Сабақтың мақсаттары



бет5/6
Дата18.05.2023
өлшемі128,09 Kb.
#94524
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Анализ және синтез (грек. analysis - ыдырау және synthesis бірігу) — жалпы мәнінде алғанда бүтіннің құрамдас бөліктерге ыдырауы және бөлшектердің бүтінге ұдайы бірігу процестері. Анализ және синтез таным процесінде маңызды рөл атқарады және оның барлық сатыларында жүзеге асырылады. Ойлау операцияларында анализ және синтез абстрактілік ұғымдардың көмегімен жүзеге асырылатын және бірқатар ойлау операцияларымен: абстракциямен қорытындылаумен және т.б. тығыз байланысты ойлаудың логикалық тәсілдері ретінде көрінеді. Логикалық анализ дегеніміз зерттелетін объектіні ойша құрамдас бөліктерге бөлшектеу жөне ол жаңа білімдерді алу әдісі болып табылады. Дамушы процеске анализ жасау ондағы әртүрлі кезеңдер мен қарама-қайшы тенденцияларды және т.б. бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Аналитикалық қызмет процесінде ой күрделіліктен қарапайымға, кездейсоқтықтан кажетгілікке, алуан түрліліктен ұқсастыққа және бірлікке карай қозғалады. Анализдің мақсаты — күрделі бүтіннің элементтері түріндегі бөлшектерді тану
Дедукция (лат. deductio — бөліп шығару) - сенімді сипатқа ие логика заңдары негізінде бір немесе бірнеше басқа тұжырымдамалардан (шарттар) бір тұжырымды (салдар) дәлелдеп, шығару.
Дедукция — білімнің көбіне жалпыдан жекеге қарай көшуі, салдардың алғышарттардан шығарылуы; ғылыми танымда дедукция индукциямен ажырағысыз байланысты.
Аналогия (гр. analogіaсәйкестік, ұқсастық) – әр түрлі объектілердегі кейбір қасиеттердің ұқсастығы.



  1. Өз бетімен жұмыс

  1. Тапсырма

1. Психологияның негізгі әдістері:
A) бақылау және эксперимент
B) тесттер және сұхбат
C) бақылау және әңгіме
D) әңгіме және сауалнама
E) тест
2.Психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі анықталған деректерді тіркеу мен шектеулердің таным әдісі қалай аталады?
A) эксперимент
B) бақылау
C) тұрақтаушы эксперимент
D) квазиэксперимент
E) қалыптасушы эксперимент
3. Бақылаудың бір түрі ретінде жасырын бақылаудың ерекшелігі
A) бақылаушы позициясы
B) тұрақтылығы
C) бірізділігі
D) бақылаушы белсенділігі
E) реттілігі
4. Зерттеу нәтижелерінің неғұрлым жоғары дәлдігін қай зерттеу қамтамасыз етеді?
A) эксперименттік әдіс
B) лонгитюдті әдіс
C) контент-талдау
D) бақылау
E) іс-әрекет нәтижесін талдау әдісі
5. Психикалық дамуды зерттейтін биогенетикалық бағытқа сәйкес келетін эксперимент
A) табиғи эксперимент
B) лабораториялық эксперимент
C) квазиэксперимент
D) қалыптастырушы
E) тұрақтаушы
6. Қалыптастырушы эксперимент синонимі
A) квазиэкспримент
B) бақылаушы эксперимент
C) табиғи эксперимент
D) проективті эксперимент
E) генетикалық моделдік эксперимент
7. Психодиагностикада жаңа тесттердін бірі саналады:
A) компьютерлік тесттер
B) психожастық тесттер
C) қабілеттілік тесттер
D) жетістік тесттер
E) тұлғалық тесттер
8. Адамдар тобын ұзақ уақыт қайталай зерттеу әдісі:
A) лонгитюд
B) бақылау
C) сұхбат
D) салыстыру
E) анкеталау
9. Психология ғылымы ... зерттейді. Ойды аяқтаңыз:
A) психикалық процестердің мәні мен заңдылықтарын
B) адамның мінез-қылқын
C) сезім ерекшеліктерін
D) сана ерекшеліктері
E) адамның қоршаған шындыққа қатынасын
10. Мақсатқа бағытталған бағдарлама және жоспармен жүйелі жүргізілетін зерттеу түрі:
A) эксперимент
B) әңгіме
C) бақылау
D) тест
E) социометрия
11. Табиғи экспериментті алғаш психология ғылымына енгізген:
A) А.Ф.Лазурский
B) П.Ф.Лесгафт
C) Б.М.Теплов
D) И.Кант
E) В.Д.Небылицын
12. Психологияны дербес ғылыми пән ретінде қабылдау ... байланысты болды:
A)арнайы ғылыми эксперименталды зерттеу орталықтарының ашылуымен
B) интроспекция әдісінің дамуымен
C) бақылау әдісінің дамуымен
D) Аристотельдің «жан туралы» трактатының шығуымен
E) тесттердің шығуымен
13. Психологияда тұңғыш эксперименталды лаборатория қай жылы ашылды:
A) 1879 ж.
B) 1890 ж.
C) 1910 ж.
D) 1880 ж.
E) 1950 ж.
14. Әлемде алғашқы эксперименталды психологиялық лабораторияның негізін салған:
A) В.Вундт
B) Ф.Гальтон
C) В.Штерн
D) С.Фишер
E) А.Бине
15. Ұжымда немесе топта өзара қарым-қатынасты зерттеуге мүмкіндік беретін психологияның әдісі:
A) социометрия
B) тест
C) әңгімелесу
D) сұхбат
E) анкеталау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет