Сабақтың мақсаты Лексикалық тақырып бойынша кіріспе және бекіту


-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар



бет33/38
Дата15.11.2022
өлшемі133,32 Kb.
#50170
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар


Іскерлік қарым-қатынас туралы ұғым
Іскерлік кездесу де өзіне тән этикет, іс әрекет ұстанымы бар. Іскерліктің маңызды принциптеріне сенім жатады. Сенім адамдардың қарым қатыныстардың мүмкін екенін білдіру факторы. Сенім жоғалтқан жағдайда үміт үзіледі, үміт үзілсе бәрі бітеді. Үміт өте маңызды нәрсе. Қандай да бір қарым қатынас адамның көңілінен басталады. Ашық, жарқын көңіл күйде болу керек, айналаға нұрын себу керек. Ұрыс керіс, айқай, шу шығару қажет емес. Кері эмоциялар да қажет емес. Қандай жағдай болса да сабыр сақтап кездесулерде бәріне жағымды атмосфера орнату керек.
Маңызды әдеп ол- амандасу. Адамдардың бір-біріне деген ықыласын, мейрімін көрсету белгісі. Жақсы, сыпайы сөйлесу әдептіліктің маңызды шарты. Еркін және сенімді сөйлеу, елдердің тілдерін білу іскер адамға пайдалы және маңызды. Кездесулерде тыңдай білу үлкен өнегелік. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдаға жарайтын нәрсенің бәрін білгені жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқығын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс.
Басшы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі бір жағдайда (ал жаратушы алдында бәріміз теңбіз ғой) тең еместігінен туындайды. «Ұлық болсаң, кішік бол!» деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу — үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентінді) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі. Бағынушыға ұжымдағы өз мәртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойылған сәтте басқарушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтінші айтса жөн. Бұл—оның көрегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандығы болар еді. Басшының өз қарамағындағыларға көңіл аудара білуі де, яғни жұмыстағы жетістіктеріне, өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де ұжымдағы жағымды, үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға көп әсерін тигізеді. Нақты іскерлік кездесулерде клиетпен сенімді байланыс орнату, егер клиент сенімді болса онда іс жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет