Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру



бет20/21
Дата27.09.2023
өлшемі249,59 Kb.
#110992
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
1тапсырма Канцерогенездің кестесін толтырыңыз. «Мылқау» кестені
толтырыңыз.
Инициация





Промоция





Прогрессия




2. тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу.
1 есеп. 1,5 жыл бұрын АЭС апатын қалпына келтіруге қатысқан 40 жастағы науқас В. дәрігерге айқын әлсіздікке, бас айналу, ұдайы аздаған қақырықпен «құрғақ» жөтелге шағымданып келді. 20 жыл бойы шеккен шылымын соңғы екі жылда тоқтатқан. Соңғы алты ай бойы бірнеше жұқпалы аурулармен, оның ішінде ринит, бронхит және пневмониямен ауырған. Бронхоскопия жасағанда басты оң бронхында өспе анықталды. Өспе тінін гистологиялық зерттегенде онда қатерлі өспе жасушалары анықталды.

  1. Қандай жайт бронх өспесі дамуының мүмкіндік себебі болуы мүмкін?

  2. Канцероген әсеріне қандай жайт тиімділігін көрсетті? Олардың әсер ету тетіктері қандай?

3. Науқаста өспеге қарсы төзімділіктің қай механизмдері әсерленуі тиіс еді: - канцероген әсер еткенде? – бронх эпителий жасушасының гендік бағдарламасының «өспелік трансформациясы» үрдісінде? - өспе жасушалары пайда болғанда? Аталған науқаста олар неге жеткіліксіз болды? «Патофизиология» оқулығын қараңыз 525 бет

ӘДЕБИЕТТЕР:


Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 357-385

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.780-837

  3. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 290 - 314.

  4. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 117-130.

  5. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.:«Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 229 - 243

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 238-254

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 586-623.

  3. Рыспекова Н.Н. Патофизиология опухолевого роста (методическое пособие для студентов). Алматы, 2002.-58с.

  4. Долгих В.Т. Опухолевый рост.- М.: Медицинская книга. –2001. -81с

10 тақырып. ӨСПЕЛЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Сабақтың мақсаты:

  • Өспе атипиялары туралы білімін қалыптастыру

  • Есептерді шешкенде теориялық білімін қолдану

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдысын қалыптастыру

  • Тақырыпты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдану

Оқыту міндеттері:

  • Эрлих карциномасының шемендік түрінің жасушалардың морфологиялық атипиясын микроскопта анықтауды үйрену

  • Ситуациялық есептерді шешуде теориялық білімін қолдануды үйрету



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Өспелердің биологиялық ерекшеліктері, атипиялар, түрлері

  2. Қатерлі және қатерсіз өспелерге ортақ биологиялық ерекшеліктер (шексіз өсуі, бақылаусыз көбеюі, зат алмасу атипиясы, морфологиялық атипия, антигендік атипия)

  3. Тек қатерлі өспелерге тән биологиялық ерекшеліктер (инфилтрациялық өсу, метастаздану, өспелік кахексия)



Оқыту әдістері: оқытушының бақылауымен және қатысуымен студенттер арасында сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс өткізу және сөйлесу, , ситуациялық есептерді шешу, тәжірибе жасау, бейнекөрініс көру.
Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау, ситуациялық есептер және тәжірибе бойынша қорытындыны тексеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет