, И.Ильин, С.Сәпиев, т.б.
Жұппен жұмыс жасатып, қатені табу және түзету жұмыстарын ұйымдастыру.
(Т) Еңбек орталығы: Алдарында берілген “чупа-чупс” кәмпитінің бейнесінде ермексаздан Ч ч әрпін жапсырмалап, мүсіндеу керек.
Оқу орталығы: Дәптерінде берілген сөздердің мағыналарын түсіндіре отырып, балаларға хормен және жеке буындатып оқыту, “чек” сөзіне дыбыстық талдау жасату (қызыл-көк текшелермен)
Жазу орталығы: Дәптерге Ч ч дыбысының бас және кіші әрпін қарындашпен жазғызу.
Сергіту сәті: үнтаспадан музыка ойналады, балалар орталық орындарын ауыстырады.
Осылайша балалар орталық орындарын үш мәрте ауыстырады. Әр орталықта белсенділік көрсеткен балалар жұлдызшалармен бағаланып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет